Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ



бет24/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Байдалы мен Айғаным
... Айғаным Көксырғақтың шылбырын өзі ұстап, шешенді өз қолымен аттандырады да, кермеде тұрған боз жорғаны ер-манға жарқ-жұрқ еткізіп өзі мінеді. Соңынан қарағандарға қос жорға жер баспай, әншейін сырғанап бара жатқандай көрінеді. құлынды бие жетелеп, қос жорға мінген шешен мен ел маңынан аулаққа ұзай берді. Бір мезгілде Айғаным көк майсалы далаға бір қарап алды да, сөйлей жөнелді;

  • Ақыл алтау, ой жетеу болып қалды, қария. Хансыз қаңырап тақ қалды. Қалың дәулет бақ қалды. Ханды қарытып, биді арытқан қария едіңіз, айтар ақылыңыз бар ма? – дейді.

Байдалы үндемейді, қалың ойға батып, кәрі көзін сығырайтып, әлдеқайда алысқа қарайды. Арқасынан аяз қарып өткен адамша қайта- қайта тітіркеніп қояды. Қамшы ұстаған қолы төмен түсіп, тежеулі тізгіні босап кетеді. Жай ғана жайылып келе жатқан Көксырғанақ әуелі аяңғы, одан ілбуге түседі. Ақырында Көксырғанақ тоқтайды. Сонда Айғаным:

  • Неге кідірдіңіз? Көксырғанақ болдырды ма? Неге тітіркендіңіз? Қамқа тон тоңдырды ма?-дейді.

  • Ат болдырып та тұрған жоқ, тон тондырып та тұрған жоқ. Бірақ осы ат пен тон оңдырып та тұрған жоқ. Көптің көзінше сыйладың. Оңаша шығарып ап қинадың. Қаусаған шалды қыран шалмас қияға шалғаның не еткенің?Таққа отырғың келген екен, оны менен несіне сұрайсың? Қай хан халықтан сұрап таққа отырып еді?- деп, шешен Айғанымның бетіне қарады. Айғаным «ойымдағыны таптың» деген пішінмен жымиып қана басын изеді. Сонда қарт шешен:- Мені қинап тұрған бұл емес. Таққа ие болу – халыққа ие болу!Абылай да өзінше жақсы хан болғысы келді. Еліме екі емшекті қатар емгізсем деп ойлады. Бірақ ол Абылайдан сыңар емшекке қарап ел де қалды, елмен бірге құла биенің сүтіне қарап мен де қалдым. Шөлдеп жаздан таяқ жемесе, тоңып қыстан таяқ жемесе, ел еріні кезермесе, менің де ерінім кезермес еді. Жаздың шөлі, қыстың жұтынан елді құтқаратын қамқоршының қайда екенін білмеймін. Жер емшегі мен мал емшегін елдің қашан қатар емерін де айта алмаймын. Бағанадан мені қинап келе жатқан ой осы еді.Осыны айтып, Байдалы би ілгері жүріп кетіпті. «Көріскенше қош болыңыз» деп Айғаным ойланып, орнында тұрып қалыпты» (Шешендік сөздерден).

Текстегі айтылмақ негізгі ойдың басы, ортас, аяғы айқын көрініп тұр. Басы – Неге Айғаным ханым Байдалы биді шығарып салғысы келді? Бұл шын мәнінде, оқушылар үшін ойланып, ізденетін проблемалық сұрақ . Өйткені, қазақ халқының әстүрінде көңіл айтып келген адамды үй иесінің шығарып салуға болмайды.
Ортасы - Айғаным неге күрсініп алып, сөйлей бастады? бұл сұраққа да оқушылар ізденіп барып жауап береді. Өйтикені, Айғаным елдің жайын ойлаған болып күрсінгенімен, шын мәнінде, өзі хан болғысы келіп, соны емеуріндеп тұр.
Енді текстің аяғы қалай аяқталатынына бірден өтіп кетпей, тестегі оқиғаның кульминациясының берілуіне тілдік бақылау жасатамыз. Текстегі кульминациялық сәті былайша суреттелген:
« Байдалы үндемей, қалың ойға батып, кәрі көзін сығырайтып, әлдеқайда қарайды».
Жалпы, бұл жерде айтылып тұрған әлдеқайда қарау – алыс көкжиектен бірдеңені көзі шалу емес, шындығында, адамның өзінің ішкі жан дүние Әлеміне үңілу сәті. Ғылыми тұрғыдан алсақ, бұл рефлексиялық сәт. Рефлексиялық қабілеті биік дәрежеде дамыған адамдар, шешендер, өзінің ойы мен өз ақылына бір сәттегі бақылау жасап, бір сәтте сұрақ қойып, бір сәте соның шешімін тауып, сол шешімді тілдік құралдармен дәл әрі сәтті де айқын сыртқа білдіре алады. Жарық жылдамдығымен ғана өлшеуге болатындай осы сәтті қазақта « қас- қағымда шешілді», « қас қағым сәтте шешілді» деп айтады. Ал, шынында, бұл инсайт(озарение) деп аталатын құбылыс болуы мүмкін. Осынысымен де шешендерді дана деп тану қалыптасқан. Байдалының ішкі бір шешімге келу сәті де тілдік тұрғыдан тануға болатын құбылыс: «қамшы ұстаған қол төмен түсті, тізін босады, астындағы жорға аяңдады, одан ілбіді, одан тоқтады».
Текстің аяғы – Айғанымның хан болғысы келген ниетін таныған Байдалының осыған деген өз көзқарасы мен ойын ашық айтып, елі мен халқын, жері мен мекенін Айғанымға аманат етіп тапсырғаны.
Шешендік текстерді осындай талдау арқылы оқушыларға сөз қолданыс пен тілдік ситуациялардан шебер шығу әдістері тиімді меңгертіледі деп ойлаймыз. Сонымен бірге, сабақтарда он бестегі Қазыбек пен қалмақ ханның арасындағы «ит үрмесін» мен «айғыр кісінемесін» деген дауының шешімін талдату да үлкен серпін туғызғанын атап кеткіміз келеді. Өйткені, оқушыларға сөзді, сөздердің тіркесімен, сөйлемді оқытуда солардың қандай комбинаторикалық мүмкіншіліктері арқылы қаншама ой суреттеліп жасалып жатқанын көрсету оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға үлкен сеп болатын әдіс болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет