Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ



бет67/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Балалықтың кезендерге бөлінуі
№16-таблица.



Балалықтың периодтары

Жас аралығы

Кезеңдердің басты сипаттары

1

Тікелей-эмоционалдық қарым-қатынас жасау кезеңі

Алғ.күннен 1 жас

Сәбиде басқа адамдармен қарым-қатынас жасау қажеттілігі, адамдармен психикалық ортақтастығы қалыптасады. Заттарды қысып ұстау арқылы адамдардың заттармен жасайтын әрекеттерінің негізі қалана бастайды.

2

Заттық-манипуляторлық қызмет кезеңі

1-3 жас

Балада адам қоғамының заттармен әрекет еткен іс-қылықтары қайта жасақталды. Өзіндік «Мен» қалыптасуының негізі болып табылатын бұл жаста сана қалыптасуы қатар жүре бастайды.

3

Ойын қызметі кезеңі

3-6 жас

Баланың қиялдауы мен символдық функция үлкен орын ала бастайды, іс-әрекеттеріне саналылықпен қарай бастайды.

4

Оқу қызметі кезеңі

6-10 жас

Оқу арқылы оқушылардың теориялық санасы мен теориялық ойлауы, оқудың мәтіңі мен қажеттілігі үлкейе бастайды.

5

Қоғамдық пайдалы қызмет кезеңі

10-15 жас

Оқушыда еңбек, оқу, қоғамдық жұмыстар, спорт, өнерге деген қатысу қызығу деңгейі өседі. «Мен қандаймын?» деген сұрақ жай ойландырып, рефлексиялық қабілеттері ұштала бастайды.

6

Оқу-кәсіби қызмет кезеңі

15-17-18 жас

Оқушыда кәсіби білім алу құлшынысы пайда болып, ізденімдік-зерттеу әдістері дамытыла бастайды.

Қызметтің түрі мен мазмұны әрбір жастың өзіндік ерекшеліктеріне сай болады. Жас ерекшеліктерінің кезеңдеріне сәйкес қызмет түрлері болады. Солай анықталған қызмет түрлерін бірізділікке түсіру арқылы адамның жас кезендерінің генетикалық сабақтастығы танылады. Дамыта оқыту технологиясының міндеті - белгілі бір жастың өзіндік ерекшелігіне сәйкес келеді деп саналатын жетекші кызмет негізінде оқушының психикалық дамуы жүзеге асатынын көрсету және түсіндіру. Мұндай мәселенің бастау кезі -адамның психикалық дамуын мумкін ететін жалпы қозғаушы күштерін танып-білу.
В.В.Давыдовтың айтуынша, психикалық даму дегеніміз - жеке адамның тарихи түрде қалыптасқан қызмет типтерін игеруі барысында жүзеге асырылатын кабілеттерді қайта жасақтауы (воспроизведение). Сонда, оқу және тәрбие үдерісі арқылы оқушының қызмет типтері мен соған сәйкес қабілеттерді меңгеруі - оның психикалық дамуының жалпы түрі болып табылады. Осының негізінде сөз тіркесі синтаксисін 5-11-сыныптарда дамыта оқыту технологиясының әдіснамалық, теориялық және практикалық негіздері танылады. В.В.Давыдовтың айтуынша, қазіргі заман - сол мәселелерді танып-білуге мүмкіндік бере алады.
Логика мен таным теориясына субъектінің практикалық мақсатты қызметі туралы ұғымды В.И.Ленин енгізіп. субъектіні сырткы шындық өмірді өзгертуші және кайта құрушы қасиетке ие деп таныды. Адам баласының объективті кызметінің маңызды компоненті - мақсаттылық, құралды таңдау және қолдану, субъективтілік пен объективтіліктің сәйкестігін тексеру. Тек адам кызметінің ерекшелігін зерттеу арқылы субьекті меи объектінің катынасы, адам санасы, таным, ойлау заңдылықтарының пайда болу шарттары белгілі болады. Ойлаудың тарихи дамуы негізінде адамның коғамдық практикалық қызметінің даму өзегі, дәні бар. Қызмет теориясының негізі диалектикалық логика арқылы қаланды деген пікірдің дәлелі осылай танылады. А.Н.Леонтьев жасаған қызмет теориясының ерекше болмысын танытатын қағидалар:
1. Психологияның пәні болып субъектінің барлық форма мен түрде келетін тұтастық қызметін зерттеу алынады. Ол қызметтің формалары мен түрлері өзара бірі екіншісіне өтуі арқылы, түрлі трансформациялар жасау арқылы. филогенетикалық, тарихи және онтогенетикалық даму жолы арқылы танылады.
2. Қызметтің тек/генетикалық жағынан бастау көзі мен негізі болып -сыртқы, заттық сезімдік-практикалық қызмет алынады. Одан туындайтын ішкі психикалық қызмет жеке сананы қалыптастырады. Қызметтің сыртқы және ішкі болып бөлінетін екі түрі де қоғамдық-тарихи даму жолын ие болып келетін, ортақ құрылымға ие кызмет түрлері.
3 . Қызметтің кұраушылары өзара бірі екіншісіне өте алатын мынадай бірліктерден тұрады: қажеттілік мотив мақсат шарттар және олармен сәйкестене келетін қызмет іс-әрекет операция.
4. Қызметтің басты үдерісі болып шындық болмыстың субъективтік бейнесіне алып келетін оның (кызметтің) сыртқы формасының интериоризациялануы және бейненің заттануы ретіңдегі, оның заттың идеалды қасиетіңе өтуі болып табылатын оның ішкі формасының экстериоризациялануы алынады.
5. Қызметтің басты жинақтаушы касиеті ретінде заттық ұғым алынады. Алғашында қызмет нақты зат арқылы детерминделеді, одан соң қызмет сол заттың субъектінің таным продуктісі ретіндегі бейнесімен басқарылып, танылады.
6. Қызметтің заттық детерминденуі оның (қызметтің) ерекше қасиеті болып табылатын - объективті-заттық әлемнің қасиеттеріне, қарым-қатынастарына және байланыстарына бейімделе алатын әмбебап икемділігі арқасында ғана мүмкін болады.
7. Қызметтің заттық сипаты субъектінің қажеттілігі және икемделу функциялары бар болып келетін көріп-білу әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
8. Қызмет пен оның құраушылары өзіндік заңдылықтарға сай бөлшектену және ірілену сипатына ие болып келеді. оларға сәйкес оларға бағдар беретін субъективтік бейнелердің интеграциясы мен дифференциациясы жүзеге асырылады.
9. Қызметтің аталған ерекшеліктері поведениенің екімүшелі схемасы мен реактивтік поведениенің баска варианттарына альтернативтік болып келеді.
10. Адам қызметін психологиялық талдау әдісі - қызметтің нақты-тарихи
табиғатын тануға, қызметтің құрылымын, заттық мазмұнын және оны
құраушылардың өзара біріне екіншісі өтудегі жүйелік байланыстары
мен қатынастарын тануға бағытталған (Давыдов В.В. 224 с.)
А.Н.Леонтьевтен бастап, қызмет теориясының концептуалдык жүйесін
дамыту, жетілдіру жұмысы жүргізіліп келеді. Қазіргі уакытта қызмет
теориясы жан-жақты мәселелерді шешуде мынадай аспектілерді маңызды деп
санайды: қызмет жүйесінің табиғаты және оның жеке тұлғаның құрылымымен
байланысы, қызмет жүйесінің генетикалық және функционалдық
