2-жаттығу. Төменде берілген сөздерге түсініктеме беріңдер.
Қыс, көктем, жаз, күз, кітап, дәптер, қалам.
3-жаттығу. Берілген таблицаға қажетті сөз тіркестерін толтырыңдар.
Ыдыс-аяқтар
|
Оқу құралдары
|
Киім-кешектер
|
|
|
|
4-жаттығу. Берілген өлеңнің соңғы сөздеріне қарай отырып, өлең ұйқасфын шығарыңдар:
... ..... ...... ... барғанда,
.... ... ... ... ... алғанда.
... .... ...... .... көріпті,
... .... .... ... .. қалғанда.
5-жаттығу. Берілген зат есім сөздердің алдына қажетті сан есім сөздерді тіркестіріңдер. Сан есім тіркеспейтін сөздер бар ма? Оларға неге тіркеспейді? Жауаптарыңды дәптерге жазыңдар.
Өзен, көл, жұлдыз, бұлт, жаңбыр, аспан, су.
Оқу құралдары жүйесінде басты орын, әрине оқулыққа беріледі. Өйткені, оқулық – оқу процесінің кіші моделі іспетті құрылады. Оқулық арқылы жаңа білім мазмұны беріліп, меңгерілген білім мазмұны бекітіледі. Дәстүрлі мектептегі бастауыш сыныпқа арналған қазақ тілі оқулықтарының барлығы дамыта оқытуды бағыт етіп алмайтыны белгілі. Мұндай кезде мұғалімге не істеу керек? Осымен байланысты, яғни оқушының теориялық ойлауын дамыту бағытындағы кейбір тәсілдерге тоқталып өтейік.
Егер дамыту барысын теориялық білім мазмұнын дамыту деп және оқушының интеллектуалдық операциялар жасау дағдыларын қалыптастыру және дамыту деп түсінетін болсақ, онда оқушының ойлау деңгейінің критерийі, анықтаушысы ретінде анализ (талдау), мазмұндық топтастыру, оқу тапсырмасын өз бетімен орындау деңгейі алынады. Бастауыш сынып оқушыларының ұғымды анықтау барысындағы жұмысын қарастырайық. Оқушылардың ұғымды меңгеру барысындағы ой қызметі меңгерілетін ұғымның анықтамасы талданып, ішкі және сыртқы белгілеріне бөлшектеніп қарастырыла ма, немесе тұтастық күйде қарастырыла ма деген мәселемен тығыз байланысты. Мысалы, «сөз тіркесі» деген ұғымның тұтастық анықтамасын беру алдында сөз тіркесінің бірнеше белгісін ажырататын тапсырмалар орындатылады. Сол кезде сөз тіркесінің: 1) екі толық мағыналы сөзден тұратыны және 2) ол екі сөздің белгілі бір грамматикалық байланысқа негізделетіні анықталады. Сөз тіркесінің осындай бөлшектенуін түсінген оқушы келесі өз бетімен талдау жұмыстарын жүргізуге және «сөз тіркесі» ұғымына анықтама берге қадам жасай алады. Не болмаса, осыған қарама-қарсы жолмен жүруге болады. Яғни сөз тіркесінен мысалдар алып, оған бақылау жасау негізінде анықтама беріп, енді олардың басты белгілерін оқушыға өз бетімен анықтату тапсыру керек. Осылай етіп, ұғымның анықтамасын оқушының өз бетімен жасай алу қабілетін қалыптастыру арқылы мұғалім оқу материалына саналы қарауға, терең назар салуға дағдыландырады.
Бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды болып табылатын ойлау операцияларының ішінде мыналар аталады:
бірнеше объектіні ортақ белгісін негіз етіп қарастыру (бірнеше сөз тіркесін қарастыру);
бірнеше объектіні түрлі қырынан қарастыру, яғни кем дегенде екі объектіні қарастыру (мысалы, сөз тіркесі мен сөйлемді т.б.);
сөз тіркесін оқыту барысында алынған түрлі қорытынды, топтастыруларды біртұтастыққа алып келу (сөздің мағынасы, сөз таптарының белгілері: сөз тіркесінің жасалуына алып келетін анықтамалар т.б.).
Бұл ой операциялары, бір жағынан, сөз тіркесі туралы оқу материалын тиімді меңгеруге негіз болса, екінші жағынан, ойлауын дамытуға үлкен ықпал етеді. Бастауыш сыныптарда сыныптас тыс жұмыстар жүргізудің, оқушылардың сыныптан тыс сөз тіркесіне байланысты тапсырмалар орындаудың маңы зор. Өйткені, оқушының танымдық белсенділігі бастауыш сыныптарда жоғары деңгейде болып, тынымсыз іздене береді. Осы қасиетін оқуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге қарай бағыттау керек.Соның бір қыры ретінде сыныптас тыс жұмыстар беріледі. Қазақ тілі, оның ішінде синтаксис, сөз тіркесі туралы оқушының өз бетімен ізденіп табатын материалдары көп емес екені белгілі. Бұл тақырып әзірге әдістемеде күн тәртібіне ғылыми түрде қойылмай келеді. Бастауыш сынып оқушыларына сөз, сөз тіркесі, сөйлем туралы тек жазба жұмыстар орындатумен шектеліп келе жатырмыз. Бұл ретте А.Кенжеғұлованың ізденістерін атап кетуге болады (119).
Біз сөз тіркесінен сыныптан тыс жұмыстың тұтас жүйесін жасауға бағыт алып отырғанымыз жоқ, бірақ қандай жұмыстар жүргізуге болады деген мәселені қозғап отырмыз. Сондықтан сыныптан тыс жұмыстың бағыттарын ұсынамыз:
1-сынып бағыты – дыбыспен, сөздермен, сөздердің тіркесуімен байланысты алынады;
2-сынып бағыты - өз мағынасы, сөздің мағынасына қарай тіркесу қабілеті таныту;
3-сынып бағыты – сөздердің сөз тіркесі мүшесі, сөйлемнің мүшесі, мәтін мүшесі (шығарма, мазмұндама т.б.) болу қызметі анықталады.
Осы бағыттар арқылы бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстың мазмұны анықталады. Сыныптан тыс жұмыс түрлеріне мыналарды жатқызуға болады:
«Қане, тап!» тематикасы бойынша берілетін тапсырмалар. Мұнда оқушыларға сұрақтарға жауап беру, үйде оқыған мәтіндері бойынша тапсырмалар орындату жүргізіледі.
«Көңілді жаттығулар» кросвордттар, өлеңдер, әңгімелер үзіндісі бойынша түрлі тапсырмалар орындатылады.
«Қызықты күнтізбе» тематикасында «Сен білесің бе?, «Қазақ тілінің ғұламалары» сияқты тақырыптағы тапсырмалар орындатылады. Әрине, бастауыштың әр сыныбының даму деңгейіне орай бұл бағыттардың іштей сатылары бөлініп, мазмұны соған лайықталынады.
Достарыңызбен бөлісу: |