189
Жалаңаш жүйке ұштары тек теріде ғана емес, сонымен қатар дәнекер
ұлпасының барлық түрлерінде кездеседі.
«Сипап сезу менискі» деп аталатын Меркель жасушалары сипап сезу және
қысым рецепторлары болып табылады. Олар эпидермисте, әсіресе, шаш жоқ
жерлерде орналасқан. Негізінен, саусақтың ұшында кездесіп, жылдам түйсіну
тітіркендіргіштерін әр түрлі қарқынмен қабылдайды.
Майсснер денешіктері, яғни сипап сезу денешіктері, нәзік жанасуды
қабылдайды. Олар сипап сезу тітіркендіргіштерін дәл орналасуына және заттың
пішінін анықтауға жауап береді. Олар қолдың, табанның, қабақтың, еріннің,
емшектің және сыртқы жыныс мүшелерінің нағыз тері (дерма) дөңестерінде
орналасқан.
Руффини ұштары жылу рецепторлары болып табылады. Олар көбінесе
еріннің, беттің және шынтақтың терісінде орналасқан. Краузе түйіндері суық
рецепторлары болып табылады. Олар бүкіл дененің нағыз тері (дерма)
дөңестерінде орналасқан. Әсіресе, ауыз қуысы мен көздің шырышты қабығында
және бет пен саусақ терісінде көп кездеседі.
Пиччини денешіктері, яғни қатпарлы капсулалы жүйке ұштары, қысым
мен тербелістің өзгерісіне жауап береді. Нәтижесінде болып жатқан
деформациялар жайында хабар береді. Олар тері асты ұлпаларында, әсіресе,
саусақтарда, қуық қабырғасында, буындар мен бұлшық ет маңайында
орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: