Сабақ тақырыбы Неліктен Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет деп саналады



Дата03.03.2020
өлшемі202,51 Kb.
#59442
түріСабақ
Байланысты:
Қазақстан тарихы 7 класс Неліктен Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет деп саналады ҚМЖ




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3 C Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы.

Мектеп: №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Неліктен Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет деп саналады

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.9 Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау

7.3.1.10 Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау.

7.2.1.3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала Елі» ұғымын қолдану.


Сабақ мақсаттары

Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау, қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін сипаттау,

Бағалау критерийлері.

  • Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтай алады




  • Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін ажыратады.

  • Тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала Елі» ұғымын қолданады

Тілдік мақсаттар


1. Түрлі ақпарат көздерінен мәлімет алады, тұжырым жасайды, пікір алмасады (оқылым, тыңдалым, айтылым дағдылары).

2. Деректердің мазмұнын түсінеді, тарихи интепретация жасай алады, мінездеме жазады (оқылым және жазылым дағдылары).

3. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы қандай? деген сұрақ төңірегінде талқылау (айтылым дағдысы)

Терминдер

Халық, ұлт, хан, орда,хандық, мемлекет,сұлтан,уәзір



Құндылықтарды дарыту


Құндылықтар:

- патриотизм

- отансүйгіштік

- өз халқы үшін мақтаныш

- көшбасшылық

- ұлттық сана – сезім

- бостандық

Қазақ хандығының құрылуы туралы мақтаныш сенімін оятады. Өзге мемлекеттермен терезесі тең қарым-қатынас ұстаған мемлекеттің саясатынан хабардар болады.



Пәнаралық байланыстар

География-картамен жұмыс. Қазақ хандығының алғашқы құрылған территориясын картадан көрсете алады, көршілес мемлекеттердің территориясын анықтай алады

Алдыңғы білім


Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарымен таныс болуы керек

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру.

Сыныпты топқа бөлу. «Әбілхайыр, Жәнібек, Керей хандардың» аты жазылған қағаз қиындыларымен топқа бөлу.

Б. Тақтада Қазақ хандығы туралы сурет немесе слайд көрсетіңіз.

М. Оқушыларға Қазақ мемлекеті қашан, қай жерде, қалай құрылды т.б. сұрақтар қойып саусақ ұшы білімін нақтылаңыз.

Т. Керей мен Жәнібектің бөлініп шығуы туралы мағлұмат беру үшін М Дулатидің «Тарихи -Рашиди» еңбегінен үзінді беріңіз. Оқушылар мәтінді оқып, мына сұрақтарға жауап береді:

  • Бұл қандай дерек түріне жатады?

  • «Бұл дерек бізге қандай мағлұмат береді?».

  • «Деректен қандай қорытынды шығаруға болады?»

Қазақ хандарының сурет слайды.



Сабақтың ортасы






ҚБ. Тақтада көрсетілген дұрыс жауап арқылы өзін-өзі бағалау
Т. Бейнеролик көрсету. Постер қорғау.

Зерттеу және талдау

Т/Ж Керей мен Жәнібек хандар туралы бейнематериал немесе мәтінді ұсына отырып, Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен факторларды анықтауға және оған дәйектер келтіруге тапсырма беріңіз.

Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен себептерге маңыздылық тізбегін құруға тапсырма беріңіз.
Мемлекеттің құрылуына әсер ететін факторлар:


  • Географиялық фактор

  • Діни фактор

  • Демографиялық фактор

  • Экономикалық фактор

  • Сыртқы фактор

  • Әлеуметтік-саяси факторлар

Қазақ хандығы құрылуының себептері:

1.Керей мен Жәнібек сұлтандардың Қазақ хандығын құруға ұмтылуы

2.Халық бұқарасының Әбілқайыр ханға наразылығының күшеюі

3.Алым-салықтың  көбеюі

4.Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңіліп қалуы

5.Қазақ халқының құрылуы және оның жүздерінің айқындалуы

6.Әлеуметтік қатынастардың нығаюы

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

М Қазақ хандығының алғашқы территориясының картасы




С. Қазақ хандығының алғашқы территориясын контурлық картаға түсіруге тапсырма беріңіз.



Дескриптор.

Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін бір-бірімен сәйкестендіреді.



ҚБ. Дұрыс жауап арқылы бағалау.

Ж. Керей мен Жәнібектің бірін таңдап мінездеме жазуды тапсырыңыз.

Кейіпкерге мінездеме жазу үшін келесі дескрипторларға негізделу қажет:



  • кейіпкердің өмір сүріп отырған дәуіріне толық сипаттама жазу;

  • кейіпкердің өмір сүрген ортасы, өмірбаяны;

  • адами қасиеті, ерекшеліктері.

  • Қазақ хандығын құрудағы рөлі

  • Кейіпкерге тарихи баға беріп қорытындылау.




Мәтін
Керей мен Жәнібек – қазақтың алғашқы хандары

http://e-history.kz/kz/publications/view/1020


Бейнематериал

Мәңгілік-Ел тарихы. Керей хан (бейнематериал)



https://www.youtube.com/watch?v=yaQp0Gi9tgc

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (XV-XVI ғғ. басы). Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІІ том. Атамұра, 2010





Сабақтың соңы

Үйге: Ашық және жабық тест тапсырмаларын орындап келу.
Кері байланыс.

«Жетістік сатысы» кері байланысын қолдану.






Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет