Бұл маңызды! Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін «Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдар» 7 тәрбиелеу-білім беру процесі, режимдік сәттер, аумақта болу және т. б. кезінде әзірленді. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыруға сәйкес жаңа оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесіне енгізу үшін балалардың қауіпсіздігіне байланысты тақырыптар енгізіледі (4-қосымша). Маңызды сапалы өзара іс-қимыл – бұл педагогтің әр баламен жеке қарым-қатынасы, баланың іс-әрекетіне және оның пікіріне шынайы қызығушылық, тыңдау, қолдау көрсету, жылы көзқарас таныту, топта/сыныпта эмоционалды жайлылық орнату, мүдделер мен қажеттіліктерді құрметтеу, жетістіктерге қуану, балалардың бастамаларын қолдау болып табылады. Құбылмалы әлемде педагогтің үнемі даму, сұрақтар қою, дәлелдер іздеу, оларды сыни тұрғыдан талдау және шығармашылық эксперименттер жүргізу қабілеті маңызды. Педагогтер белсенді зерттеуші және балалармен жұмыс істеудің жаңа нысандарын жасаушы, жаңашыл және жауапты болуы тиіс.
Сонымен қатар, педагогтер тәрбиелеу-білім беру процесінде стандарттың талаптарын ескеруі, үлгілік жоспарының нормативтік оқу жүктемесін орындауы, үлгілік бағдарламаны іске асыруы, тәрбиеленушілердің жасына, психофизиологиялық ерекшеліктеріне, қабілеттеріне, мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкес нысандарын, әдістерін, тәсілдерін, құралдарын қолдануы қажет.
Дамытушы орта құру
Тәрбиеленушілердің эмоционалдық және физикалық жайлылығын, жан-жақты және толыққанды дамуын, балалардың әрекет түрлерін және бірге әрекет етуге қатысушыларды таңдау мүмкіндігін, ойын аймақтарының қанықтылығын, қолжетімділігін, вариативтілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дамытушы орта құрылады.
Дамытушы ортаны құруға ұсынымдар:
- Үлгілік бағдарламаны және білім беру (вариативтік, жеке, бейімделген, қосымша) бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етуі;
- балалардың жастарына сәйкес болуы;
- барлық топтық бөлменің үй-жайлары, кабинеттер, ойындар мен ойыншықтар, материалдар, құралдардың тәрбиеленушілер, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді болуы;
- балалардың демалуына немесе оңаша ойнауына, қолайлы эмоционалды жай-күйін дамытуға арналған орынды жабдықтау;
- ересек пен баланың бірге әрекет етуі үшін (заттар мен ойыншықтар, кітаптар, материалдар, құралдардың балалардың жасына және Үлгілік бағдарламаның мазмұнына сәйкес болуы) қанық, мазмұнды болуы;
әртүрлілік (барлық тәрбиеленушілердің ойын, шығармашылық, зерттеу, танымдық әрекеттері мен қимыл белсенділігін соның ішінде ірі және ұсақ моториканы дамытуға, қимылды ойындар мен жарыстар ұйымдастыруға, балаларға қолжетімді материалдармен соның ішінде құммен, сумен эксперимент жасауға жабдықтардың (топта, дәлізде, ойын алаңында да болуы);
- балалар әрекеті түрлерінің вариативтілігі;
- көпфункционалдылығы (балалар жиһаздары, жұмсақ модулдер, театрландырылған қойылымдарға арналған шымылдық, топта табиғи материалдардың болуы);
өзгермелі (балалардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне және тәрбиелеу-білім беру процесінің мазмұнына сәйкес ортаны өзгерту мүмкіндігі) болуы.
Топтық бөлмелерде мынадай қызығушылықты орталықтарын құруға болады:
- ұлттық құндылықтар;
- сюжетті-рөлдік ойындар;
- театрландырылған ойындар;
- демалыс орны;
- кітап бұрышы;
- құрастыру және робототехника;
- табиғат және ғылым;
- шығармашылық;
- мамандықтар әлемі.
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халқының тұрмыстық заттарымен және салт-дәстүрлерімен таныстыру үшін ұлттық құндылықтар кабинетін немесе орталығын ашу және:
- қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, музыкалық аспаптарымен, әшекей бұйымдарымен, ұлттық киімдерімен және басқалармен жабдықтау;
- қазақ халқының ұлттық ойындарын («асық», «бес тас», «бестемше» және басқалар) ойнауға орындарды жабдықтау;
- кілем тоқитын, құмыра, ыдыс-аяқ жасайтын құралдармен жабдықтау;
- қыздардың шашын өретін, қамшы өретін бұрыштар жасау;
- балаларға арналған түрлі шараларды өткізу үшін құралдармен жабдықтау, «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі» «Жас аналар мектебі» жұмыстарын ұйымдастыру үшін жағдай жасау ұсынылады.
Дамытушы ортаны жақсарту үшін Үлгілік бағдарламаның нұсқаулығын пайдалану ұсынылады8.
Тәрбиелеу-білім беру процесі:
- перспективалық жоспарға;
- циклограммаға сәйкес жүзеге асады.
Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгерту бойынша мониторинг жүргізіледі.
Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін педагог ұйымдастырылған іс-әрекеттің Перспективалық жоспарын (бұдан әрі - Перспективалық жоспар) әзірлейді, апта сайын тәрбиелеу-білім беру процесінің Циклограммасын (бұдан әрі – Циклограмма) Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттар тізбесі 1- қосымшаға9 сәйкес құрады.
Перспективалық жоспарды Үлгілік жоспарлар мен Үлгілік бағдарламаға сәйкес жас тобында жұмыс істейтін педагогтермен, тәрбиешілермен (қазақ тілі мұғалімімен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен) бірлесіп, жасайды. Перспективалық жоспарда оқу жылына арналған міндеттер бөлінеді, олар балалардың бағдарламаны игеруіне байланысты қайталануы, толықтырылуы, түзетілуі және өзгертілуі мүмкін.
Циклограмма әр аптаға құрылады, ол балаларды қабылдаудан бастап, түрлі балалар әрекеттерін, серуенді өткізуді, күндізгі ұйқыны ұйымдастыруды, балалардың үйге қайтуына дейін барлық режимдік сәттердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Циклограмманың құрылымы МДҰ-ның күн тәртібіне сәйкес құрылады.
Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар:
- аптаның әрбір күніне Перспективалық жоспардағы ұйымдастырылған іс-әрекеттердің міндеттеріне сәйкес балалармен өткізілетін әрекет түрлерін анықтау;
- әрбір әрекет түрлерін өткізуде бағдарлама мазмұнын жүйелілік пен сабақтастық қағидасын сақтау;
- балаларды тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық технологияларды, әдістер мен тәсілдерді қолдану;
- балалар әрекетін ұйымдастыру үшін жайлы дамытушы заттық- кеңістіктік орта құру.
Ұйымдастырылған іс-әрекет – Үлгілік бағдарламаның мазмұнын, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын (4-қосымша) қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы ұйымдастыратын кіріктірілген әрекеті.
Циклограмманың «Ұйымдастырылған іс-әрекет» бөлімін құрастыруда алдымен тақырыбы жазылады, егер болған жағдайда, ал тақырып болмаған кезде ойын немесе әрекет түрлері жазылады. Содан кейін Перспективалық жоспарда айқындалған міндеттерді іске асыру үшін әр күнге кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері айқындалады.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттерді барлық топпен де, шағын топтармен де қызығушылық орталықтарында ұйымдастыруға болады.
Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу кезінде педагог түсіндіруге уақытты көп бөлмей, оның орнына көрсетуге, балалардың әрекеттерді орындауына (іс-әрекеттерге, ойындарға, пікір алмасуға, зерттеулерге, шығармаларға, сурет салуға, шешім шығаруына) мән беруі қажет.
Педагог әрекетінің алгоритмі:
балаларға айтып беру;
балаларға көрсету;
балалармен бірге орындау.
Ұйымдастырылған іс-әрекет тек топ бөлмесінде ғана емес, сондай-ақ жатын, қабылдау бөлмелерінде, арнайы кабинеттерде (бар болған жағдайда), дәліздерде, ойын алаңдарында және т.б. балаларға қауіпсіз, жайлы жағдайларда өткізу ұсынылады.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттердің, сондай-ақ режимдік сәттердің жүргізілуіне меңгеруші және әдіскер Әдістемелік нұсқау хаттың 1, 2, 3 қосымшасында берілген Бақылау парақтарына сәйкес бақылау жасайды.
3-қосымшаның 16-бағанында педагогпен өткізілетін жұмыс түрін (жеке кеңес беру, ұсынымдар беру, тәжірибе алмасу және т.б.) көрсетуге болады. 17-бағанда педагогтермен өткізілетін жұмыс бөлімінде барлық топтарда өткізілген бақылау нәтижелеріне сүйене отырып, жалпы МДҰ бойынша ұйымдастырылатын жұмыс түрін (семинар, мастер-класстар, ашық есік күні және т.б. ) таңдап, алдағы уақытқа немесе келесі жылға жоспарлау ұсынылады. Бұл әдістемелік қолдауды жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Институттың сайтында Педагогтер үшін тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру, даму ортасын жарақтандыру, ұйымдастырылған іс-шараларды, режимдік сәттерді, бағыттар бойынша МДҰ жұмысын жүргізу, «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі» жұмыстарын ұйымдастыру бойынша негізгі құжаттар; іс-шаралар мен ертеңгіліктер орналастырылған, отбасындағы балаларды тәрбиелеу және дамыту бойынша ата-аналарға арналған логопедтердің, психологтардың және мамандардың кеңестері; ойындар, сондай-ақ мектепалды даярлық бойынша ұсынымтар орналастырылған «Виртуалды әдістемелік кабинет» ашылды.
Виртуалды әдістемелік кабинетке сілтеме арқылы өтуге болады:
http://irrd.kz/page/read/Konsultacii.html
Достарыңызбен бөлісу: |