Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ


Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясындағы сыныптан тыс жұмыстар және факультатив сабақтар



бет64/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясындағы сыныптан тыс жұмыстар және факультатив сабақтар

Әрбір оқушының танымдық қызығушылығын, «білсем» деген құштарлығын, білімге деген сүйіспеншілігін дамыту - әр мұғалімнің алдында тұрған маңызды да қажетті міндеттің бірі. Осындай үлкен міндетті шешу сабақта да, сабақтан тыс уақытта да жүзеге асырылып жатады. Оқушылардың лингвистикалық қызығушылығын дамыту және соны әрдайым жетілдіріп отыру үшін, осыған бағытталған жұмыс жүйесі болуы керек. Сабақтың уақыты мен мақсат-міндеттерінің шектеулігі қазақ тілі, оның ішінде қарастырылып отырған сөз тіркесінің синтаксисі туралы оқушыларға терең білім мазмұның меңгертуге тарлық ететіңі белгілі. Бірақ сыныптан тыс жұмысты жүргізуі қажеттілігін тек оқушының қызығушылығынан ғана туындатуға болмайды. Сабақтан тыс жүргізілетің жұмыстардың көздейтің мақсаттары кең де көлемді болады: - сабақта сөз тіркесінен берілетің оқу материалды нық әрі саналы түрде меңгеруіне ықпал ету;



  • оқушылардың ойлауын дамыту;

  • оқушылардың тілін дамыту;

  • оқушылардың сөз тіркесіне терең лингвистикалық анализ жасау дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушылардың тілдік жүйені танып-білу әдістерін жетілдіру;

  • оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігінарттыру.

Сабақтан тыс жұмысты әдіскерлер былайша анықтайды: «мақсатқа лайықталған, ерікті түрдегі, оқушылардың танымдық қызығушылығы негізінде ұйымдастырылатын жұмыс түрі» (137). Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясындағы сабақтан тыс жұмыстар түрі:
1. «Синтаксис әлемінде» тіл үйірмесі.
2. Ғалымдармен, жазушылармен, озық мұғалімдермен, өте жақсы оқитын оқушылармен кездесулер.
3. Сөз тіркесін талдау барысында арнаулы бәйге өткізу.
4. Оқушылардың синтаксис әлемі туралы жазған шығармалар жинағы.
5. Үйірме сабақтарын өткізу.
Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясы 1-11 сыныптарды қамтитын болғандықтан, үйірме бағдарламалары 5-8 және 9-11 сыныптар үшін жасалынды. Ал бастауыш сынып оқушыларына танымдық жаттығулар мен тапсырмалар ұсынылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет