Балабақшалар жанында «Әжелер мектебін», «Аналар мектебін», «Әкелер мектебін» ұйымдастыру
Мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру үшін отбасы мен МДҰ-ның тығыз ынтымақтастығы қажет.
Ата-аналарды педагогикалық процеске тарту үшін:
балаларды дамыту мен тәрбиелеуде отбасының және МДҰ-ның күш-жігерін біріктіру, әр тәрбиеленушінің отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнату;
ата-аналарды, тәрбиеленушілер мен педагогтерді өзара түсіністік, ортақ мүдделер, қарым-қатынасқа оң көңіл-күй және қайырымды өзара қолдау атмосферасын құру;
ата-аналармен және балалардың заңды өкілдерімен сындарлы ынтымақтастық орнату үшін педагогтарды даярлау қажет.
Бұл бағыттарды іске асыруда балабақшалар жанында «Әжелер мектебін» «Аналар мектебін», «Әкелер мектебін» ұйымдастырудың маңызы зор. Бұл шағын қауымдастықтың міндеті - ата-аналар мен балалардың арасында қарым-қатынас мәдениетін дамыту, өзара түсіністік, екіжақты сыйластық, сыпайылық сақтау, мейірімділік таныту, үлгі болу (ата-аналар, педагогтер және басқалар үшін), ұрпақтар сабақтастығын тәрбие жүйесіне енгізудің тиімді жолдарын қарастыру.
МДҰ және отбасы тандемінде ұрпақтар сабақтастығының икемді және қолайлы жағдайларын жасай отырып, ұлттық дәстүрлер мен құндылықтар көзі болып табылатын өмір бойы жалғасатын процесс ретінде тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру қажет. Қоғамда баланы тәрбиелеу және оның дамуы үнемі бірлескен әлеуметтік ортаға интеграцияланған. Бұл – ұлттық мәдени кодқа, іс-әрекеттің тәуелсіздігіне, Отан мен ана тіліне деген еркіндік пен мақтаныш сезіміне сүйене отырып, қазіргі заман жағдайында баланың бойында өмірлік дағдыларды қалыптастыру қағидатының негізі.
Бұл маңызды!
Педагогтерге көмек ретінде балабақшалар жанында «Әжелер мектебін», «Аналар мектебін», «Әкелер мектебін» ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді, аталған әдістемелік ұсынымдарды мына сілтеме арқылы алуға болады:
http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2024/mrr_19.pdf
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізу
Мониторинг түрлі жас топтарының Үлгілік бағдарламада айқындалған күтілетін нәтижелерге педагогтің қол жеткізу деңгейлерін және педагогтің баламен жеке жұмыс жүргізуде алдағы әрекетін анықтауға мүмкіндік береді.
Балалардың дамуына мониторинг жүргізуде педагог:
- Стандарт талаптарын;
- Үлгілік бағдарламасының мазмұнын;
- Бақылау парақтары мен Баланың жеке даму картасын толтыру тәртіптерін;
- мектепке дейінгі педагогика мен психология әдістерін ескеру;
- мониторинг өткізу әдістерін (бақылау, ойын жағдаяттарын құру, ойын, әңгімелесу, сұрақтар мен жауаптар, бейнелеу әрекеті нәтижелерін зерттеу);
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын меңгеру деңгейін есептеу әдістерін;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру қажет.
Мониторингтің критерийлері балалардың жасына сәйкес олардың физикалық дамуын, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларының қалыптасу деңгейін көрсетеді:
1) дене шынықтыру (ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған бейімделген дене шынықтыру);
2) жүзу (жүзу бассейні болған кезде);
3) сөйлеуді дамыту;
4) көркем әдебиет;
5) сауат ашу негіздері;
6) қазақ тілі;
7) сенсорика;
8) математика негіздері;
9) құрастыру;
10) қоршаған ортамен таныстыру;
11) сурет салу;
12) мүсіндеу;
13) жапсыру;
14) музыка.
Достарыңызбен бөлісу: |