Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ


- деңгей. Сөз тіркесінің грамматикалық табиғатын меңгертуге арналған



бет29/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

1- деңгей. Сөз тіркесінің грамматикалық табиғатын меңгертуге арналған грамматикалық-тілдік жаттығулар
Грамматикалық-тілдік жаттығулардың өзін әрі қарай « Бастауыш сыныптарға арналған», «орта сыныптарға арналған (5-6 және 7-8 сыныптар)», «Жоғарғы сыныптарға арналған» бөліп орналастырдық.
Грамматикалық-тілдік жаттығулар жүйесі
14 сурет


Осы кіші жүйелердің әрқайсысының мазмұнына тоқталамыз.


Сөз тіркесінен б а с т а у ы ш сыныптарда берілетін жаттығулар

Бастауыш кластарда қазақ тілінен білім беру сонау Ы.Алтынсариннің “Әліппесі” мен АБайтұрсынұлы “Әліппесінен” басталғаны белгілі. Қазіргі кезде бастауышта қазақ тілін оқытуда, негізінен дерлік, оқушының сөйлеу, ойлау дағдыларын қалыптастыруға, таным әрекеттерін жүзеге асыруға дағдыландыруға, өз бетімен танып- білуге деген талпыныстың жоғарылауы бағыты ұсталынып отыр. Бұл мақсат оқушының сөзді қабылдауы, тыңдай біліуі, оқуы, өз ойын баяндай алуы, жазу, сөйлеу мәдениетінің жетілдірілуі нысанындағы орфографиялық машықтану арқылы жүзеге асырылады.




1-сынып

1-сыныпқа “Әліппе” оқытудың бірінші кезеңінде жекелеген дыбыстармен таныстырылатыны белгілі. Сол жекелеген дыбыстарды


таныстырудың бір тәсілі-тұтас сөзді айту немесе сурет көрсетіп, сондағы нәрсенің атын айту. Осы кезде мұғалім балаларға дыбыстардың бірімен бірі тіркесіп барып сөз жасайтыны туралы мәлімет беру керек. Мұның өзі мұғалімдердің қолданып жүрген әдісі. Өйткені, дауысты дыбысты айтқанда, міндетті түрде дауыссызбен тіркестіріп айтатыны белгілі, мысалы:-ма,-ба, -са т.б. Ал тұтас сөзді үйретуде (мысалы:-ша,+на) дыбыстардың тіркесуі нәтижесінде буын, буындар тіркесуі нәтижесінде сөз пайда болады деген тереңдеу ұғым берілуі керек. Сонда, оқушы алғашқы білім сатысынан бастап, тіл-тіл бірліктерінің тіркесу нәтижелерінің денгейлері екенін түсіне береді. Кеспе әліппемен жұмыс жасау барыснда оқушы әріптерді тіркестіре отырып жаңа сөздер құрауды үйренеді, сөйлемдер құрайды, екінші кезеңде оқушылар хат танып болады. Бұл сыныпта оқушыларға текстен сөйлемді айырып тану дағдылары сөйлем соңында келетін тыныс белгілерді тануды, ажыратуды, сөйлемнің бас әріптен басталатынын үйретіледі.
1-класта оқушылар синтаксистен сөйлемнің айтылуы мен пунктуацйяны, сөйлем мүшелеріне сұрақ қою арқылы сөздердің байланысын анықтауға машықтанады. Сондықтан да бұл кезеңде мұғалім оқушылардың дыбыстарға,буындарға, сөздерге, сөйлемдерге алғашқы теориялық көзқарас қалыптастыру мақсатымен бірнеше жаттығулар орындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет