Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет239/269
Дата15.07.2023
өлшемі10,84 Mb.
#179460
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   269
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

Бөлшектік сан есім
Заттың бөлшектік санын білдіретін сан есім, математикалық ұғымға негізделген сөздер. 
Құрамы жағынан тек күрделі ғана болады.
Жұмыстың 
үштен бірі
бітті.
Өнімнің 
тең жартысы
жөнелтілді.
Жұмыссыздық 
2,5
пайызға артып отыр.
Құрамы:
1)Сөздердің бірінші сыңары ілік септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғауда тұрады: үштің 
екісі, жүздің жиырмасы.
2)Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғауда болады: екіден бірі, 
сегізден алтысы.
3)Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары атау септікте болып келеді: оннан төрт, 
жүзден он, мыңнан бір.
4)Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғаудағы бөлік сөзінің 
тіркесуімен жасалады: жүзден он бөлігі.
5)Белгілі бір заттың тиісті бөлшегін атау үшін есептік сан есімдерге жарым, ширек, жарты 
сөздері тіркеседі: алты жарым, үш ширек.
6)Таза математикалық бөлшектік санда бүтін сөзі қолданылады: он бүтін алтыдан екі, 
отыз жеті бүтін жиырмадан тоғыз.
ОтандыҚ тауар
Болжалдық сан есім
Мөлшер үстеуі
VII БӨЛІМ
БІрІншІ 
саБаҚ
Болжалдық сан есім
Болжалдық сан есімдер заттың санын дәл көрсетпей, шамалап, болжалдап білдіреді.
Он
даған 
адам келе жатыр. 
Айымның әкесі қырық
тар
дағы кісі екен.
Оның шет елден алған хаттары
он
шақты 
болып қалады.
Жасалуы:
Жалғаулармен:
1. Көптік жалғаумен: Сағат 
алтылар
болды.
2. көптік және септік жалғаулармен: Мен сағат 
алтыларда
келемін.
Жұрнақтармен:
1. -даған, -деген, -таған, -теген: Ол 
ондаған 
кітапты ақтарып отыр.
2. –дап, -деп, -тап, -теп, -лап, -леп: Адамдар 
ондап, жүздеп
келіп жатыр.
3. –дай, -дей, -тай, -тей: Содан бері алты 
сағаттай
өтті.


309
Синтаксистік тәсіл:
1. Есептік сан есімдердің қосарлануымен: бес-алты, жиырма-отыз.
2. Шақты, шамалы, шамасы, қаралы сөздерінің тіркесуімен: жүз қаралы, он шақты.
Мөлшер үстеуі
Мөлшер үстеуі қимылдың мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама-шарқын білдіреді. 
Бұл жылы қыста 
онша
суық болмады.
Отандық өнім 
едәуір
көбейіп қалды. 
Сұрақтары: қанша? қаншама? қаншалық?
Бұл бөлім қызметкерлерінің білімі 
анағұрлым
жоғары екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет