312
Белгісіздік есімдіктерінің мынадай ерекшеліктері бар:
1. Әлде, әр, кей, қай, бір сөздері екінші есімдіктермен (біреу, кім, не, бір, қашан, қалай, қайда, аз т.
б.) тіркескеңде, бірге жазылады да, басқа сөз таптарымен (мысалы, зат есімдермен) тіркескенде,
бөлек жазылады.
2. Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде-кім, әлдекім, әркім, әлдене тәрізді белгісіздік
есімдіктер зат есім орнына жұмсалады. Олар көптік, тәуелдік, септік жалғауларында жұмсалып,
сөйлемде атау септікте бастауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып
толықтауыш, ілік септікте анықтауыш қызметтерін атқарады.
3. Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір, қайбір дегендер сын есім орнына жұмсалып, әлденеше, бірнеше,
біраз дегендер сан есім орнына жұмсалып, әдетте анықтауыш қызметінде қолданылады.
Белгісіздік есімдігінің бұл түрі кейде тәуелденіп, септеліп келіп, заттанып, атау септікте
бастауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде толықтауыш қызметінде де
жұмсалады.
4. Әрқашан, әрқалай, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқайдан деген белгісіздік
есімдіктері үстеу мәнінде мезгіл, мекен мағыналарын білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін
атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: