Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Төлеген Айбергенов атындағы №48 орта мектеп Қысқа мерзімді (сабақ)



Дата09.09.2024
өлшемі186,05 Kb.
#203981
түріСабақ
Байланысты:
10 теңүдемелі қмж


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Төлеген Айбергенов атындағы №48 орта мектеп
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары


Педагогтің аты-жөні:

Мусаханова У.А.

Күні:

10.09.2024

Сыныбы:10 «Б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі кинематиканың негізгі түсініктері мен теңдеулері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.2.1.1 -жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигін пайдалана отырып, теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру формуласын қорытып шығару
10.2.1.2 -сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану;

Сабақтың мақсаты:

  • y = kx+b түріндегі тәуелділіктерді талдай біледі,

  • Суретте векторлық шамалардың – орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу -бағытын көрсете біледі.

  • Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен үдеуді анықтай алады.




Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
3 мин

7 мин


Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
Ой шақыру
Суретте не көрсетілген?
Автомобиль қозғалысына байланысты не айтуға болады?



Берілген суретке назар аудара отырып, 3 автомильдің қозғалысын салыстырады.

3 балл


10 сынып оқулығы, суреттер

Сабақтың ортасы

10 мин


5 мин
10 мин

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
Теңүдемелі қозғалыс.
Дене козғалғанда оның жылдамдығы тұрақты болуы немесе өзгеріп отыруы мүмкін. Дененің жылдамдығы тұрақты болса, ондай қозғалыс ты бірқалыпты қозғалыс деп атайды. Ал дененің жылдамдығы өзгеріп отырса, ондай қозғалысты айнымалы қозғалыс дейді.
Бірқалыпты емес қозғалыс
Теңайнымалы қозғалыстардың қарапайым түрлеріне теңүдемелі және теңбаяулайтын қозғалыстар жатады. Теңүдемелі қозғалыс кезінде жылдамдық бірқалыпты артады.
Теңбаяулайтын козғалыстың жылдамдығы әрбір уақыт бірлігінде бірдей шамаға кеміп отырады.
Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттау үшін удеу деп аталатын шама енгізіледі.
Үдеу — жылдамдықтың өзгеру шапшандығым сипаттайтын шама; ол жылдамдық өзгерісінің осы өзгеріс болган уақыт аралығына қатынасын береді.
Халыкаралық бірліктер жүйесінде (SI) үдеу 1 м/с2 -пен өлшенеді.


3 топқа бөлу: адасқан формулаларды сәйкестендіру арқылы:
Айнымалы қозғалыс : 1)x=x0+ 0 t+at2 / 2,
Бірқалыпты үдемелі қозғалыстың жолы:
2) = 0-at,
Бірқалыпты кемімелі қозғалыстың жылдамдығы: 3)S= 0 t+at2 / 2,
Бекіту есептері
Топпен жұмыс
І. Доптың бастапқы жылдамдығы 20 м/с, болды содан кейін ол жермен баяу жүріп 10 с тан кейін тоқтады. Осы қозғалыс кезіндегі үдеуді табыңдар.
ІІ. Қайық 5 м/с ағыс бойымен жүріп өтеді. Ағыстың жылдамдығы 1 м/с. Қайықтың үдеуі неге тең?
ІІІ. Бастапқы уақыт мезетіндегі және 2 минут өткеннен кейінгі дененің жылдамдығы анықтаңыз.

Берілген формулаларға зер сала отырып, олардың қандай шаманы анықтауға қолданылатынын табады.


Формулаларды пайдалану арқылы беріген есептерді шығарады.

2 балл

5 балл


Презентация, видеоматериалдар

Сабақтың соңы.


Рефлексия
5 мин

Оқушылар «БББ» әдісі арқылы рефлексия жасайды

Не білемін?


Не білдім?
Не білгім келеді?










Үй жүмысы

Өтілген тақырыпты қайталап, конспект жазу.











Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет