Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясындағы жаттығулар жүйесі
№ 13 сурет
Жаттығулар жүйесін іштей мұндай деңгейлерге бөліп және оларды жіктеу, сипаттау ісі өте күрделі. Өйткені, «тілдік» жаттығулар мен « ойлау» жаттығуларының, «сөйлеу» жаттығулары мен «танымдық» жаттығулардың нақты ара жігін ажырату мүмкін емес. Бір деңгейдегі жаттығуды орындау барысында оқушы екінші деңгедің де міндет - мақсатын шешіп, астарласып, қайталап жататыны белгілі. Сондықтан, сөз тіркесін дамыта оқытуға арналған жаттығулар жүйесінің біртұтастығы сақталып, деңгейлерге бөлу, негізінен, шартты екенін атап кетеміз.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінде жаттығулардың теориялық тұрғыдан жасалған жіктемесі, типтері мен түрлері, мақсаты мен орнына қарай түрлері әлі де болса теориялық тұрғыдан жүйеленген жоқ, сондықтан бұл ісіміз – қазақ тілін оқыту саласындағы алғашқы тәжірибе болғандықтан, өзге тілдерді оқыту әдістемелеріне сүйендік. Енді жаттығулар жүйесінің әрбір деңгейінің мазмұны мен содан туындайтын ерекшеліктеріне талдау жасалады.
І деңгейге «Грамматикалық – тілдік жаттығулар» орналастырылды. Жоғарыда берілген анықтамаға сай, грамматикалық – тілдік деңгейдегі жаттығулар – оқушыларға сөз тіркесі туралы берілген теориялық білім мазмұнын бекітуге, қайталауға, сөз тіркесінің сыртқы белгілерін анықтауға тірек болатын жаттығулар. Бұл деңгей барлық басқа деңгейлерге негіз болып табылады. Сөз тіркесінің басты белгілерінің әбден танып алған оқушы одан соң келесі деңгейлерге өтіп, танылған белгілердің ішкі грамматикалық болмысын білдіретін қасиеттері мен заңдылықтарын талдау жүргізеді.
А.М. Пешковский маңызды әдістемелік принцип ретінде «барлық грамматикалық фактілерді меңгерудің екі тәсілімен жүргізілу керектігін айтады- алдымен фактіні аяқтау, содан кейін оны жазу мен стильге қолдану, осы екі тәслдің түйісер екі нүктесін табу аса маңызды» деп көрсетеді(116). Ап осы ойды әрі қарай дамыта түетін болсақ, «екі тәсілді» біз былай түсіндіреміз: оқушы алдымен сөз тіркесінің нақты белгісін анықтауы керек, содан кейін, сол белгіні сыртқа экспликациялап тұрған ішкі қасиеттер мен заңдылықтарды « іздеп- зерттеу, табады» , сосын барып оқушы өзінің ауызекі сөйлеуінде немесе жазба тілінде қолданады. Г.А.Мейрмановтың айтуынша, жаттығулар жүйесі талдау жасаудан басталып , одан кейін оқушының өз бетінше орындайтын жаттығуларына – тілдік конструкцияларды жасауға, өзгертуге, алмастыруға ауысуы керек. Ондай жаттығулар, ғалымның айтуынша, аналитикалық жаттығулардан конструктивтік жаттығуларға өту жолы болып саналады. Конструктивтік жаттығуларға автор сұраққа жауап,конструкцияны өз бетімен құру, әңгімелесу т.б.түрлерін жатқызады(117). Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясы оқушының сабаққа не өз бетімен орындайтын жаттығуын ақыл-ойдың күрделі қызмет етуін талап ететін жұмыс деп таниды.Сондықтан да, грамматикалық - тілдік жаттығулар анализден(талдау) басталып, әрі қарай сөз тіркесіне түрлі қырдан талдау жасау арқылы оқушы оның белгілерін анықтайды. Сөз тіркесін түрлі бірліктермен салыстыра отырып, өзіне ана тән болатын қасиеттерін тниды. Грамматикалық- тілдік жаттығулардың санын мол етіп бергенде, оның барлығы сабақта орындалмайтындығына назар аударғымыз келеді. Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясы , оқушыларда ізденімдік- зерттеу дағдыарын қалыптастыруға бағыт алады. Бір сабақта талдаудың екі не үш түрі орындалса да, терең, сабақтасқан талдаулар желісі оқушыда топтастырылған ұғым жасауға арналады. Бірақ, жаттығулар оқушыладың өз бетімен орындауына мүмкіндіктер жасап, мол етіп ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |