Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ


Білім мазмұны + машық − дағдылар + оқу әрекеті + жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі



бет27/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Білім мазмұны + машық − дағдылар + оқу әрекеті + жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі

Бұл көрсетілген элементтердің әрқайсысын өзіндік құрылымы мен жүйесі бар технолгия ретінде қарастыруға болады. Өйткені, олардың әрқайсысының дербес алғанда дамыта оқытудағы орны үлкен. Осымен байланысты, сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясы – үлкен жүйе деп танылып, оны құраушы кіші жүйе – жатығулар жүйесі жасалынды.
Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясындағы жаттығулар жүйенің табиғатына сай, ішкі құраушы деңгейлерге бөлініпжасалынады. Өйткені, сөз тіркесін теорялық деңгейде меңгеруі барысында оқушылар бір қабаттық жаттығу түрін орындаумен көзделген мақсатқа жете алмайды, себебі, бір деңгейде орындалатын жаттығулар оқушының теориялық ойлауын дамыта алмайды.
Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясындағы жүйеленген жаттығулар оқушылардың ауызша және жазбаша оындауына арналады. сөз тіркесін дамыта оқытудағы жазба жаттығулары екі үлкен топқа бөлініп қарастырылады: 1) сөз тіркесін тілдік материал ретінде меңгеруге арналған жаттығулар, 2) жазу сауаттылығын (каллиграфия, орфография) қалыптастыруға және жазба тілді дамытуға арналған жаттығулар. мұндай топтаудың өзі, әрине, шартты екені түсінікті, өйткені, бірінші топтың жаттығуларын оындау барысында оқушының жазу сауаттылығы дамитыны белгілі, ал екініші топтағыларды орындауда оқушы сөз тіркесін қалай танымай қалады? Бірақ , әдістемеде көптеген авторлар ұстанатын бұл бағыт жазба жаттығулардың мақсатын таныта алғандықтан қолданылып келеді. Ауызша орындалатын жаттығулар оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін ғана емес, ойлауын да дамытуға үлкен ықпал етеді. Есту анализаторлары мен моторлық анализаторларының белсенді қызметі негізінде сөз тіркесі синтаксисінің терең қабаттардағы қасиеттерін есте сақтауға дағдыланады. Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясындағы жаттығулар жүйесінің ішкі деңгейлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мол. Көпқұрамды болып жасалған жаттығулар жүйесінде орналасқан әрбір деңгейдің сөз тіркесін дамыта оқыту процесінде атқаратын қызметтері сол ерекшеліктерінен туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет