Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі


Білім беру мазмұнының құрылымының гумандық ерекшеліктер



бет207/237
Дата06.02.2022
өлшемі9,17 Mb.
#36785
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   237
Білім беру мазмұнының құрылымының гумандық ерекшеліктер


Құрманбай К.С.
Қазақстан-Британ техникалық университеті (Қазақстан)


В докладе раскрываются аспекты гуманизации содержания образования с учетом отечественного и зарубежного педагогического опыта в условиях вариативного обучения.
The report discusses ways to develop humanity through educational content, taking into consideration domestic and foreign pedagogical experience in a variety of educational contexts.

Білім берудің күрделі аспектісінің бірі – білім беру мазмұны. Білім беру мазмұны ұғымының сипаттары білім берудің біртұтастығынан бастау алады.


Білім беру әлеуметтік құбылыс ретінде, ең алдымен, ол – объективтік қоғамдық құндылық. Кез келген қоғамның адамгершілік, зиялылық, ғылыми-техникалық, рухани-мәдени және әлеуметтік әлеуеті білім беру саласының даму деңгейіне тікелей байланысты. Алайда ол өз кезегінде сол әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыратын қоғамның тарихи ерекшелігіне қатысты. Білім беру – әлеуметтік даму міндеттерін, қоғамның экономикалық және мәдени деңгейін, оның саяси және идеологиялық сипатын бейнелейді. Ол белгілі бір ғылыми білімдерді, адамгершілік құндылықтарды, мінез-құлық дағды-нормаларын меңгеруге бағдарланған қоғам мүшелерін үздіксіз оқыту және тәрбиелеу қызметін атқарады. Ол үшін білім беру мазмұны икемділік, өзгермелілік, вариативтілік, бейімділік, тұрақтылық, келешектік, сабақтастық, біртұтастық, әмбебаптық сияқты гумандық сипаттарға ие болуы шарт.
Білім беру қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге икемді және өзгермелі түрде бейімделе отырып, өзінің педагогикалық болмысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге тиіс. Сонымен қатар ол дәстүрлі түрде қалыптасып жататын және бірін-бірі алмастырып жататын білім беру тұжырымдамаларын жалғастырушы да, әрі келешектік сипаты айқын болуға, жастарды өмірге сапалы дайындауға міндетті.
Білім беру мекемелерінің сан түрлілігі жағдайында яғни білім беру жүйесінің құрамдастарының вариативтілігінің жағдайында, үздіксіздігі жағдайында ол біртұтастылығымен ерекшеленеді. Білім беру, сондай-ақ, өзін өзі тануға, өз мүмкіншіліктерін жете білуге, сандық және сапалық тұрғыдан байып отыруға, өзгерістерге жедел үн қатуға ашық жүйе. Білім беру үшін қызмет көрсетудегі өзгерістерге ол әрқашан ашық және дифференциалды болуға ұмтылады. Білім беру жүйесі өзінің сан түрлі мекемелерін адамға таңбайды, яғни оның білім алудағы таңдау еркіндігін шектемейді, керісінше адам жеке білімдік өсу траекториясын өзінің қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай саналы түрде таңдайтын болады. Бұның бәрі, түптеп келгенде, қазіргі білім берудің гумандық, тұлғаға бағдарланушылық бағыттылығын күшейтіп бейнелей түседі. В.Сластенин, И.Исаев, Е.Шиянов т.б. ғалымдар білім беру деп тұлғаны физикалық және рухани қалыптастырудың, әлеуметтендірудің бірыңғай үдерісін түсіндіреді: бұл тұрғыдан ол барлық қоғамдардың және барлық жеке адамдардың өмірінің бөлінбес жағы, сондықтан ол ең алдымен адам, қоғам және мемлекет мүдделерін көздейтін тәрбиелеу мен оқытудың мақсатты бағытталатын үдерісі болып табылады 1.
Үшінші мың жылдықтың басында барлық адамзатқа ортақ гуманитарлық, экономикалық және экологиялық проблемалардан туындайтын қарама-қайшылықтардың көбеюі, қоғамдық-экономикалық қарым-қатынас жүйесіндегі жаһандану үдерісінің кеңеюі, қоғамның ақпаратқа, білімге, көпмәдениеттілікке негізделуі, адам капиталының құнының артуы адамзат қоғамының сипаты мен даму бағыттарын анықтап отыр. Адам капиталының сапасы, инновациялық технологияларды және ақпарат ағымын ұтымды пайдалану қазіргі кезде елдердің бір-бірінен салыстырмалы түрдегі даму ерекшеліктерінің артықшылығын көрсетеді. Осындай жағдайда білім беруді жаңарту бүгінгі заманғы маңызды әлеуметтік құндылықтар мен қоғамдық даму бағыттары жүйелерін дұрыс қалыптастырудың шешуші шарты ретінде саналады. Е.С.Полат «Әлемдегі білім жүйесінің дамуының негізгі беталыстары» атты еңбегінде білім берудің жаңа мақсат-функцияларын айқындап көрсетеді. «Білім құндылықтары жаңа мақсатта, жаңа бағыттарда айқындалады. Атап айтқанда, біріншіден, олар тұлғаның, қоғамның және табиғаттың игіліктеріне сәйкестендірілуі шарт; екіншіден, осы орайдан ашық және вариативті ұсынылуы тиіс; үшіншіден, рухани және мәдени қаныққан болуы аса өзектілікті; төртіншіден, толерантты, отаншылдық және шынайы азаматтықтың қалыптасуын қамтамасыз ететін жүйеге бірігуі тиіс. Білім берудің мақсаты экономикаға мамандар дайындаумен анықталмайды, оның негізгі мақсаты – қоғамның интеллектуалдық және мәдени деңгейін көтеру, оның бәсекелестік қабілеттерін инновация мен демократияға лайық дамыту, өмірдің қазіргі заманғы салтын қалыптастыру құралы бола алу. Білім берудің функциясы жаңа сипаттарға ие болуда: ол адам құқын сыйлауға және өзін өзі жақсы тұрмыс үшін тиімді басқара алуға үйретеді; ол қазіргі қоғамның әлеуметтік, экономикалық, саяси, экологиялық тұрақтылықта даму үдерістерінің негізгі шарты болып есептеледі; әлеуметтік жүйені, ұлттық бірегейлікті, рухани мәдениетті сақтау және дамытудың бірден-бір кепілі қызметінде танылып отыр» 2.
Ә.Т.Дүйсенбектің «Тұрақты даму тұрғысынан отандық білім жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері» мақаласында білім беру жүйесінің құрылымы мен білім беру мазмұнының біртұтас даму бағыттары әлемдік тәжірибе аясында сипатталады:
- жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекетердің, қоршаған табиғи ортаның, сонымен қатар бүгінгі және келешек ұрпақтың мүдделері мен қажеттіліктеріне үйлесімді болуын қамтамасыз ету;
- ғылым мен технологияның, нарықтық экономиканың өзгермелі және өскелең талаптарына сәйкес үздіксіз, пәрменді, дамымалы және үнемі жетіліп отыруға бейімді болуын қамтамасыз ету;
- адамзат қоғамының мол ауқымды, кең спектрлі, көпвекторлы, көпмәдениетті сипатына сәйкес ашықтығын, демократиялығын, интеграциялануға бейімді болуын қамтамасыз ету» 3, 10-11.
Сөйтіп қазіргі әлемде білім беру – білімді адам дамуының негізгі факторы деп есептеледі, яғни білім беру адам мүддесіне мейлінше жақындатылуда.
Қоғамымыздың ішкі даму ерекшеліктеріне сәйкес және білім дамуының отандық сондай-ақ әлемдік тәжірибесін ескере отырып, осы негіздерде Қазақстанда да білім жүйесі әлемдік жаһандану үрдісінде бәсекелестікке қабілетті, бейбіт және тұрақты даму жолының қамтамасыз етілуі үшін, адам капиталының жаңа сапада дайындалуы үшін ең пәрменді, әрі ең сенімді құрал ретінде танылып, дамытылуы жан-жақты қарастырылып, жүзеге асуда. Бұл «Білім туралы» ҚР Заңында (2007 ж.) білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері ретінде танылған: «...әрбір адамның зияткерлік дамуы; білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы...» 4.
Аталған Заңда еліміздің білім жүйесінің міндеттері нақты тұжырымдалып көрсетілген:

  1. ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

  2. жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;

  3. азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

  4. белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

  5. отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру 1, 35.

Бұл отандық және әлемдік тенденциялар еліміздегі білім беру үдерісіндегі білім беру мазмұнының бағдарларын айқындауға негіз болып табылады. Білім беру мазмұны – білім берудің мақсат-міндеттерін шешуде яғни жеке тұлғаны дамыту мен өзін өзі танудың және оның мәдениетінің тұғырлық негіздерін қалыптастыруда негізгі құрал. Білім беру мазмұнының қоғамдық дамудың қай кезінде болса да ізгі ниетті адам қалыптастыруға бағдарлануы оның гумандық сипатқа ие екенін көрсетеді.
ХХ ғасырдың орта кезінен ерекше қарқын алған ғылыми-техникалық революция білім көлемінің шұғыл артуына ықпал етті. Ендігі жерде ғылымның жедел дамуына ілесу мүмкін болмай қалды, сөйтіп білім беруде баланың ақыл-ой күшін дамытуға бағыт алу қажеттілігі туындады. Мектептегі оқытуда маңыздысы мазмұн емес, танымдық қабілеттерді, өз бетінше білім жинауға үйрететін білімдерді қалыптастыру деп табылды. Формальдылық теориясы мен материалдық білім беру теориясының өзгешеліктері мен олардың ерекшеліктері қазіргі білім беруде жалғасын тауып, білім беру мазмұнын түзуде мазмұндық жағын да, процессуалдық жағын да үйлестіріп ескеру қажеттілігі алға шығарылды.
Білім беру мазмұнының іргелі ғылыми білім екені және икемділік сапалары, тәрбиелік мәнділігі қай кезде болмасын оның өзекті идеясы болып келді. Ресейде қабылданған 1998 жылғы «Үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесіндегі базалық білім беру ретіндегі жалпы орта білім беру тұжырымдамасында» берілген анықтамада білім мазмұны туралы әлемдік педагогикалық ой-санада қалыптасқан пікірлердің негізі көрініс берген: «Жалпы орта білім берудің аса маңызды компоненті – оның мазмұны. Ол әлемнің тұтас бейнесін, табиғат техника, қоғам адам туралы, әлеуметтік тәжірибе және алда келешектігі бар әлеуметтік тапсырысты қамтиды. Білім беру мазмұнында жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу, оқыту және дамыту міндеттері табиғи бірлікте көрініс табады» деген.5, 20-21.
Тұрақтылық – білім беру мазмұнының бөлінбес сапасы, сонымен бірге, білім беру мазмұны уақытылы жаңарып отырады, қоғам өміріндегі барлық өзгерістерге сергек қатысымды, ғылымның, техниканың, өндірістің, адамдардың қарым-қатынасының динамикалығын ескереді. Ол тұлғаның ақыл-ой, эмоциялық, адамгершілік, эстетикалық, дене дамуының биік деңгейіне қол жеткізу үшін жағдаяттар ұйымдастыруға негіздік қызмет атқарады. Осы орайдан да білім беру мазмұнын жетілдірудегі ізденістердің бағыттары жан-жақты екені байқалады. Олар:

  • адам әрекетінің және қоғамдық қатынастар жүйесінің барлық негізгі түрлерін көрсететін қоғамдық, жаратылыстану-математикалық, тілдер, көркемдік-эстетикалық, еңбек пәндерінің дұрыс үйлесімде берілу жолдарын анықтау;

  • әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыру және оқушылардың жұмысбастылығын болдырмау мақсатында оқу пәндерін интеграциялап ұсыну;

  • іргелі ғылыми идеялар, түсініктер, теориялар, принциптер негізінде білімді шашырандылықтан, ұсақтықтан арылтып, басты-басты ірі күйде беру;

  • оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эмоциялық-құндылықтық қатынастарын, ғылыми-диалектикалық ойлауларын дамытуға бағдарлану;

  • оқушылардың қызығушылықтары мен жеке бейімділіктерін ескеру;

  • ұлттық ерекшеліктермен байланыстыру;

  • оқушылардың ақыл-ой, эмоциялық, еріктік салалардағы және баланың психикалық даму қарқыны мен деңгейлеріндегі айырмашылықтар мен өзгешеліктерді ескеруге мүмкіндік туғызатын оқу жоспарлары мен бағдарламаларының вариативтілігі т.б.

Қазіргі жағдайда білім беру мазмұнын гуманизациялау оның даму бағыттарының бәріне қатысты ерекше маңызға ие болуда. Табиғат адам және қоғам туралы жалаң білім беруден бүкіл білім мазмұнын тұлғалық мәнділікті етуге көшу қолға алынуда. Оқушы білім мен біліктің өзінің жеке өмірлік жоспарларын, қалауларын, мүдделерін жүзеге асыру үшін керек екенін түсінетін болса, білім алуға деген ұмтылыс еселеп артатыны дәлелденуде. С.Н.Лактионова білім беру мазмұнына мейлінше ауқымды мағынаны қамтитын анықтама береді:
«Мектептегі білім мазмұнын оқушылардың жасының мүмкіндіктеріне сәйкес мәдениеттің педагогикалық интерпретацияланған моделі ретінде түсіну дұрыс болмақ, ол модель оқушылардың эмоциялық-сезімдік толғаныстарының, жанашырлықтарының, құндылықтық қатынастарын құрудың, табиғат, қоғам, адам және олардың өзара байланыстары туралы білімнің саналуан түрлерін өзбеттерінше меңгерудегі біліктерін қалыптастырудың, өзін және қоршаған әлемді түсінудің шарты мен құралы болып табылады» 6.
Білім беру мазмұнының мұндай талапқа жауап бере алуы үшін құрамының толықтығы қажет. Ондай сипаттағы толықтық ақыл-ой, адамгершілік, коммуникативтік, эстетикалық, дене дамуы, еңбек сияқты алты компоненттің білім мазмұнының өзекті арқауы болуы арқылы қамтамасыз етіледі. Олардың тікелей және жанама жолмен қосарлы түрде білім беру мазмұнына өзара үйлесімді енуі әлемді тұтас қабылдауға және ондағы адамның орнын аңғаруға мүмкіндік береді. Сөйтіп педагогикалық үдерісті жан-жақты гуманизациялау негізінде оқушының тұлға ретінде дамуына білім беру мазмұны арқылы мүмкіндіктер тудыру қазіргі педагогикалық ақыл-ойдың басты мәні болып отырғанын көреміз. Соның нәтижесінде жеке тұлғаға бағдарлану, оқыту, білім беру мазмұны түсініктері жаңа мағыналармен байытылуда.
Бұл аталған принциптер негізінде білім беру мазмұнын таңдау, сұрыптау критерийлері анықталады. Олардың бастылары:

  1. Жалпы білім берудің мазмұнында тұлғаның үйлесімді дамуының көрініс табу критерийі.

  2. Білім беру материалының ғылыми және практикалық жоғары мәнділік критерийі.

  3. Білім беру мазмұнының күрделілігінің осы жастағы оқушының нақты оқу мүмкіндіктеріне сәйкестік критерийі.

  4. Осы оқу пәнін оқу уақытымен білім мазмұны көлемінің сәйкестік критерийі.

  5. Жалпы білім берудің мазмұнын құрудың халықаралық тәжірибесін есепке алу критерийі.

  6. Мазмұнның қазіргі мектепте бар оқу-әдістемелік және материалдық базасына сәйкестік критерийі 7.

Жалпы білім беру мазмұнының бұл принциптері мен критерийлері білім беруді гуманизациялаудың тенденцияларына сәйкес келетінін байқаймыз. Олар мектептегі оқытуды гуманизациялаудың мақсаттары мен оның күтілетін нәтижелерімен үндестік табады.
Білім беру мазмұны бүкіл адамзат тарихында мәдени-тарихи құбылыс ретінде дами отырып, қалыптасудың белгілі бір сатыларынан өте келе, әр уақытта нақты тарихи кезеңдегі қоғамның мүдделері мен сұраныстарының сәулесі болды. Дәстүрдегі білім беру білім беру мазмұнынан рухани-адамгершілік құндылықтарды ығыстыра отырып, технократыққа бағытталған, сондықтан оның дүниені тұтас қабылдап түсінуді қалыптастыру мүмкіндігі төмен. Бұдан шығатын жол – ғылыми, технократтық білім беру моделінен гумандық мәдени модельге бағдарлануға көшу. Ол білім беру мазмұнын жаңалауды қажет етеді. Ақыл-ой және эмпиризм философиясына негізделген қазіргі білім беру мазмұны мектептің білім беру мазмұнының әртүрлі үлгілерінде өзінің шырқау шегіне жетті. Ендігі жерде жаңа әдіснамалық бағдарлар білім беру мазмұнын жаңа тәсілжолмен құруға негізделеді. Ол – мектептегі гумандық білім беру кеңістігінде мәдениеттің моделі оның ертедегі бұрынғы формаларының және қазіргі замандағы өрлеуінің тарихи үдерістерінде оқу бағдарламаларының мазмұнында қайта жасалатын біртұтас рухани-материалдық орта деп те танылады.


Әдебиет

  1. В.Сластенин, И.Исаев, Е.Шиянов, Педагогика http: www.krotov.info/lib sec/shso/71 slas2.html

  2. Полат Е.С. Әлемдегі білім жүйесінің дамуының негізігі беталыстары. http:elu.km.metoda/tendencil.htm.

  3. Дүйсенбек Ә.Т. Тұрақты даму тұрғысынан отандық білім жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері // Білім № 3. 2005, 10-11 б.

  4. Қазақстан Республикасының Заңы. Білім туралы // Егемен Қазақстан №254-256 (24829) 15 тамыз 2007.

  5. Концепция общего среднего образования как базового в единой системе непрерывного образования. Проект. –М., «Педагогика», 1988. Выпущено по заказу Академии педагогических наук СССР, -С.20-21

  6. Лактионова С.Н. Категориально-понятийное поле компетентностного образования, ориентированного на результат // Теоретико-методологические аспекты развития школьного и дошкольного образования в условиях ориентации на результат: Коллективная монография: Джадрина М.Ж., Байжасарова Г.З., Лактионова С.Н. и др// Под общей ред. Джадриной М.Ж., Байжасаровой Г.З. –Алматы, «Зият Пресс», 2006, -С.120. –С. 256.

  7. Ахметкаримова К.С. К вопросу о причинах реформирования современной казахстанской школы // 12 летнее образование, №7, 2005. –С.46-47.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет