ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ШЕТ ТІЛІНДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ
ЖАҢА ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ ИНОЯЗЫЧНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
В ВЫСШЕЙ ШКОЛЕ
MODERN TENDENCIES IN THE DEVELOPMENT OF FOREIGN EDUCATION IN HIGHER SCHOOL
Болашақ заңгерлердің ағылшын тіліндегі арнайы лексикасын қалыптастыру тәсілдері
Ағайдарова А.
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ (Қазақстан)
В статье рассматривается методика формирования навыков использования специальной английской лексики у будущих юристов. Автор, ссылаясь на личный педагогический опыт, рекомендует эффективные подходы в обучении студентов терминологической лексике в законодательной сфере.
This article shows the methods of formation of special English lexis for future lawyers. The author recommends the effective ways of teaching terminological words in laws which are practiced in her own pedagogical experience.
Қазіргі таңда шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне айналып отыр. Өйткені, елімізде Қазақстан Республикасының Президенті Н Ә Назарбаевтың бастамасымен «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаһандану жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән берілуде. Халықаралық қатынастар мен бизнес, туризм, әлемдік экономика мен саясат, білім және ғылым саласы мен озық технология, құқық пен мәдениет салаларының халықаралық аренадағы негізгі қолданыс тілі ағылшын тілі болып отыр. Осы ретте болашақ заңгерлерге мамандығы аясында ағылшын тіліндегі арнайы лексикасын қалыптастырудың маңызы зор.
Болашақта заң, құқық қорғау және сот жүйесінде маман болатын студенттердің ағылшын тілін жетік меңгеріп, оны жұмыс барысында сауатты қолдана білу үшін ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерінің әдістемелік шеберліктерінің жоғары болуы талап етіледі. Отыз бес жылға жуық ЖОО-дағы педагогикалық өтіл барысы көрсеткендей, болашақ заңгерлерге ағылшын тілін үйретуде құқықтық-процессуалдық, азаматтық және қылмыстық істерді тергеу, сотта қарау және жазалау актілерін сабақ барысында ойын түрінде көрсету әдісін қолданудың маңызы мен тиімділігі зор. Мұндай ойын түріндегі сабақ барысында студенттер сот, прокурор, адвокат, айыпталушы, жәбірленуші, куәгер ролдеріне ене отырып, сот процесін көрсету арқылы ағылшын тіліндегі салалық терминдерді қолданады. Бұл ретте crime, punishment, verdict, judge, advocate, public prosecutor, criminal process, evidence, motive, witness, prosecution, defense, imprisonment, protocol, criminal code, criminal group, fact, damage, collegial court, sanction, etc. заң терминдерін жиі қолдану арқылы студенттер арнайы лексикалық бірліктерді тез игеріп, оның мағынасына қарай қолдануына мән береді.
Жалпы қылмыс әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық құқық бұзушылық болып екіге бөлінсе, бұлардың әрқайсысының өзіндік терминолгиясы бар. Бір азаматтың шағым айтып, сотқа келуі, қылмыстық істің қозғалуы, тергеушінің тағайындалуы, айыпталушының ұсталуы, сот процесінің жүргізілуі, мемлекеттік айыптаущы мен қорғаушының ұстанымдары, куәгерлердің дәйектері, жаза тағайындау, үкім шығару, бас бостандығынан айыру, шартты жаза, ауыр қылмыс, орташа ауыр қылмыс, моралдық және материалдық өтем, ар намысты таптау, жалған айып тағу, тергеу амалдарын жүргізу, сенімхат, қолхат, нотариалдық бекіту, адвокатқа жүгіну, жазамен келіспеу, еңбекпен түзеу колониясы, кәмелет жасқа толмағандар қылмысы, жасөспірімдер қылмысы, өзін-өзі қорғау, зорлық-зомбылық, медициналық сот сараптамасы, саусақ ізі, тері-май іздері, қан тобы, айғақ болатын заттар, үй тінту, ұрлық-қарлық, адам зорлау, кісі өлтіру, тонау, қарақшылық, бұзақылық, қоғамдық тәртіпті бұзу, көлікті мас күйінде айдау, қасақана кісі өлтіру, топтық қылмыс, жапа шегу, т.б. арнайы құқықтық заң саласындағы сөз тіркестерін әр түрлі оқиға бойынша қолдана отырып, соған сәйкес, құқықтық процесстерді түсіну, сот ісін жүргізудің тәсілдерін меңгеру секілді әрекеттерді сабақ барысында үйретудің тиімділігі мол.
Жалпы алғанда, азаматтық және қылмыстық істер бойынша заң саласының маманы болу үшін, қажетті терминдер мен кәсіби сөздерді ағылшын тілінде үйрену барысында әр бір мемлекеттің заңдары, құқықтық-нормативтік актілері, жарлықтары, бұйрықтары, үкімет қаулылары, қылмыстық кодекс, арнайы ережелер мәтіндері қолданылады. Болашақ заңдер мамандарының халықаралық дәрежедегі құқық саласында немесе шетелдік компаниялара қызмет атқаруы үшін ағылшын тілін жетік меңгеру талап етілетіні белгілі. Ал, ағылшын тілінен қазақ тіліне сот процесстерін аударудағы терминдердің жөні бір бөлек.
Қазақстан Республикасы мен шетелдердің заңнамаларын салыстыру арқылы да студенттер құқық саласындағы ағылшын тіліндегі терминдерді игере алады. Негізі заң саласы терминдерінің түбірі латын, грек тілдерінен бастау алатыны ескерсек, онда тіл тарихына, терминдердің этимологиясына назар аударып, олардың интерпретациялық мағыналарына көңіл бөлген абзал.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті заң факультетінің студенттеріне ағылшын тілін үйретуде олармен шынайы сот процесіне қатысу, адвокатура мен нотариус қызметтерімен танысу, прокаратура органдарының қызмет ерекшеліктеріне жеті көңіл бөлінеді. Отандық және шетелдік баспасөзге, интернет материалдарына шолу жасалып, олардағы заң терминдерінің қолданысына лингвистикалық талдау жасау әдісі жиі қолданылып келеді. Білікті заңгер болу тек құқықтық білімді жетік білумен шектелмейді. Болашақ заңгер терең біліммен қатар, шет тіліндегі арнайы лексиканы еркін меңгергенде ғана халықаралық дәрежедегі маманға айнала алады.
Әдебиет
Айымбетов М., Бодаубай Б., Оразалинов С., Ақыпбекұлы Ө. Заң терминдерінің сөздігі – словарь терминов законадательства (казахско-русский и русско-казахский). – Алматы: Жеті жарғы, 2005. – 656 бет.
The Oxford Russian-English Dictionary. Oxford – Moscow, 1997.
Достарыңызбен бөлісу: |