1-жаттығу. Төмендегі дыбыстардан неше сөз қарастыруға
болады? Құрастырған сөздеріңді дәптерлеріңе жазыңдар.
2-жаттығу. Берілген тексте неше сөйлем барын табыңдар.
3-жаттығу. Берілген сөйлемдегі сөздерге сұрақ қойыңдар.
4-жаттығу. Төмендегі сөздерден сөйлем құраңдар.
5-жаттығу. Төменде сөздер берілді. Енді солардың көптеген
белгілерін қосып жазыңдар, соңынан дауыстап оқып беріңдер.
биік
көгілдір
М ен : тау мұзды
мұнартқан
6-жаттығу. Сөйлемдерді дауыстап оқып шығыңдар. Әр сөйлемдегі сөздердің бірінші сөзбен, екінші сөзбен, үшінші сөзбен қалай байлынысып тұрғанына назар аударып айтып беріңдер.
7-жаттығу. Саған өз ойыңды айтқан оңай ма, жазған оңай ма? Жауапты дәптеріңе жаз.
8-жаттығу. Берілген дыбыстардан неше сөз құрастыруға болады? Сөздерді дәптеріңе жаз.
9-жаттығу. Суретте көрсетілген шай құралының атауларын дәптеріңе жаз. Оларды қандай түске бояр едің?
10-жаттығу. Берілген екі сөз тіркесінің мағынасын табыңдар. Осы екі заттың айырмашылығы неде екенін айтыңдар.
Еліктің лағы; құдықтың суы.
11-жаттығу. Екі бағанға топталып берілген сөздер тобына атау беріңдер (бірінші бағанда жабайы жан-жануарлар атауы беріледі, екінші бағанда үй жануарлары беріледі).
2-сынып
Бұл класта оқушылар, негізінен, синтаксистегі сөйлемнің айтылуы бойынша түрлерін және олардың тыныс белгілерін меңгереді. Сонымен қатар, осы кластан бастап, сөйлемдегі сөздердің өзара байланысын табу және соған талдау жасауға үйренеді.
1-жаттығу. Берілген сөйлемдерді дауыстап оқып шығыңдар. Сөйлемдегі сөздердің бірі екіншісімен қалай байланысып тұрғанын бөлек теріп жазыңдар. Ол байланысты қалай тауып алуға болатынын жазбаша түрде сипаттаңдар.
2-жаттығу. Берілген екі бағандағы сөздерді байланыстырып, сөз тіркесін құраңдар. Ол сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңдар.
3-жаттығу. Берілген дыбыстардан сөздер құраңдар. Ол сөздерді тағы басқа сөздермен тіркестіріп дәптерлеріңе жазыңдар.
4-жаттығу. Берілген сөз тіркестерін оқып шығыңдар. Оларды мағынасына қарай екі топқа ажыратыңдар. Әр топқа атау беріңдер.
Қалың орман, жақсы бала, көрікті қала, шебер адам, ұзын кісі, ұзын жол, алыс жер, сұлу қыз.
(Екі топты мысалы «Табиғат» және «Адам» деп атауға болады).
5-жаттығу. Төменде шеңберлер берілген. Әр шеңберде сөздер жазылған. Сол сөздердің өзара мағыналары жағынан үйлесетіндерін шеңберлердің қиылысуы түрінде көрсетіңдер.
Мысалы: 1.
Достарыңызбен бөлісу: |