Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет21/103
Дата11.10.2023
өлшемі7,25 Mb.
#184653
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103
Байланысты:
23 Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша оқу тапсырмаларының жинағы

Облыстар 
2019-2020 оқу жылы
2020-2021 оқу жылы
8-сыныптар
9-сыныптар
Барлығы
4 пен 5 
саны
Сапа 
көрсеткіші
Барлығы
4 пен 5 
саны
Сапа 
көрсеткіші
Ақмола 
6139
4631
75%
7280
4385
60% 
Ақтөбе 
4891
3353
69%
6465
3596
56% 
Алматы 
4685
3354
72%
7192
4821
67% 
Алматы қ.
4875
3874
79%
6721
4629
69%
Атырау 
3874
2551
66%
5200
2600
50%
ШҚО
5067
3744
74%
5329
3685
69%
Жамбыл 
7692
6594
86%
6233
4003
64%
БҚО
5773
4490
78%
6134
3956
64%
Қостанай 
7400
5856
79%
5868
3609
61%
Қызылорда 
7489
6163
82%
5529
3876
70%
Нұр-Сұлтан 
6715
5632
84%
6484
3317
51%
Павлодар 
6778
5030
74%
5762
3817
66%
СҚО
3410
2315
68%
4561
2865 
62%
Түркістан 
7695
5932
77%
7860
4210
54%
Шымкент қ.
6824
3795
55%
Барлығы
82483
63519
76%
93442
57164
61%
«Биология» пәні бойынша білім алушылардың білім жетістіктерінің 
мониторингі нәтижесіне талдау жасасақ, 9-сыныптар арасында «Адам 
қызметінің қоршаған ортаға әсері» бөлімшесі бойынша «С» деңгейіне берілген 
тапсырмалардан Қызылорда облысы ең төменгі көрсеткішті 28,8 %-ды көрсетіп 
отыр. Ал Солтүстік Қазақстан облысы керісінше ең жоғары нәтижеге қол 
жеткізіп, 71,4 %-ды көрсеткен. 
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне арналған 
«Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық» бағыты бойынша тест спецификациясы 
негізінде «Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері» бөлімшесі бойынша 13 оқу 
мақсаты қамтылған. Онда парниктік эффектінің тірі ағзаларға әсері, озон 
қабатының бұзылуының себептері мен салдарын түсіндіру; Қазақстан 
аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды 
шешу жолдары, пайдалы қазбалар өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған 
ортаға әсерін түсіндіру адам мен экожүйе арасындағы қарым-қатынастар, ерекше 
қорғалатын Қазақстан Республикасының табиғи аймақтарының өсімдіктері мен 
жануарларын 
сипаттау 
секілді 
географиямен 
байланысты 
ұғымдар 
қарастырылған. 
Аталған бөлімшеден республика бойынша көрсеткіш 47% болған. «Адам 


63 
қызметінің қоршаған ортаға әсері» бөлімшесі бойынша базалық (А) деңгейі 
тапсырмаларын орындау көрсеткіші 80%-ды, орташа деңгейдегі тест 
тапсырмаларынан 63,3%-ды көрсеткен. 
9-сыныпқа 
арналған 
тест 
спецификациясы 
негізінде 
берілген 
тапсырмаларды бөлімдер бойынша талдайтын болсақ, республика бойынша 
нәтижелер төмендегідей болды: 
«Жасушалық биология» бөлімшесі бойынша «А» деңгейінде ең жоғары 
көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысы 85,4% болса, ең төменгі көрсеткіш 
Қарағанды облысы 60,6% көрсеткен, ал республика бойынша 72% болып отыр. 
Базалық (А) деңгейі тапсырмаларын орындауда ең төменгі көрсеткіш 
«Қоректену» бөлімшесіне тиесілі екенін (67,3%)кестеден байқаймыз. 
«Қоректену» бөлімі базалық (А) деңгейі тапсырмаларын орындауда ең 
төменгі көрсеткіш көрсетудің себеп-салдарлары мен білім сапасын көтеру 
туралы ұсыныстарға тоқталайық. 
7-сынып білім алушыларының 5-сыныптан бастап жаңартылған 
мазмұндағы оқу бағдарламасымен оқып келе жатқанын ескеру қажет. Яғни білім 
алушылар жаратылыстану бағытындағы пәндердің бастапқы түсініктерін 
қалыптастыратын пропедевтикалық курс болып саналатын «Жаратылыстану» 
пәнін оқыды. «Жаратылыстану» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 6-
сыныпта аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды. Ал бағдарламаға 
сәйкес тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат 
сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады. 
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптарына арналған 
«Жаратылыстану» 
пәнінен 
жаңартылған 
мазмұндағы 
үлгілік 
оқу 
бағдарламасында қоректену туралы тақырыптар қарастырылған. «Биология» 
пәні бойынша 2019-2020 оқу жылындағы 8-сыныптар 76% мен 2020-2021 оқу 
жылындағы 9-сынып білім алушыларының білім сапасы 61%-ды көрсеткен. 
Пандемия кезінде қашықтан оқу арқылы білім сапасы 15%-ға төмендегені 
байқалды. Білім алудағы олқылықтардың орнын толтыру үшін белсенді оқыту 
әдістерін қолдану ұсынылады.


64 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет