ОҚыЛыМ
1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сіз шетелде болдыңыз ба? Қай жерлерде болдыңыз?
2. Сізге шетелде тұру ұнай ма?
3. Сіздің шетелде тұрғыңыз келе ме?
4. Сіздің шетелдік досыңыз / танысыңыз / әріптесіңіз бар ма?
2. Оқыңыз.
Бойымдағы жағымсыз қасиеттерден арылған сияқтымын....
Ұлыбританияда
оқып
жүрген
кезім өмірімде ерекше орын алады. Сол
туралы айтайын. Оны Қазақстанмен,
қазақ менталитетімен, ерекшелігі мен
ұқсастықтарын
салыстырасың.
Әрине
өзгешелік бар.
Ондағы жастар да, кәрілер де
біздікілермен салыстырғанда басқаша. Халық
жалпы спортқа бейім. Кәрісің бе, жассың ба,
ешкім оған қарап жатқан жоқ. Бәрі спортпен
шұғылданады. Оларға қарап, мен де спортпен
жиі шұғылданайын деп шештім. Олар күндіз
сабақ оқып, жұмыс істесе, кешке қарай
жүгірумен айналысады.
Менталитетіне
келетін
болсам,
ағылшындар бір ұстаным, ережемен
жүруге үйренген. Белгілі бір ережені бұзуға
тырыспайды. Мәселен, көшеде қоқыс
тастаудың өзіне үлкен жауапкершілікпен
қарайды. Қаланы барынша таза ұстауға
тырысады.
64
III
БӨ
ЛІМ
3. Мәтін не туралы? Дұрыс жауапты белгілеңіз.
4. Мәтіннен болымсыз есімдіктер мен бұйрық райлы етістіктерді теріп жазыңыз.
Болымсыз есімдіктер
Бұйрық райлы етістіктер
_________________________________________________________________________

Студенттердің жауапкершілігі
мол. Оқуды да оқиын, көңілді де көтерейін
деген ұстаным. Сол жағына келгенде,
ағылшындар пысық болады екен. Ең
бастысы, олар маған табиғатты
аялауды, оны сыйлауды, таза ұстауды
үйретті. Онда бәрі тап-таза, ауасы
керемет. Шашылып жатқан ештеңе
жоқ. Тіпті мәшинелердің өзі Лондон
сияқты үлкен қалаларында болмаса,
біздікіндей көп емес. Адамдардың көбі
велосипедпен жүреді. Көп дос таптым.
Ағылшындардың,
ондағы
өзге
ұлттардың менталитетіне қарап,
бойымдағы жағымсыз қасиеттерден
арылдым деп ойлаймын.
Ағылшындардың қ
онақжайлылығы т
уралы
Ұлыбританиядағы өмір сүр
у салты туралы
лондон қаласының табиғ
аты туралы
|