Сөз тіркесін дамыта оқытуға арналған дидактикалық картиналар мен дидактикалық карточкалар
Сөз тіркесін дамыту оқытудың дидактикалық құралдарының қатарында дидактикалық картиналар жүйесі мен дидактикалық карточкалар қолданылды. Дидактикалық картиналарды қолдану, негізінен, бастауыш сыныптар мен 5-6 сыныптарға арналған. Ал, дидактикалық картоцкаларды қолдану 5-8 сыныптарға арналды. «Дидактикалық материалдар – оқу материалының бір түрі...» (134). Дидактикалық материалдар сөз тіркесінің жекелеген белгілерін тану деңгейін тексеру үшін жеке оқушылармен орындатылады. Дидактикалық картиналар мен дидактикалық карточкаларды сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясында қолдануда олардың дидактикалық, психологиялық, әдістемелік аспектілері тұрғысынан негізделуі қажет:
Дидактикалық аспектісі тұрғысынан келгенде, дидактикалық картиналар мен карточкалар көру көрнекілігі түріне жатады.
Психологиялық аспектісі тұрғсынан келгенде, дидактикалық картиналар мен карточкалар оқушылардың психикалық қызмтін белсендіруге, сөз тіркесін оқып-білудегі теориялық білімді меңгеру қабілетін жоғарылатуға көмектеседі.
Әдістемелік аспектіден келгенде, дидактикалық материалдар вариативтілікпен, алмастырылып, сабақтың мақсаты мен міндеттеріне орай қолданылады.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына мол материал жасау мақсатында құрастырылған дидактикалық картиналар мен карточкалар – сөз тіркесі синтаксисін оқытудың жаңа талаптарына сай іріктелінді. Оқушының өз ойын жеке отырып, бірақ нақты тапсырма арқылы өзінің қабілетін дамытуда дидактикалық картиналар мен карточкалардың атқаратын қызметі үлкен. Дидактикалық картиналардың сюжетіментаныса отырып, оқушылар сөз тіркесін құрауды, талдаудың өзіндік жолын таңдай алады. Сөз тіркесінің бастауыш және орта буын сыныптарда оқытылуы барысында мұндай материалдардың қолданылуын тұтас оқыту процесінің қажетті бөлшегіне айналдыру керек. Оқушылардың орфографиялық қабілеттерін жетілдіруде, танымдық қабілеттерін дамытуда, қиялы мен есте сақтауын, сөйлеу тілін дамытуда бұл құралдар игі қызмет ететіні әдістемелік еңбектерде аталып көрсетіліп жүр.
Дидактикалық картиналардың жинагын жаңадан жасай отырып, бұл әдістің танымалдығы мен сенімділігіне жаңа қырдан келу технологиясын ұсынып отырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: |