ітүсініктемесі: мотив пен оның қызметтегі қалыптасу рөлі; әлеуметтік
психологиядағы қызмет ерекшелігі; әлеуметтік феномендердің
интериоризациялануы және олардың жеке тұлғалық-психологиялыққа ауысу
мәселелері т.б.
Оқушылардың білім алуы - олардың оқу-танымдық қызметі негізінде жүзеге асырылады. Қызмет теориясының бастау көзі болып табылатын таным теориясы, диалектикалық логика ілімінің 5-11-сыныптарда сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту технологиясының әдіснамалық негізі ретінде алынуы арқылы дамыта оқыту технологиясының іргелі оқыту жүйесіне айналуына және оның ішкі мәселелерінің айқын зерттеліп-танылуына мүмкіндіктер жасалды. Оқушылардың ізденімдік-зерттеу кабілеттерінің, өз бетімен жұмыс жасаудағы түрлі ізденіс әдістерінің, рефлексиялық тапсырмаларды орындлу қызметтерінің жалпы қызметке тән болып келетін икемділік, бейімделгіштік сияқты маңызды ерекшеліктері сөз тіркесі синтаксисін теориялық денгейде оқып-тану үдерісінде маңызды орынға ие болады. 5-11-сыныптарда сөз тіркесі синтаксисін танып-білу қызметіңде сөз тіркесінің идеалды формасын жасауға үйрету арқылы оқушылардың дерексіз ойлау дағдылары дамытылады. Сөз тіркесінің идеалдық формасын жасауға қалыптасуы үшін оқушының мүмкіндігінде сол мақсатқа арнайы жасақталған сөз тіркесін модельдеу, жүйелік-құрылымдық талдау, басқа да түрлі теориялық талдау әдістері, қосымша оқу-әдістемелік әдіс-тәсілдер жүйесі болуы керек. Осы әдістер арқылы сөз тіркесінің табиғатын талдай отырып, оқушы сөз тіркесінің нақты тіл бірлігі ретіндегі тұтас болмысын санасында орнықтырады. Соның негізінде сөз тіркесіне түрлі теориялық талдаулар жасау барысында сөз тіркесінің идеалдық бейнесі жасалады, ол бейне идеалдылық түрінде оқушы санасында жатталып қалып қоюы - оқушының теориялық ойлауы дамуын білдірмейді. Енді сол идеалдағы сөз тіркесімен қайта жасақтаушы түрлі қызметтер жүргізілуі арқылы сөз тіркесінің теориялық тұрғыдан танылған реалды болмысы айқындалады, бұл таным үдерісі мынадай схемамен жүреді: "сөз тіркесі - түрлі талдаулар жасау - ереже-түйіндер жасау -түрлі талдаулар жасау - сөз тіркесі".
А.Байтұрсынұлының «Тіл-құрал» кітабындағы синтаксисті оқыту логикасы осы желіге сәйкес келетіңдігі - қазақ тілін оқыту әдістемесінің көп ретте жаңалықтарды кезінде мол игеріп, кейін әлеуметтік-қоғамдық жағдайлар ықпалымен көмескі тартып қалғанын дәлелдейді. Дидактикалық қатынастың табиғаты - адамзат жинақтаған білімді жеткізуші мен оны қабылдаушы екі сананың, екі ой иесінің ерекше карым-қатынасынан тұратын тым күрделі болмыс. Ендеше, дәстүрлі оқыту жүйесіндегі оқушының «жанды сана иесі –субъект» ретіңде емес, білімді құюға болатындай объект ретінде танылуының өзі - білім беру үдерісінің түп мақсатын айқын танымаудан туындаған проблема. Оқушының оқу барысында эмпирикалық ұғымдар жасау мен оларды қолдану және теориялық ұғым жасау мен оны қолдану әдістерін меңгермейінше, теориялық білім мазмұны игерілді деп айтуға болмайтынын В.В.Давыдов бастаған эксперименталдық топ дәлелдеген болатын.
Парасатты ой-сананың нәтижесі болып табылатын теориялық ойлаудың басқаның пікіріне ғана сүйенетін ойлаудан қаншалықты айырмашылығы бар екендігі оқушыға эмпирикалық үғым мен теориялық ұғым қалыптастыру дағдыларын меңгерткен соң айқын танылатынын дәлеледеген осы ғалымдардың еңбектері «мектепте қазақ тілінің сөз тіркесі синтаксисінен қай сыныпта қанша көлемде білім беру керек?» дегенді ғана емес, әсіресе, «сөз
тіркесі синтаксисінен қандай мазмұндағы және қандай негізден алынған білім берілуі керек?» дегенді айқын тануға жетелейді.
Оқу мен тәрбие үдерісі - баланы дамыту формасы десек, онда сөз тіркесін оқыту үдерісінің де оқушіыны дамыту потенциалы бар және оны ғылыми зерттеу арқылы анықтау керек. Бірақ, нақты түрде анықтайтын мәселе: сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту үдерісі 5-11 сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай теориялық ойлауды дамытуды қандай оқыту мазмұны арқылы жүзеге асыруды көздейді? Дәстүрлі оқыту жүйесінде мұғалім оқыту материалында берілетін білім мазмұнын «бар, өзгермейтін, даяр» нәтиже ретіңде беретін болса. дамыта оқыту үдерісінде оқушыны білімді біріге іздейтін, әсіресе, оқушының өзіне «жаңалық ашу» мүмкіндігін жасайтын әдіс алдыңғы орын алады. Таным теориясы, диалектикалық логика ілімі сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту технологиясына әдіснамалық негіз ретіңде алынғанда, оқу-танымдық қызметтің эмпирикалық және теориялық кезеңдері және олардың ерекшеліктері, оқу үдерісінде ұйымдастыру жолдары туралы кең мәлімет табу көзделді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет