Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ



бет31/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2.
3-сынып

Синтаксис бойынша 3-класта сөйлем мүшелері туралы түсінік беріледі. Оның ішінде сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері деген ұғым меңгеріледі. Сонымен бірге жай сөйлем және оның хабарлы, сұраулы, лепті деген түрлері мен жалаң және жайылма деген түрлері оқытылады. Бұл тақырыптарды барлығын оқытуда оқушыларға синтаксистік талдау дағдылары теориялық деңгейде жүргізілуі қажет. «Қазіргі дидактика дамыта оқытуға айрықша көңіл бөліп отыр. Дамыта оқытудың негізгі принципі – бағдарламалық және проблемалық әдістермен оқыту. Бұл әдістер оқушылардың іскерлік қабілетін дамытып, белсенділігін арттырады. Ізденімпаздығын күшейтеді, өздігінен білім алуға жол ашады», - деп бастауыш сынып мұғалімдері дамыта оқытудың артықшылығына ден қояды (118).


1-жаттығу. Берілген сөз тіркестері мен оның төменгі жағында берілген тақырыптардың қайсысы сәйкес екендігін анықтап, дұрыс орнына қойыңдар.
2-жаттығу. Жеміс-жидектерді және олардың түстерін естеріңе түсіріп дәптерге жазыңдар.
Мысалы: қызыл алма, сары қауын т.б.
3-жаттығу. Берілген зат атауының қандай белгелері бар екенін тауып, дәптерге жазыңдар.
4-жаттығу. Берілген таблицалардағы қай сөз тіркестері дұрыс, қайсысы дұрыс емес екенін анықтаңдар.
Неліктен дұрыс не дұрыс емес деп ойлайсыңдар? Дәлелдеңдер.
5-жаттығу. Берілген үлгі бойынша төмендегі атауларды одан әрі жіктеңдер.
Мысалы: раушан – гүл - өсімдік;
Күшік – ит – үй жануары – жан-жануар.
4-сынып
Бұл класта оқушылар сөздердің тіркесімі туралы күрделі сөздер тақырыбымен байланысты мағлұмат алады. 4-класта синтаксистік талдау тереңдетіле жүргізіліп, сөйлем және олардың мүшелері мен байланысуы туралы синтаксистік білім мазмұнын кеңейтеді. Сөз тіркесіне қатысты да білім мазмұнын осымен байланысты жаттығулар орындату арқылы шешуге тырысу қажет.
1-жаттығу. Тексті оқып шығып, мазмұнын әңгімелеңдер. Алғашқы екі сөйлемдегі бастауыштың қандай сөздермен байланысып тұрғанын сызықпен өрнектеп көрсетіңдер.
Мысалы: алтын күз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет