Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ


Сөз тіркесін дамыту оқыту технологиясында оқушыларды



бет23/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Сөз тіркесін дамыту оқыту технологиясында оқушыларды
шешендікке баулу әдістері
Шешендікке баулу туралы қазақ тілін оқыту әдістемесінде қарастырылып келеді. Бірақ, олар жоғары мектепке арналғандықтан, мектеп оқушылары үшін арнайы қарастырылған жұмыстар енді көріне бастады. 1993 жылдан бері мектептер мен студенттерге « Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсы бойынша оқылған «Оқушыларды шешен сөйлеуге баулу әдістемесі» 8 жыл бойы автордың өзіндік бағдарламасы Республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатта 1996-2001 жылдары тәжірибеде қолданылып, Алматы қаласы мен Ақтөбе облысының көптеген мектептерінде де тәжірибеде қолданылды. Соның нәтижесінде, 8-11 кластарға арналған авторлық бағдарлама, шешендік өнерді меңгертуші мұғалімдерге әдістемелік нұсқау жасалып (100), оқушыларға арналған оқу құралы жазылу үстінде.
Шешендік текстер – құрамындағы әрбір сөзі арқылы тыңдаушысына не оқырманына ерекше әсер етуге арналған текстің түрі болып келеді. Сөйлеу жағдайының ( речевая ситуация) белгілі бір шешімін жүзеге асыра отырып, әрбір тіл бірлігі (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) өзара ерекше үйлесім табады. Абайдың «Сылдырап өңкей келісім» деген талабы өлең ғана шешендік тестерге де қояр талап болуы керек. Шешендік текстің әрбір құраушы элементі тек терең толғанысты мәністі ғана емес, эстетикалықәсерді де жасау құралы болып табылатындықтан, Ғ.Мүсірепов айтқандай, «әрі сөз келесі сөзге өз көлеңкесін емес, сәулесін түсіріп тұруы» керек. Жалпы, шешендік сөзде ешқашан «көлеңке» болмауы керек. Ондай көлеңкесі бар сөз - шешендік сөз бола алмайды. шешендік сөзді оқыту процесінде қолдануда тек текст теориясы және тіл бірліктерінің грамматикалық табиғаты ғана талданып қоймайтындығы белгілі. Шешендік тексттердегі мол кумулятивтік мүмкіншіліктер де оқыту процесіне көмектесе алады. Тек шебер ұйымдастырылған оқыту тәсілі ғана кемшін жатыр. Шешендік текст – процессуалдық оқиғаға негізделіп құралады. Барлық процестің басы,ортасы, даму шегі мен аяғы болатыны белгілі. Осы мәселеге байланысты мынадай текспен жұмыс жүргізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет