Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ


Сөз тіркесін дамыта оқытуға арналған графикалық модельдер жүйесі



бет62/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Сөз тіркесін дамыта оқытуға арналған графикалық модельдер жүйесі

Графикалық көрнекіліктер – сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясының кешенін құраушы дидактикалық құралдардың бірі ретінде алынады. «Графикалық көрнекіліктер – тілдік құбылыстардың заңдылықтарын таблица немесе схема (сызба) түрінде танытатын көру көрнекіліктерінің бір түрі» (133). Графикалық көрнекіліктер, графикалық модельдер - бейнелі-таңбалық модельдер. Олардың қатарына сызбалар, схемалар, карталар, графалар жатады. Сөз тіркесінің сыртқы белгілері мен ішкі синтаксистік процестерін графикалық модельдеу арқылы оқушының көз алдына келтіруі - грамматикалық терең абстракцияның қалыптасуына негіз жасайды. Графикалық модельдердің ерекшелігі – оқушылардың кеңістіктік ойлауын дамыту мүмкіншілігінің зор екендігінде. Сондықтан да оқушыларға сөз тіркесі туралы білім мазмұынын меңгертуде графикалық модельдерді кең қолданып, тиімді оқытуға қолдан келетін мүмкіншіліктің барлығы жұмсалынды.


Графикалық модельдер екі бағытта қолданлды:

    • біріншіден, мұғалімге сөз тіркесінің заңдылықтарын түсіндіру үшін қажетті графикалық модельдер;

    • екіншіден, синтаксистік процестерді, синтаксистік байланыстар мен қатынастарды графикалық түрде модельден үйренуі үшін оқушыларға арналған графикалық модельдер.

Сөз тіркесі бойынша жасалған схемалар – сөз тіркесінің қасиеттері мен белгілері туралы ұғымды топтастырудың, көрнекті түрде көрсетудің, модельдеудің, амалы, жолы. Схемалардың таблицалардан айырмашылығы – мұнда нақтылықтан гөрі дерексіз байланыстар мен қатынастар жиірек көрсетілетіндігінде. Схемаларды бастауыш сыныпта да, орта буын сыныптарда, жоғары сыныптарда қолдану қажет. Схемаларды сабақты түсіндіруде мұғалім өзі даярлап келмей, көп жағдайда оқушының өзіне модельдетуге, үйден даярлап келуге тапсыру керек. Таблицалар – қазақ тілін оқыту барысында дәстүрлі қолданыс орны бар құрал түрі. Таблицалардың: демонстрациялық (қабырғаға ілетін немесе оқулықта берілетін) және оқушылар өз бетімен жасауы тиіс түрлері бар. Сөз тіркесін оқытуға арналған таблицалар анализге бағытталғалып жасалады. Сөз тіркесінің түрлерін, байланысу ерекшеліктерін, т.б. белгілерін игерген оқушы таблицада синтезделген білім мазмұнына қорытынды немесе анықтама шығаруға дағдылануы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет