Бұл маңызды!
Тұжырымдаманың іс-қимыл жоспарының 10-тармағын («Мектеп жасына дейінгі баланың жеке даму картасын кейіннен мектепке бере отырып, ҰБДҚ базасында цифрлық форматқа ауыстыру») орындау үшін мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды топтары мен мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарының балаларына арналған «Контингент» бөлімінде толтыру үшін көрсеткіштер қосылды:
«Баланың дамуының жеке картасы»;
«Баланың Жеке даму картасын толтырған педагогтің ЖСН және аты-жөні»;
«Баланың Жеке даму картасын толтыру күні».
Осыған байланысты, ЖДК дұрыс толтырылуын бақылауды күшейту қажет.
Мектепке дейінгі ұйымдарда мерекелік шараларды ұйымдастыру
МДҰ-да атап өту үшін ұсынылатын мерекелер:
- Қазақстан халқы тілдері күні (5 қыркүйек);
- Республика күні (25 қазан);
- Жаңа жыл;
- Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз);
- Наурыз мейрамы (21-23 наурыз);
- Қазақстан халқының бірлігі мерекесі (1 мамыр);
- Отан қорғаушы күні (7 мамыр);
- Халықаралық балаларды қорғау күні (1маусым).
МДҰ-дағы мерекелер ата-аналар мен әкімшілік үшін «есеп беру шарасы» емес, бұл балаларға арналған мереке! Мерекені дұрыс жоспарлауға және өткізуге ерекше назар аудару керек, сонда ол әр баланың өміріндегі қызықты, есте қаларлық оқиғаға айналады, балаларға қуаныш сыйлайды.
Қазіргі уақытта толеранттылыққа, ұлттық әдет-ғұрыптарға, отбасылық дәстүрлерге, отбасы мүшелерін, еңбек адамдарын, Отан қорғаушыларды құрметтеуге және сыйлауға, ана тілін ілгерілетуге баса назар аудара отырып, мерекелерді өткізудің жаңа тұжырымдамасы белсенді іске асырылуда.
Балаларға арналған мерекелерді ұйымдастыруда әртүрлі нысандарды қолдану ұсынылады:
- квест;
- жоба;
- байқау;
- қолөнер;
- жарыстар;
- көрме;
- сахналық қойылым;
- фестиваль;
- концерт;
- жәрмеңкелер және т.б.
Сонымен қатар, ата-аналарды іс-шараларға қатысуға тарту, сондай-ақ ата-аналарға өз идеяларын жүзеге асыруға немесе қалауы бойынша осы іс-шараларды өздері ұйымдастыруға мүмкіндік беру ұсынылады.
Репертуарды таңдағанда әр оқушының және жалпы топтың жасын ескеру қажет.
Мерекелердегі сахналық қойылымдар тәрбиеленушілердің монологиялық және диалогтік сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, көркем қиялын дамытуға ықпал етеді, мәдениетке баулиды. Сахналық қойылымдарға арналған материалды таңдағанда, балалардың жасына және жеке мүмкіндіктеріне назар аудару керек, сахналық қойылымдардың мазмұны қатыгездіксіз, дөрекіліксіз және зорлық-зомбылықсыз қызықты болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |