Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі



бет210/237
Дата06.02.2022
өлшемі9,17 Mb.
#36785
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   237
Диалог ()

  • Келесі қай аялдама?

  • Университет қалашығы.

  • Сіз сол аялдамадан түспейсіз бе?

  • Жоқ.

  • Мені өткізіп жіберіңізші.

1-тапсырма. ( диалог бойынша)
Диалог қайда өтіп жатыр?
А) Көшеде
В) Аялдамада
С) Көлікте
D) Кітапханада
2- тапсырма.
Сөйлемді дұрыс аяқтаңыз.
1. Сіз аялдамадан ... ?
А) түсесіз
В) түсесің бе?
С) тұсемін
D) түсесіз бе
Диалог ()

  • Тоқтар аға, ғарышқа ұшар алдында қандай көңіл-күйде болдыңыз?

  • Елден тым жырақта жүргендіктен шығар, маған ғарышқа ұшудан гөрі халқымның дәстүрі қатты әсер етті.

  • Ол қандай дәстүр еді?

  • Космодромда қазақ үй тігіп, қуаныштан жүрегі жарыла, арқа-жарқа жүгірген жұрт. Ет асылып, Талғат екеумізге қойдың басын ұсынуы, 93 жастағы ақсақалдың бата беруі – бәрі-бәрі ерекше көңіл-күйін бөледі. Мұндай соншалықты кіршіксіз, шынайы дәстүр әлемде жоқ дер едім.

  • Ғарыштан аман-есен оралып, сол сапар туралы Елбасына қазақша баянат (рапорт) жасапсыз.

  • Менің ана тілімнен тәжірибем жеткіліксіз еді. Соған қарамастан намыстанып, бүкіл ой-санамды тек қазақша жеткізуге бағыттадым. Қазақстанның тұңғыш Президентіне тұңғыш ғарышкері осылайша қазақша тіл қатқан. Мені қазақша сөйле деп ешкім күштеген жоқ, өзімнің жүрек қалауым солай болды.

(«Егемен Қазақстан»)

1. Ғарышқа ұшар алдында ғарышкерге әсер еткен ...


А) алғашқы қадам
В) тылсым дүние
С) халқының дәстүрі
Д) беймәлім ғарыш
2. Баянатты ана тілінде жасауға итерген күш ... .
А) тәртіп
В) талап
С) сенім
Д) намыс
3. Ғарышкердің қазақ тілін білу деңгейі қандай еді?
А) жоғары
В) жақсы
С) өте жақсы
Д) орта
4. Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшардан бұрын ... жүрген.
А) ел ішінде
В) елде
С) елден сырт
Д) ел арасында


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет