Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет242/269
Дата15.07.2023
өлшемі10,84 Mb.
#179460
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   269
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

құрамы жағынан
негізгі я туынды 
түбір
немесе күрделі 
түбір бола береді.
ас МОЛ БОЛсын 
Белгісіздік, сұрау есімдіктері
X БӨЛІМ
БІрІншІ 
саБаҚ
БЕлГІСІЗДІК ЕСІМДІГІ
Затты, сындық белгіні, сан-мөлшерді белгісіз етіп жорамалдап, тұспалдап көрсету мәнін 
білдіретін есімдіктің түрі белгісіздік есімдігі деп аталады. 
Белгісіздік есімдігіне 
біреу, кейбіреу, бірдеме, әрне, әлдекім, әлдене, әркім, кімде-кім, 
бір, қайсыбір, кейбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, 
әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқайдан, әрқашан
дегендер жатады.


312
Белгісіздік есімдіктерінің мынадай ерекшеліктері бар:
1. Әлде, әр, кей, қай, бір сөздері екінші есімдіктермен (біреу, кім, не, бір, қашан, қалай, қайда, аз т. 
б.) тіркескеңде, бірге жазылады да, басқа сөз таптарымен (мысалы, зат есімдермен) тіркескенде, 
бөлек жазылады. 
2. Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде-кім, әлдекім, әркім, әлдене тәрізді белгісіздік 
есімдіктер зат есім орнына жұмсалады. Олар көптік, тәуелдік, септік жалғауларында жұмсалып, 
сөйлемде атау септікте бастауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып 
толықтауыш, ілік септікте анықтауыш қызметтерін атқарады.
3. Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір, қайбір дегендер сын есім орнына жұмсалып, әлденеше, бірнеше, 
біраз дегендер сан есім орнына жұмсалып, әдетте анықтауыш қызметінде қолданылады. 
Белгісіздік есімдігінің бұл түрі кейде тәуелденіп, септеліп келіп, заттанып, атау септікте 
бастауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде толықтауыш қызметінде де 
жұмсалады. 
4. Әрқашан, әрқалай, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқайдан деген белгісіздік 
есімдіктері үстеу мәнінде мезгіл, мекен мағыналарын білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін 
атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет