Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет74/103
Дата11.10.2023
өлшемі7,25 Mb.
#184653
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   103
Байланысты:
23 Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша оқу тапсырмаларының жинағы

 
 
 
 


192 
Сұрақ: 
Анықтамалардың қайсысы жасушалық тыныс алуды, ішкі газ алмасуды, 
сыртқы газ алмасуды сипаттайтын анықтаңыз.
 
Жауабы: 
 
 
11 тапсырма 
Фотосинтез дегеніміз көмірқышқыл газы (CO2), су және күн жарығы 
арасындағы реакция. Фотосинтез тек құрамында күн сәулесін жұтатын 
өсімдіктің жасыл пигменті - хлорофиллі бар жасушаларда ғана өтеді
нәтижесінде қант (глюкоза) түзіледі. 
Жапырақ – фотосинтез үдерісі жүретін өсімдік мүшесі 
Фотосинтез өсімдіктің жасыл мүшелерінде: жапырағы мен сабақтарында, 
піспеген жас жемістерінде және лептесік жасушаларында жүзеге асады. 
Хлоропластар және фотосинтез 
Строма - құрамында бірнеше ферменттер, пластидтік ДНҚ және 
рибосомалары бар хлоропласт мембраналары мен тилакоидтарының арасындағы 
кеңістікті толтыратын сұйық зат.
Граналар – тилакоидтар қатпарларынан түзілген арнайы құрылымдар.
Сыртқы мембрана - нәруыз бен майдан тұратын жақсы өткізгіш.


193 
Тилакоид - дөңес ішкі мембранадан түзілген стромада орналасқан 
қатпарлар.
Iшкі мембрана - нәруыз бен майдан тұратын шала өткізгіш, «строма» деп 
аталатын сұйықтыққа толы. 
 Сұрақ:
Жапырақ ұлпаларын қызметтеріне қарай сәйкестендіріңдер.
Жауабы: 
 
 
12 тапсырма


194 
Ақбөкен – бөкендер тұқымдасынан шыққан жұптұяқты сүтқоректі. Бүгінгі 
таңда бұл жойылып кету қаупі бар түр деп саналады, сондықтан қорғауға 
алынған және халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. 2005 жылы ақбөкендерді 
атуға мораторий енгізілді, ол 2021 жылға дейін күшінде болады. Ақбөкендер – 
үлкен арақашықтықты еңсеретін, көшіп-қонып жүретін жануарлар. Олар 
Қазақстанның жазықтары мен жартылай шөлдерінде, Еділ-Орал құмдарында
Үстірт және Бетпақдалада мекендейді. Олар дала өсімдіктерімен, жусанмен
кейде гүлдер мен қыналармен қоректенеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет