Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ



бет54/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

173-жаттығу.
1 2 3 4 5
Қ.Жүбановтың Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме деген мысалын қандай графикалық модель арқылы көрсетуге болады?
(Жауабы: тізбектелген шеңберлер арқылы. Ол шеңберлер бірден беске дейін қалай айтылса, солай тізбектеледі)
174-жаттығу. Күрделі сөз тіркестері беріліп отыр Осылардың байланысын графикалық түрде қалай көрсетуге болады? Жауабыңды дәлелде.
175-жаттығу. Төменде берілген сөйдемдердің графикалық модельдерін салыңдар.
176-жаттығу. Берілген графикалық моделге терең назар салып, танысып шығып, сөйлем құраңдар.

1 2 3 4
Рүстемнен қызық кітап алдым.


6) Оқушылардан компьютер арқылы тест алу
Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясының кешенділігін жасауда компьютерді қолданудың орны да белгіленді. Оның бір саласы - компьютермен тест алу. Компьютермен тест алуда орындалуы тиіс шарттар болады:
- мектепте компьютермен жабдықталған кабинет болуы;
- оқушылардың компьютермен жұмыс жасау дағдылары
болуы:
- сөз тіркесін оқытуда мұғалімдердің компьютермен тест қабылдауға даярлығы болуы. Оқушылардың сөз тіркесін теориялық деңгейде меңгеруін ұйымдастыру процесінде олардың білім дәрежесін тексеріп, бақылап, нәтижелерт жақсы көрсеткішке жеткізу жолдарының тиімді түрлерін қолдану қажет екені белгілі. Осы мақсатта тест қолданудың ерекше орны бар. Тест, біріншіден, уақыт үнемдеуге көмектеседі. Оқушылардын өз білімін тексере ойлануы дағдыларын қалыптастырады, Теориялық ойлау дәрежесін дамыту барысында оқушылардың рефлексиялық дағдыларын жетілдіре түсуде тестінің алатын орын үлкен. Тест сұрақтары, көп ретте, жалпылама болып келеді. Сөз тіркесін дамыта оқыту барысында қолданылатын тестің мақсаты - оқушыларға сөз тіркесінің белгілерін, қасиеттерін, синтаксистік байданыстары мен синтаксисгік қатынастарын меңгерту, сөз тіркесінің басқа тіл бірліктерімен байланысын таныту, сөз тіркесі жүйесінің жүйелік болмысын игерту. Компьютерлік тестілеу мектеп сабағы жағдайында өткізіледі. Барлық оқушы тапсырманы бір мезгілде орындайды, орындау формасы - индивидуалдық. Орындау уақыты -25-30 минут. Тест сұрағы жауаптарының "дұрыс" не "дұрыс емес" деген бағалары болады. Әрбір жауаптың бағалау баллы белгіленді. Егер, балл көрсетілмесе (0 болса), онда оқушының жауапты дұрыс бермегені не мүлде жауап бермегені болады. Оқушы жауап беру барысында баллдар жинайды. Бағаларды қою мынадай шкала бойынша белгіленді:
90%-тен 100%- ке дейін - "5";
70%-тен 90%-ке дейін - "4";
50%-тен 70%-ке дейін - "3";
50%-тен төмен болса - "2".
Сөз тіркестерін дамыта оқытуда қолданылатын Тест тапсырмаларының міндеті мен мақсаты
№15-таблица.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет