Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ


Қойылған проблеманы шешудің түрлі тәсілдерін алдын ала талқылаға үйрету жаттығулары



бет58/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Қойылған проблеманы шешудің түрлі тәсілдерін алдын ала талқылаға үйрету жаттығулары


201-жаттығу. "Тіл - жүйелердің жүйесі" деген Фердинанд де Соссюрдің және Вильгельм фон Гумбольдттың "Тіл -мата сияқты, бір тінің қозғасаң, тұтас мата қозғалысқа түседі" деген пікірімен және Ахмет Байтұрсыновтың тілді үйдің құрылысына ұқсатуы туралы пікірін басшылыққа ала отырып, Тілді тұтас және үлкен жүйе ретіңде сипаттаңдар. Ол үшін ең алдымен, тілдің қандай басты белгілерін еске түсіру керек?
202-жаттығу. Қазір біз сөз тіркесінің модельдері туралы талдау жүргіземіз. Ол үшін, А.Байтұрсыновтың зат есім, сын есім, сан есім, шылау, жалғау, жұрнақ, етістік, үстеу деп терминдеуі туралы пікір алысу керек. Төрт-бестен отырып 10 минуттай өзара ақылдасып, осы туралы ортақ бір шешім пікірлеріңді айтуларың керек.
203-жаттығу. Сөз тіркесінің модельдері туралы айтпас бұрын, өздерің оқып жүрген ағылшын, неміс, француз т.б. еуропалық тілдерден сөз таптарының атауларын еске түсіріп дәптерге таблица түрінде жазыңдар.
204-жаттығу. Сөз тіркесі-тізбектерден тұратын ерекше тіл бірлігі. Айтылған сөздердің тізбекпен орналасуы мен тіл бірліктері санада парадигма түрінде орналасатыны туралы өз ойыңды жаз.


Сөз тіркесін дамыта оқыту барысында оқушылардың тіл мәдениетін дамыту

Оқушылардың тіл мәдениетін дамыту, М.Балақаевтың сөзімен айтқанда, қазақ тілін оқытудың басты міндеті болып қойылуы тиіс (127). Оқушылардың тіл мәдениеті дегенді әдістемеде былай түсіндіреді: "ауызша және жазба әдеби тіл нормаларын игеру (орфоэпия, екпін, сөз қолданыс, орфография, морфология, синтаксис). Тілдің мәнерлілік мүмкіндіктерін сөйлеу мақсатына орай дұрыс қолданып, коммуникативтік міндеттерді айқын, нақты, әсерлі етіп шешудің дағдылары. Екі басқышы болады: 1) сөз дұрыстығы, яғни сөйлеу нормасы: 2) сөйлеу шеберлігі, яғни сөйлеу орнына лайық дәл және әсерлі тіл бірлігін қолдану" (128). Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясындағы оқушылардың тіл мәдениетін дамыту жаттығулары іштей үш топқа бөліп жасалынды: 1) бірінші топтағы жаттығуларда оқушыларға берілген сөйлемдердегі сөз тіркесінің грамматикалық кұрылымымен тіркесімі жағынан байқалып тұрған қателерді анықтау тапсырылады; 2) екінші топтағы жаттығуларды орындау оқушылар сөз тіркесінің нормаларын тіркесінің жазылуында қателерді дағдыланады; 3) үшінші топтағы жаттығуларды орындау барысында оқушылар қате құрылған сөз тіркестерін дұрыс сөз тіркестерімен алмастыру арқылы сөз тіркесінің формалық және мағыналық үйлесімділігі сақталу нормасын игереді.




205-жаттығу. Берілген сөйлемдердегі қате құрылған сөз тіркестерін анықтаңдар.
1. Хан Бақайды жаныңа алып Манас көкжал мұңын айтты("Манас").
2. Қорыта айтқанда, билік кеңестік Қазақстанда шалғамфық сипат алды. «Қазақстан тарихы» жұрналынан Электрониканы дамытуға қорғаныс министрлігі қабағын оң танытты («Зерде» жұрналынан).
206-жаттығу. Берілген сөз тіркестерінің компоненттері тіркесуінің дұрыс не дұрыс еместігін анықтандар. Ойларыңды дәлелдеңдер.
Кірпік алтын, ой терең, жел самал. асықтай алтын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет