Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет75/103
Дата11.10.2023
өлшемі7,25 Mb.
#184653
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   103
Байланысты:
23 Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша оқу тапсырмаларының жинағы

 
 
Ақбөкен – сыртқы келбетін ежелден өзгертпей сақтап қалған ерекше 
жануар. Ақбөкендерді терісі мен еті үшін аулайды. Жануардың мүйізі өте 
құнды. Мүйізін майда етіп ұнтақтап, Қытайдың дәстүрлі медицинасында 
кеңінен қолданады.
Сұрақ:
Қай жануар ақбөкендердің табиғи жауы екенін көрсетіңіз? 
Жауабы: 
Қасқыр 
• Ақбөкендердің мекендейтін жерін қарастырыңыз.
• Осы тіршілік ету ортасына тән жыртқыштарды еске түсіріңіз.
• Дала үшін тән жыртқыш қасқыр болып табылады.
• Аюлар ыстықтан қашып, таудың жоғарғы жағына жасырынады.
• Қазақстан тауларында сілеусін орта белдеуде тұрады: жапырақты 
ормандардан шыршалы немесе қарағайлы орманның жоғарғы шегінде жүреді.
• Борсық қорек талғамайды. Ол кеміргіштермен, бақалармен, 
кесірткелермен, 
құстармен, 
ұлулармен, 
құрттармен, 
сондай-ақ 
саңырауқұлақтармен, жидектермен, жаңғақтармен және шөптермен қоректенеді. 
Сондықтан аю, борсық және сілеусін дұрыс жауап бола алмайды. 
 
13 тапсырма
«Шырша майы сығындысы – экологиялық таза өнім».
Сұрақ:
Төменде ұсынылған қорытындылардың қайсысы берілген 
тұжырымды растайды?
A Шыршалар жел мен көлеңкеге төзімді және ылғалсүйгіш.
B Шырша сығындысы шырша сығылғаннан кейін тазартылады.
C Шырша қолайсыз экологиялық жағдайларға бейімделеді.
D Шырша өнеркәсіптік аудандардан ластану жоқ жерде ғана өседі. 
Жауабы:


195 
• «Шыршалар жел мен көлеңкеге төзімді және ылғалсүйгіш» және «Шырша 
сығындысы шырша сығылғаннан кейін тазартылады» деген дистракторлар 
дұрыс емес, өйткені студенттер бұрын алған білімдерінен «шырша сығындысы – 
экологиялық таза өнім» деген тұжырым жасау үшін дұрыс бола алмайды деп 
болжауы керек.
• «Шырша қолайсыз экологиялық жағдайларға бейімделеді» дистракторы да 
дұрыс емес, өйткені мәтін мен графикада ластаушы заттардың рұқсат етілген 
концентрациясы берілгенін ескеру қажет.
• Осылайша, дұрыс жауап: «Шырша өнеркәсіптік аудандардан ластану жоқ 
жерде ғана өседі».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет