Қазақстан республикасы қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі


Дәстүрлік білімді, жаңа кірітулерді және тәжірибиені қорғау



бет9/11
Дата30.04.2018
өлшемі3,13 Mb.
#40340
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

4.2. Дәстүрлік білімді, жаңа кірітулерді және тәжірибиені қорғау.
9 мақсаты. Түбірлік және жергілікті қоғамдағы әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті сақтау.

9.1. мақсаттық мәселе. Дәстүрлік білімді, жаңа кірітулерді және тәжірибиені қорғау.
Қазақстанда қауымның барлық саласында мемлекеттің азаматтарының этникалық тең құқықтылығы тәжірибие жүзінде іске асырылған және заңнамаларда бекітілген.

Қоғамдық-политикалық институт – Қазақстан халқының Ассамблеясы, этникааралық қарым-қатынастың басты механизімі ретінде құрылған. Республикада 350-ден астам республикалық және жергілікті ұлттық-мәдени орталықтар бар.

Қазір мемлекетте қазақша, орысша, ұйғырша, немісше, кәрісше және өзбекше театрльді және шығармашылық ұжымдар жұмыс жасайды.

Этнткалық топтар он бір тілде теле- және радиобағдарламаларға шығады, шамамен жиырмадан астам орталық және аймақтық басылымды СМИ шығарылады.

ҚР Үкіметінің қаулысымен 10.12.2007 жылдан №1203 «2007-2009 жылдың Қазақстан Республикасының мәдени мұрасы» бағдарламасымен бекітілген.

2004-2006 жылғы «Мәдени мұра» бағдарламасының бірінші кезеңі, тарихи мәліметтерді жинау және зерттеу, іздеу бойынша жұмысымен болжанды. Бағдарламаны орындау үшін республикалық бюджеттен 2,7 миллиярд теңге бөлінген. 30 археологиялық және 17 қосымша ғылыми-зерттеу жобалары іске асырылған.

Екінші кезеңі жинақталған мәлімет халыққа шынайы қол жетерлік болатын жаңа дәрежелі болуы керек.

Тәуелсіздік жолында Қазақстан үлкен жол жүрген, оның экономикалық және политикалық іс-әрекеттері, жалпы қоғам өзгерді. Қазақстан өзінің мәдени мұрасын сақтау саласында масштабы және қызықты жұмыс атқарды. Соңғы жылдары бағалы мәліметтер жинақталған және мемлекеттің мәдени өткен шағын зерттеуде бағалы тәжірибиеге ие болды.

2004-2006 жылдарда ұлттық және әлемдік ғылыми ойлар, әдебиеттер мен мәдениеттер басылымдар санында 218 томдар басып шығарылған, ал 2007 жылы – 74 атаулылар.

«Түріктік-Қазасқтан» қоры Алматыда 2008 жылдың 9 тамызында презинтацияланған. «Түріктік» қоры он төрт мемлекетті байланыстырады (Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркменістан, Өзбекістан және Турцияны, сонымен қатар бақылаушыларды: Татарстан, Башқортостан, Солтүстік Кипр, Тыва республикасы, Хакасия және Гагаузия) және түрік халқының мәдениеті мен өнерінің дамуына үлес қосады. «Түріктік» қазақстан қорының жақындағы жоспарында – салт-дәстүрдің, қол өнерлердің және кәсіпшілікті қайта жаңғырту мен популяризациясы сонымен қатар ұйымның мемелекет-қатысушыларының арасында мәдени алмасуды күшейту. Іріктеу-тайпалық жұмысты жүргізудің мақсатты негізінде қазақи ақбасты, әулиекөлдік тұқымын жетілдіретін, шөл және жартылай шөл аймақтарда өсіретіндер ретінде ұсынған цигайлық қойдың қазақи түрі мен қойдың жартылай терең құйрықты тұқымының ақтөбелік түрі құрылған. Жіңішкерунды қойшылықта жұмыс дерліктей республиканың барлық аймақтарында, жартылай жіңішке рунды, тұрпайы- және жартылай тұрпайы жүнді қойшылықта жүргізіледі. Қойлар мен ешкілердің коллекциялық топтарын құру жұмыстары жүргізілген.

Ұқсастығы жоқ, жоғарғы ет-сүттік өнімділігімен және жылдық жайылымдық-тебендік құрамға бейімделуімен ерекшеленетін кушумдық тұқымды жылқыларды жетілдіру жалғастырылуда.

Қазақи тұқымды түйелерді жетілдірі бойынша іріктеулік-тайпалық жұмыс таза тұқымдыларды өсіру жолымен жүргізіледі.

«Суда жүзетін құстардың өмір сүру ортасы ретіндегі глобльді-мәнге ие сулы-батпақты мекендерді кешенді сақтау», «Қазақстандағы табиғи өсу орындарындағы агро-биоәптүрлілікті сақтау», «Алтай-Саян аймақтарындағы биоәртүрлілікті тиімді пайдалану мен сақтау» халықаралық жобаларының рамкасында дәстүрлік білімді қорғау іс-шаралары жүргізілуде.
9.2. мақсаттық мәселе. Дәстүрлік білімін, жаңа кірітулер және тәжірибиелерін, сонымен қатар қортындысын бірлесіп шығрауға құқықты тұрғылықты және жергілікті қоғамның құқығын қорғау.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2000 жылдың 11 шілдесіндегі №10510 қаулысында Қазақстан Республикасында қолқнерлікті дамыту Концепцисяы қабылданған.

Қолөнерді дамытудың қағидалық негізі болып ежелгі дәстүрдің ұлттық мәдениетін үгіттеу, шығармашылық тұлғаның еркіндігін қайта жаңғырту болып табылады.

Қазақстан Республикасының патентті жүйесінің 2007-2011 жылғы даму бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 23.12.06 ж. қаулысы) интелектуальді меншіктің дәстүрлік емес объекттерді: іріктеулік жетістіктерді, дәстүрлік білімді, фольклорды, генетикалық ресурстарды қрағалуын жетілдіру және кеңейту қарастырылуда.

Орталық Азияның Еуразиялық қоры (ОАЕҚ) «Шеврон Мұнайгаз Инк.» компаниясының қолдауымен және ҚР Ақпарат және Мәдениет министрлігінің бірлесуімен 2006 жылдан бастап «Қазақстанда қолөнерді дамыту мен халықтық көркем кәсіпшілікті қайта дамыту» ұш жылдық бағдарламасын жүзеге асыруға бел буды.

2008 жылы бағдарламаның ІІІ фазасының іске асырылуы басталды. Болашақта халықаралық аренаға шығуымен Қазақстанның қолөнер секторының мақсаттық және жүйелік дамуына бағыталған іс-шаралар кешені жүргізілген. Қолөнерді дамыту бойынша жергілікті күшейтулер мақсатымен Шымкен және Ақтау қалаларында қолөнер бойынша екі аймақтық ақпараттық-ресурсты орталықтар құрылған.

ОАЕҚ ақпараты бойынша екі жыл ішінде Қазақстада қолөнерлік сектордың жағдайын көп кезеңді зерттеу жүргізілген, барлық мемлекет бойынша қолөнершілердің электронды мәліметтер базасы құрылған, қолөнер бойынша 13 тренингтер өткізілген. Осы уақыт ішінде қазақ тілінде және орыс тілінде өткізілген кіші бизнесті ұйымдастыру бойынша тренингтер мен квалифмкацияны жоғарлату курстарында 294 қолөнершілер өтті.


4.5. Генетикалық ресурстарды қолданудан түсетін пайданы әділетті және тең негізде бірлесіп пайдалануды қамтамасыз ету.
10. Мақсат. Генетикалық ресурстарды қолданудан түсетін пайданы әділетті және тең негізде бірлесіп пайдалануды қамтамасыз ету.
10.1. Мақсаттық мәселе. Генетикалық ресурсқа кез келген қол жеткізулер диолоиялық әртүрлілік пеноның қатысты жағдайы туралы Конвенцияға сәйкес жүзеге асады.
10.2. мақсаттық мәселе. Биологиялық әртүрлілік және оның қатысты жағдайы туралы Конвенцияға сәйкес келетін ресурстарды көрсететін мемлекеттердің әділетті және тең негізде бірлесе отырып генетикалық ресурстарды комерциялық және басқаша қолданудан пайда табу.
Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 17 маусымынан заңы биологиялық әртүрлілік туралы Конвенциясына қауіпсіздігі бойынша Картохендік хаттамасының ратификацясы туралы.

Кртохенді хаттамаа қосылу генетикалық өзгерген ағзалар мен азық-түліктердің трансшекаралы орналастырылуымен байланысты қызметінің біздің мемлекеттің аймағында орын шолуы үшін жауапкершілікті жоғарлатуға, тығыз халықаралық қызметтесуге, сонымен қоса зерттеу және ғылыми-техникалық өңдеу жұмысында бірлесіп көмек көрсету, биотехнология аймағында ақпараттық алмасумен қамтамасыз етуді рұқсат етеді. Берілген актінің ратификациясы пайда болатын қауіп-қатерді бағалау үшін қаржылай қаражат алудың биоқауіпсіздігі бойынша делдалдық механизм аясында мүмкіндікті көрсетеді.


4.6. Адекватты ресурстарды ұсынуды қамтамасыз ету.
11. Мақсат. Екі жақты қаржылық, адамгершілік, қылыми, техникалық және технологиялық потенциялды КБР жүзеге асыру мақсатында нығайту керек.
11.1. Мақсаттық мәселе. Дамушы мемлекет болып табылатын тараптар, олардың Конвенция аясында өзінің міндеттерін пайдалан алуы үшін жаңа және қосымша қаржылай ресурстармен 20-шы бапқа сәйкес ұсынылады.
Қазастан Республикасы биоәртүрлілікті сақтау мен тұрақты пайдалану аймағында 5 приоритетті: биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияны, бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы Конвенцияны, жабайы аңдардың миграциялаушы түрлерін сақтау туралы Конвенцияны, сулы-батпақты мекендерді қорғау туралы Конвенцияларды, жоғалу қаупінде тұрған жабайы фауна мен флоралардың түрлерін халықаралық сату туралы Конвенцияны, мемлекетаралық келісім шарттарға қосылды, қол қойды, қолдады және/немесе ратификациялады.

МООС әріптестігінде қолжанылатын экологиялық басқарма жүйесін жетілдіру және Қазақстанда тұрақты дамытуды қолдау бойынша ПРООН-ның күш салуы нәтижесінде ҚР тұрақты дамыту бойынша Кеңес құрылған. 2006 жылда 2007-2024 жж. тұрақты дамуға Қазастанның өтуі туралы Конвнциясы қабылданды және өңделді, Парламентпен экологиялық кодекс қаылданды, МЭБП-мен бірлесе отырып кедейлікті қысқарту Бағдарламасы жүзеге асарылды, халықаралық экологиялық Конвенциясын іске асыру бағалауы аяқталған, осы Конвенциялардың аясында міндеттерді орындауда мемлекеттің потенциялын өсіру бойынша іс-шаралар жоспары құрылған.

Мемлкеттік бағдарламалар мен БҰҰ-ның даму бағдарламасының Қазақстан Республикасының Үкіметінің приоритетіне сәйкес «Қазақстан Ресубликасының тұрақты дамуына өтуінің Концепциясын жүзеге асыруға көмектесу» жобасы құрылған.

Биоәртүрлілікті сақтау бөлімінде УР Концепциясының приоритетін жүзеге асыру үшін келесі жобалар (ГЭФ) өңделген және орындалуда.

Суда жүзетін құстардың өмір сүру ортасы ретіндегі өзекті мағынаға ие сулы-батпақты мекендерді кешенді сақтау.

Қазастандағы табиғи өсу аймақтарындағы агро-биоәртүрлілікті сақтау.

Алтай-Саян экоаймағындағы биоәртүрлілікті тұрақты пайдалану және сақтау.
11.2. Мақсаттық мәселе. Дамушы мемлекеттер болып саналатын тараптар Конвенция аясында өзінің міндеттерін тиімді пайдалана алуы үшін 20-шы баптың 4-ші пунктіне сәйкес технология беріледі.
КБО аясында өзінің міндеттерін орындау үшін ҚР технологиясының қолжетімділігі мен берілуі бойынша ғылыми, техникалық және технологиялық потенциалдың дамуы бойынша шаралар қолданған.

2007-2012 жылдарға ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданған. Премьер-Министр басқаратын, ғылымның ұйымдастырылуы мен басқару құрылымын жетілдіру мақсатында ВНТК статусы жоғарлатылған. Қазақстандық ғылым үшін приоритет ретіндегі, ВНТК мемлекеттерінің ғылыми потенциалы туралы халықаралық сарапшылардың ойын есепке ала отырып, нанотехнология және жаңа материалдар, биотехнологиялар, көмірсулы жіне таулы-металлургиялық секторларды және онымен байланысты сервисті сала үшін технологиялар, ядролық технологиялар және қайта қалпына келтірілетін энергетиканың технологиялары, ақпаратты ғарыштық технологиялар және басқа да бағыттарды бекітеді.

МОН ҚР ВБ-мен бірлесе қазақстандық ғылымның инвестициялық жұмылдыруды жоғарлатуын қарастыратын «Технологиялардың коммерциализациясы» жобасы құрылған. Бұл белгілі шетелдік ғалымдарды қатыстырумен, олардың орындалу мониторингімен, халықаралық ғылыми ортаға интеграциялаумен бірге, ресурстардың концентрациясымен бірге ғылыми-техникалық жобалардың тәуелсіз бағалануы.

Астана қаласында «Қазақстан Республикасының биотехнологиялық ұлттық оратылғы» ғылыми-зерттеу орталығы құрылған (ҚР Үкіметінің 2006 жылдың 31 наурызында №222 қаулысы).

ҚР Үкіметінің 2006 жылдың 3 мамырынан №363 қаулысы 2006-2008 жылдарға Қазақстан Республикасының биотехнологиялық ұлттық орталығын дамыту Концепциясы бекітілген.

ҚР Үкіметінің 2006 жылдың 15 маусымынан №554 қаулысы 2006-2008 жылдарда «Қазақстан Республикасындағы биотехнология бойынша кластерді қалыптастыру үшін қазіргі заманғы технологияларлы өңдеу» ғылыми-техникалық Бағдарламасымен бекітілген.



ҚОРЫТЫНДЫ

Бірнеше халықаралық келісімдердің (Конвенциялардың) қатысушысы бола тұра «Биологиялық әртүрлілік туралы», «Ең алдымен суда жүзетін құстардың өмір сүру ортасы ретінде халықаралық мәнге ие сулы-батпақты мекендерді сақтап қалу туралы» «Жабайы аңдардың көшіп-қонатын түрлерін сақтап қалу туралы», «Жоғалып кету қаупі бар жабайы фауна мен флораларлың түрлерінің халықаралық сатылымы туралы», «Мәдени және табиғи мұраны бүкіләлемдік қорғау туралы» қоршаған орта мен дамуы бойынша БҰҰ Конференциясының (РИО-92) орман шаруашылығының және т.б. принциптері туралы, Қазақстан мемлекетінің биоәртүрлілігін сақтау бойынша мақсаттық политиканы жүргізеді.

Соңғы жылдар ағымында қорғанышты мемлекеттік реттеуге ормандарды, жануарлар әлемін, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды тиімді пайдалану мен қайта қалпына келтіруге бағыталған ұлттық заңнамалы база қалыптастырылған.

Қазақстан БР БҰҰ-ның бір тұлғасы ретінде ұлттық және салалық Бағдарламалардың тығыз қарым-қатынасын, сонымен қатар биологиялық әртүрлілікті тиімді пайдалану және сақтау бойынша өзінің міндеттерін табысты орындауға арналған халықаралық Конвенциялар мен келісімдерді қарастырады.

2006-2008 жж ұлттық экономикалық тұрақты экологиялық қамтамасыз етілуге, мемлекеттік бизнестің және НПО жаңа экологиялық-тиімді саясатын өңдеуге сектораралық әріптестік қарым-қатынасты тереңдетуге бағытталған бірнеше мемлекеттік құралдарды қабылдады: ҚР тұрақты дамуына 2024 ж дейін өту Концепциясын, ҚР экологиялық кодексі, «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы» ҚР заңы. Биоәртүрлілікті сақтау және табиғи ортаның ластану дәрежесін төмендетуге көмектесетін экологиялық халықаралық Конвенциялар ратификацияланған.

Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында биоәртүрліліктің объектілерінің жағдайы мен инвентаризациясын бағалау, қазіргі заманғы табиғи және антропогенді үрдістерді есепке ала отырып жасанды және зақымданған аймақтарда қайта қалпына келтірудің көмегімен ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың торын кеңейту және табиғи популяцияның сирек түрлерін сақтау шаралары жүзеге асырылуда.

Картохенді хаттаманың ратификациясы генетикалық өзгерген ағзалар мен азық түліктерді трансшекаралы тасымалдаумен байланысты саланы Қазақстан шекарасында жүзеге асыру үшін мемлекеттердің жауапкершілігін арттыру оны мемлекетке алып келуін рұқсат ету бойынша шара қолдануға, тығыз халықаралық қарым-қатынас құруға, сонымен қатар зерттеу және ғылыми-техникалық қайта өңдеу жұмысында бірлесіп көмектесуді қоса, сонымен қатар биотехнология саласында ақпаратпен алмасуға рұқсат етеді.

Биологиялық әртүрлілікті, экологиялық білімді және ресурстарды тұрақты қолдануға көмектесуді сақтау бойынша сұрақтар халықаралық жобалар мен негізгі стратегиялық өқжаттарға енгізілген.

Экологиялық және ауыл шаруашылық бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Жалпылай алғанда, Қазастан биоәртүрлілікті сақтау аймағында халықаралық келісіимдер аясында өабылданған өзінің міндеттерін орындау бойынша шара қолдануда өзінің белсенділігін көрсетті.

Мемлекет берілген салада халықаралық техникалық көмектің нәтижесінде пайда тапты және оң әрекет көрсететін саясат пен жобаларды іске асырды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

http://www.oopt.kz – ҚР Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар сайты

http://www.ecoidea.kz – «EcoIDEA» өоғамдық қор сайты -Экологиялық белсенділікті арттыру агентствосы

www.greensalvation.org – «Жасыл қоғау» экологиялық қоғамның сайты

www.acbk.kz – Қазақстан биотүрлілігін сақтау Ассоциациясының сайты

www.ecomuseum.kz – «Қарағанды облтықыс Экологиялық Мұражайы» ҚБ сайты

 www.ecoforum.kz – Қазақстанның мемлекеттік емес ұйымдарының экологиялық форумы



www.earthwire.org/kz - Қазақстанның экологиялық ақпараттары мониторингі

www.redbookkz.info – Қазақстанның Қызыл кітабы сайты

www.birds.kz – Қазақстан құстары туралы сайт

www.scwpkaz.kepter.kz – «Сібір тырнасы мен Азияның суда жүзетін басқа да құстарын сақтау үшін көш–қон маршруттары мен сулы–саздақ алқаптарды дамыту» Жобасы http://www.wetlands.kz –ПРООН/ГЭФ «Көшіп қонатын құстардың өмір сүру ортасы ретінде: үш аймақтық демонстрациясы, жаһандық маңызды сулы–сазды алқаптарды кешенді сақтау»

http://www.voda.kz  –ПРООН/ГЭФ «Су ресурстарын интегралды басқару» Жобасы

http://www.altai-sayan.kz – Алтай-Саян экоаймағының Қазақстандық бөлігінің биологиялық түрлілігін тұрақты пайдалану мен сақтау Жобасының сайты проекта

www.econavigator.com/ibpp – «Қазақстанда табиғатты қорғау бағдарламаларын әзірлеу және іске асыруда қоғамдық қатысу әлеуетін арттыру» Жоспарының Web-log

http://www.climatesnc.kz – «Климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ конвенциясы бойынша ҚР екінші ұлттық хабарламасын дайындау» ПРООН/ГЭФ жобасының сайты

www.carecnet.org – Орталық Азияның Аймақтық Экологиялық Орталығының сайты

Ресми мемлекеттік құрылым сайттары



http://www.government.kz – ҚР Мемлекетінің ресми порталы

http://www.eco.gov.kz– ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ресми сайты

http://www.minagri.kz – ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің ресми сайты

http://www.nit.kz/fish - ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің Балық шаруашылығы Комитетінің ресми сайты

http://www.stat.kz – ҚР статистика бойынша Агенствосының ресми сайты

http://www.meteo.kz – Қазгидромет сайты

Биотүрлілікті балансты пайдалану мен сақтау бойынша іс–әрекет жоспары мен Ұлттық стратегия. Алматы,1999 ж.

Қазақстан Республикасының ландшафтық және биологиялық түрлілігі. ПРООН, Алматы 2005.

Қазақстан Республикасының биологиялық түрлілігін балансты пайдалану мен сақтау бойынша Ұлттық есеп. Алматы, 1998

Қазақстандағы қоршаған орта мен тұрақты дамуы (Шолу). Алматы. (Қазақстан ПРООН басылымдарының сериясы).

Қазақстанның тұрақты дамуы мен қоршаған ортасын қорғау, ҚР статистика бойынша Агенствосы, Астана 2008 – 269 б.

«Қазақстан 2007жылы» Қазақстанның статистикалық жылдық ақпараты Астана 2008..

United Nations and Kazakhstan: 15 years of successful partnership. Astana, 2008.

Қазақстанның мыңжылдық даму мақсаттары.2007.

Экологиялық жұмыстың нәтижелігіне шолу. Қазақстан, екінші шолу, БҰҰ.

Нью-Йорк және Женева, 2008.

Биологиялық түрлілік туралы Қазақстан Республикасының төртінші ұлттық есебі.



А ҚОСЫМША

БИОЛОГИЯЛЫҚ ТҮРЛІЛІК ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ

Преамбула

Келісетін Жақтар,

Биологиялық түрліліктің өтпелі құндылығын, сол сияқты экологиялық, генетикалық, әлеуметтік, экономикалық, ғылыми, тәрбиелік, мәдениеттік, реакциондық және эстетикалық маңыздылдығын сезіне отырып,

сол сияқты, биосфера жүйесінің өмірін қолдаушыларды сақтау мен биологиялық түрліліктің эволюция үшін маңызын сезіне отырып,

биологиялық түрлілікті сақтау бүкіл адамзаттың жалпы міндеті екенін мақұлдай отырып,

мемлекеттің өзіндік биологиялық ресурсына егеменді құқығы барын тағы да мақұлдай отырып,

сондай-ақ, мемлекеттер өзіндік биологиялық ресурсының сақталуы мен тұрақты пайдаланылуына жауапкер екндігін мойындай отырып,

Адамның кейбір әрекетінің нәтижесінде биологиялық түрліліктің маңызды қысқарып бара жатқандығына қобалжи отырып,

Биологиялық түрлілік бойынша ақпарат пен білімнің жалпы жетіспеушілігін және ғылыми, техникалық және ұйымдастыру әлеуетін дамытуда бұл проблеманы жалпы түсінімділін қамтамасыз ету мақсатында, жоспарлау мен тиісті шараларды жүргізуде негіз болатын бір беткейлік көрсету керектігін сезіне отырып,

Биологиялық түрліліктің көздерде жоғалуы мен көп қысқаруының себебін болдырмау және жібермеудің алдын алу керектігін көрсете отырып,

Сол сияқты, биологиялық түрліліктің жоғалуы мен қысқаруының қаупі бар жағдайда, даусыз ғылыми фактілердің болмауы ондай қауіпті болдырмау мен минимумге әкелу үшін шаралар қолдануды кейінге қалдыруға себеп бола алмайтынын көрсете отырып,

Биологиялық түрлілікті сақтаудың негізгі жағдайы in-situ экожүйелерін және табиғи мекендерді сақтау, олардың табиғи жағдайда популяциясын қалпына келтіріп және қолдау болып саналатынын әрі қарай көрсете отырып,

ex-situ шараларын алдымен шыққан елдің өзінде қолданудың аса маңызды екендігін әрі қарай көрсете отырып,

дәстүрлі өмір салтын сақтаушы жергілікті қоғамдастар мен тұрғылықты халықтың биологиялық ресурстардан көп және дағдылы тәуелділігін және биологиялық түрлілікті сақтау мен оның компоненттерін тұрақты пайдалануға қатысы бар жаңалықтар, іс-тәжірибелер, дәстүрлі білімді пайдалануға байланысты пайдаларды әділ негізде мүмкіндігінше бірлесіп пайдалану керектігін мойындай отырып,

сол сияқты, биологиялық түрлілікті тұрақты пайдалану мен сақтау жұмысында әйелдердің маңызды рөлін мойындай отырып және әйелдердің биотүрлілікті сақтауға бағытталған саясаттың барлық деңгейінде толықмасштабты қатысуы керектігін негіздей отырып,

биологиялық түрлілікті сақтау мен оның компоненттерін тұрақты пайдалану жұмысында мемлекеттер және үкіметаралық ұйымдар мен мемлекеттік емес секторлар арасында жаһандық, аймақтық, халықаралық ынтымақтастықты ынталандырудың қажеттігін және маңызын атап көрсете отырып,

биологиялық түрлілікті жоғалту проблемасын шешу үшін, жаңа және қосымша қаржы ресурстарын беру және сәйкес технологияларға қажетті қол жеткізу арқылы, әлемде бар мүмкіндіктерді көп кеңейтуге болатынын мойындай отырып,

дамып келе жатқан елдердің қажеттілігін қанағаттандыру үшін, жаңа және қосымша қаржы ресурстарын беру және сәйкес технологияларға қажетті қол жеткізуді қоса алғанда, арнайы жағдай талап етілетінін әрі қарай мойындай отырып,

осыған байланысты аз дамыған елдер мен аралдық мемлекеттердің ерекше жағдайын айта отырып,

биологиялық түрлілікті сақтау аумақты капитал салуды талап ететінін және осындай капитал салудан үлкен экологиялық, экономикалық, әлеуметтік пайда беретінін мойындай отырып,

дамып келе жатқан елдер үшін кедейлікті жою, экономикалық, әлеууметтік даму ең алдыңғы және басты міндет екенін мойындай отырып,

тамақ және денсаулық сақтауда, сол сияқты өсіп келе жатқан Жер тұрғындарының басқа да қажеттілігін қамтамасыз ету, генетикалық ресурстар, және де технологияларға қол жеткізу және оларды бірлесіп пайдалану осы міндеттерді шешуде шешуші маңыз алатынын түсіне отырып,

ең соңғы нәтижесінде биологиялық түрлілікті сақтау және тұрақты пайдалану мемлекеттер арасында достық қатынастарды нығайтып, бүкіл адамзат үшін бейбітшілікті нығайтуға жағдай жасайтын болатынын көрсете отырып,

биологиялық түрлілікті сақтау және олардың компоненттерін тұрақты пайдалану туралы бар халықаралық келісімдерді толықтырып және нығайтуды қалай отырып, және

осы және келешек ұрпақ мүддесі үшін биологиялық түрлілікті тұрақты пайдалану және сақтауды іске асыруды шеше отырып,

төмендегілер туралы уағдаласты:

1 бап
Мақсаттар

Осы Конвенцияның мақсаты, оның жағдайларына байланысты қол жеткізу үшін ұмтылу, генетикалық ресурстарды пайдалаумен байланысты, оның ішінде генетикалық ресурстарға қажетті қол жеткізу және осындай ресурстар мен тиісті технологияларға барлық құқықтарды ескере отырып, жол беру арқылы, сол сияқты қажетті қаражаттау жолымен, биологиялық түрлілікті сақтау және олардың компоненттерін тұрақты пайдалану, әділ және тең негізде бірлесіп пайда алу болып табылады.



2 бап
Терминдерді пайдалану

Конвенцияның мақсаттары үшін:



«Биологиялық түрлілік» барлық көздерден тірі организмдердің варияцияларын, басқалардың ішінде, жер беті, теңіз, басқа су экожүйелері мен экологиялық кешендер, өздері олардың бір бөлігі болып табылатын, барлық көздерден тірі организмдердің варияцияларын білдіреді; бұл түсінікке түрлер, түрлер арасында және экожүйелер түрлілігі шеңберінде түрлілікті енгізеді.

«Биологиялық ресурстар» генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөліктері, популяция немесе нақты немесе әлеуеттік пайдасы немесе адамзат үшін құндылығы бар кез келген басқа да экожүйелердің биотикалық компоненттері енгізіледі.

«Биотехнология» нақты пайдалану мақсатында, өнімдер немесе үдерістерді өзгерту үшін биологиялық жүйелерді, тірі организмдерді немесе олардың туындыларын пайдаланумен байланысты кез келген технология түрін білдіреді.

«Генетикалық ресурстарды шығаратын ел» in-situ жағдайында осы генетикалық ресурстары бар елдерді айтады.

«Генетикалық ресурстарды беретін ел» деп, жабайы, сол сияқты үйге үйренген түрлердің популяциясын, немесе олардың осы елден шығарылатынына, шығарылмайтына байланыссыз, in-situ көздерінен жиналған генетикалық ресурстарды беретін елді айтады.

«Үйге үйретілген немесе өсірілген түрлер» деп, өз қажеттерін қамтамасыз ету үшін, адамдардың эволюция үдерісіне әсер етуінен алынған түрлерді айтады.

«Экожүйе» өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің динамикалық кешенін, сол сияқты тұтас қызметтік бүтін ретінде қарым-қатынас жасайтын олардың өлі қоршаған ортасын білдіреді.

«ex-situ сақтау» табиғи мекенінен тыс жерде биологиялық түрлілік компоненттерін сақтауды білдіреді.

"Генетикалық материал" деп, тұқым қуалаушылық қызметтік бірліктері бар кез келген өсімдіктік, жануарлық, микробтық немесе басқа тектік материалдарды айтады

"Генетикалық ресурстар" нақты және әлеуеттік құндылық болатын генетикалық материалдарды айтады.

екен орны" деп, организмдердің мекендейтін немесе популяцияланатын жер типін немесе табиғи мекендейтін орнын айтады.

" in-situ жағдайлар" деп, экожүйе шеңберінде және табиғи мекендейтін ортада, ал, үйге үйретілген немесе өсірілген түрлерге қатысты – өздерінің сыйпатты ерекшеліктерін алған ортада генетикалық ресурстар бар жағдайды айтады.



«in-situ сақтау» экожүйелер мен табиғи мекен орнын, сол сияқты олардың табиғи ортасында түрлердің өміршең популяциясын қолдау және қалпына келтіру, ал, үйге үйретілген немесе өсірілген түрлерге қатысты – өздерінің сыйпатты ерекшеліктерін алған ортасын сақтауды айтады.

«Қорғалатын аудан» деп, нақты табиғатты қорғай мақсаттарына жету үшін, айқындалатын, реттелетін, пайдаланылатын, географиялық белгіленген аумақты айтады.

"Экономикалық интеграцияның аумақтық ұйымы» деп, осы аймақтардың егеменді мемлекеттерімен құрылған, ол мемлекеттер –мүшелер осы Конвенция реттейтін сұрақтар бойынша құзыретін берген, ішкі рәсімдеріне сәйкес, қол қою, ратификациялау, қабылдау мен Конвенцияны құптауға және оған қосылуға өкілет берілген ұйымды айтады.

«Тұрақты пайдалану» биологиялық түрлілік компоненттерін ұзақ келешекте биологиялық түрлілікті тоздырмай, сонымен, оның қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттілігін қамтамасыздандыратын және ой-армандарына жауап беру қабілетін сақтап пайдалануды білдіреді.

"Технология" биотехнологияны енгізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет