Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ


жалпы педагогикалық қолданысқа негізделген оқыту жүйесі



бет3/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

.жалпы педагогикалық қолданысқа негізделген оқыту жүйесі;
.Сциентистік яғни мәдениет жүйесіндегі, қоғамның өміріндегі ғылымның рөлін .Абсолюттендіруге негізделген оқыту жүйесі;
.Антропоцентристік , яғни адам- субьект, ал бүкіл әлем адам үшін обьект деген дүниетанымдық концепцияға негізделген оқыту жүйесі;
.Психогендік ,яғни адам - өзін-өзі басқарушы жүйе , даму процесі өзіндік реттеу мен өзіндік басқаруға мұқтаж деген концепцияға негізделген оқыту жүйесі;
.Дамытушы,яғни адамның организімінде, психикасында, интеллектінде және рухани дүниесінде ішкі және сыртқы факторларға, басқаруға келетін және басқаруға келиейтін факторларға байланысты болатын сандық және сапалық өзгеру процесі деген концепцияға негізделген оқыту жүйесі;
.Операциялық ой- машықтары- ақыл- ой тәсілдері,яғни теориялық ұғымның мағынасын осы ұғымды қалыптастыру, қолдану және тексеру кезінде пайдаланатын операцияларды сипаттау арқылы ғана анықтауға болады деген операционалдық талдау жасауға (8) негізделген оқыту жүйесі;
.Оқытушы, светская, жалпы білім беруші, ізгіліктендіруші оқыту жүйесі;
.Кластық-сабақтық, топтық, дифиренциалдық оқыту формасына негізделген технология;
.Оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығына негізделген педагогикалық жүйе;
.Дамытушы, яғни диалектиканың, логиканың, таным теориясының әдістерін қолдануға негізделген оқыту жүйесі;
.Альтернативтік оқыту жүйесі;
Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясында ұстанатын негізгі мақсат:-сөз тіркесін оқыта отырып оқушының теориялық санасы мен ақыл- ойын, теориялық ойлауы мен сөйлеуін дамыту;

  • сөз тіркесін оқыту барысында негізгі нысан болып оқушыларға сөз тіркесі туралы жаңа лингвистикалық білім мазмұнын хабарлау емес, ақыл-ой әрекеттерін үйрету;

  • сөз тіркесін оқыту процесін ғылыми таным логикасын жаңғырықтыра отырып жүргізу.

Сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясының басты болжамы:

  • бастауыш және орта клас оқушыларына сөз тіркесін ғылыми түрде негізделген сабақтастықпен оқытса, оқушылардың білім алудағы әлі де танылмай, дәстүрлі мектепте қолданылмай жатқан танымдық мүмкіншіліктерін іске қосуға болады;

  • оқушылардың ақыл- ойын дамыту мүмкіншіліктерді оқыту процесінің танылмай жатқан, қолданылмай жатқан мүмкіншіліктерінде жатыр, соларды сабақта жүзеге асыру арқылы оқушыны дамытуға болады;

  • сөз тіркесі туралы лингвистикалық материал мазмұны түбегейлі қайта сипаттап, соның негізінде сөз тіркесі туралы оқу материалын іріктеп және оны ОМЛС-тан өткізу арқылы мектепте сөз тіркесінен берілетін білім мазмұнының теориялық құндылығын арттыруға болады; теориялық құнарлығы арттырылған оқу материалы оқушының меңгеруі барысында ақыл-ой қызметін дамытып, ой операцияларын тиімділікпен үйренуіне, дағды етуіне мұрындық болады.

Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясының мазмұндық ерекшеліктері:
.сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясын арнайы ұйымдастырғанда, негізгі ұстанатын принцип- оқушының сөз тіркесін генетикалық, теориялық негізгі қасиеттері мен заңдылықтары тұрғысынан меңгеруін мүмкін ететін білім мазмұны мен әдістерді лингвистика ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып модельдеу;
.сөз тіркесі туралы білім мазмұнының теориялық деңгейін көтеру, дәстүрлі оқыту жүйесіндегі эмпирикалық деңгейден ғылыми ұғымдар жасауға үйрететін мүмкіндіктерін қалыптастыру арқылы сананың жоғары деңгейіне- теориялық деңгейге көтеру.
Сөз тіркесінен берілетін теориялық білім ерекшеліктері: сөз тіркесін дамыта оқыту арқылы оқытудағы дамытушылық сипаты сөз тіркесінің лингвистикалық негізін жаңаша сипаттап, сөз тіркесінің модельдер жүйесін жасаумен танылады. Автордың «Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесінің жүйелік-құрылымдық сипаты және оны талдау жолдары» атты зеттеу кітабы сөз тіркесінен берілетін білім мазмұнының жаңа болмысын жасауға талпынысы болып табылады. Егер, эмпирикалық білім мазмұны оқушыларға сөз тіркесінің сыртқы белгілерін танытумен шектелетін болса, аталған кітапта сөз тіркесінің басты қасиеттері туралы ғылыми ұғым жасауға қажетті терең синтаксистік талдау үлгілері беріліп, теориялық білім мазмұны жасалды дей аламыз.
Сөз тіркесінен берілетін теориялық білімнің негізін құраушы-мазмұндық топтастырулар болып саналады.Мазмұндық топтастырулар дегеніміз:

  • сөз тіркесі туралы лингвистикалық мәліметтердің ішіндегі сөз тіркесінің жасалу, өзгеру, даму барысын көрсететін септік-салдарлық байланыстар мен қатынастардың білдіретін неғұрлым жалпы ұғымдар, түпнегізде жататын генетикалық заңдылықтар, категориялар:

  • сыртқы, нақты-заттық белгілер арқылы емес, ішкі байланыстар арқылы жасалатын ұғымдар;

  • дерексіз (абстракты) обьектілермен ой операцияларын жасау арқылы алынатын теориялық модельдер.

Сөз тіркесін оқытуда жасалатын мазмұндық топтастырулар дегеніміз- сөз тіркесін тек сыртқы түріне қарап, сырт белгілерін санамалап танып-білу емес, оның сырт көзге жасырын болғанымен осы сыртқы болмысты бар етіп тұрған ішкі өзара байланыстар мен қатынастарын танып-білу, ішкі даму процесінің қарама-қайшылығын танып білу.
Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясының дидактикалық құрылымында басты орын мазмұндық топтастырулар негізінде жасалатын дедукцияға беріледі.В.В.Давыдов ақыл-ой қызметі тәсілдері мен ойлаудың тәсілдері эмпирикалық және саналы немесе диалектикалық деп бөле қарастырады (9).Сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясының дамытушылық болмысының мазмұны теориялық ойлаудың логикасына негізделіп құрылды.Мұнда жетекші орын теориялық мазмұндық топтастырулар жасау мен дедукцияға, мазмұндық рефлексияға беріледі.
Сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясының басты ерекшелігі. Сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясының концепциясы сөз тіркесін танытуда тек «сөз тіркесі» деген сырт белгілер арқылы жасалатын қарапайым ұғымға емес, теориялық деңгейге жетуге жол салатын теориялық ұғымға жетуге негізделеді.Сөз тіркесін осындай бағыттағы мақсатпен оқыту қызметінің белгілері мынадай етіп жинақтауға болады:

  • оқушыда «танып-білсем» деген қызығушылығы мен таным құштарлығын ояту, дамыту;

  • сөз тіркесін дәстүрлі түрде оқытуда еш қиындық та, терң талаптар да жоқ сияқты болып жүргені белгілі.Ал бұл технологияның мақсатында оқушыда «сөз тіркесі- тіл жүйесінің маңызды бір элементі болғандықтан, оның табиғатын танып-білу арқылы жалпы тілдің заңдылықтарын тануға болады. Сөз тіркесі- түрлі байланыстар мен қатынастардан тұратын,өзгеру мен даму арқылы түрлі сипатқа ие болатын тіл бірлігі» деген ұғым қалыптастыратын, оқушының өзі теориялық әдістерді саналылықпен қолдана отырып, сөз тіркесінің түрлі трансформациялық болмысын тәжірибе арқылы дәлелдей алатын машық-дағдылар қалыптастыру;

  • оқушы ғылыми обьектілерді тануда өз бетімен таным мақсатын қоя алатын, өзінің таным қызметін жоспарлай алатын, мақсатын жүзеге асыра алатын, қолы жеткен нәтижесіне өзі баға бере алатын деңгейге өсуі керек;

  • оқушы сөз тіркесін теориялық деңгейде оқып-білуі барысында теориялық білім, машық,дағдыларға ие болып, ақыл-ой қызметінің терең талдаулар жасау мүмкіндіктерін игеруі тиіс.

  • оқушы өзі терең талдау үлгілерін үйреніп, жасай алатын сәтті- осы заңдылықты таныған ғылымның ізін қайталап өтетін болуы керек, ол процесс мұғалімнің басшылығымен өтсе де, негізгі таным қызметін оқушы орындайды;

  • оқушы өзінің танып-білген заңдылығын өзі ереже түрінде жинақтап, соның дұрыс не дұрыс емес болып жасалғандығына өзі сыни көзқараспен қарай латын болуы қажет. Сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясының рефлексивтік сипаты осылай танылады.Сөйтіп, сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясының дамытушылық қасиеті мақсатты түрде ұйымдастырылған оқу қызметі арқылы танылып отыр.Мұнда оқушы сөз тіркесі туралы білім мазмұнының түпнегізін өзіндік мақсаттар қою арқылы және сөз тіркесінің ішкі байланыстары мен қатынастарын, содан туындайтын жалпы заңдылықтарды түрлі өзгерістер мен дамулар нәтижесінде меңгеруі басты нысан болып саналады.

Сөз тіркесі туралы білім мазмұнының проблемалық желімен берілу ерекшелігі туралы мынаны айта аламыз. Сөз тіркесі туралы білім мазмұнын мұғалім тек жай хабарлау, баяндау арқылы меңгерте алмайды.Сөз тіркесі туралы әрбір заңдылық – ғылымның осыған дейін танылып болған белгілі бір жетістігі болғанымен, оқушының таным процесі ол заңдылықты өзі үшін ғана, енді ғана ашып отырғандықтан, сол ғылыми ізденіс пен ғылыми жаңалықтың жолын танушы ғана емес, оған қатысып отырғандықтан, қатысушы да болып саналады.
Сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясындағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындау әдістері үлкен орын алады.Ол жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі- сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту міндетін шешуге арналған үлкен негіз болып табылады. Сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту үшін жаттығулардың бірнеше деңгей жасалып, әр деңгейдің ерекшеліктері сипатталды.Ол төменгі бөлімде толық берілді.Бұл жерде тоқталмағымыз-оқушы сөз тіркесін теориялық деңгейде меңгеру үшін жаттығуларды қандай әрекеттерді жүзеге асыру арқылы орындай алатындығын сипаттап өту.
Ғалымдардың айтуына сүйене отырып, дамыта оқыту процесінде оқушы орындайтын оқу-танымдық әрекеттердің мынадай түрлерін жүйеледік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет