3.34 «Экспортты ілгерілету бойынша қаржылай шараларды дамыту» бастамасы. Экспортты ілгерілетуді қаржылай қолдау шараларының тиімділігін арттыру, барлық көлемдегі (ірі, орта, шағын) көптеген компаниялар үшін қолдау шараларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ экспорттаушылардың өтінімдерін қарау мерзімдері мен рәсімдерін қысқарту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Экспортты қолдау жөніндегі шаралар үшін тартылатын қаржыландыру көлемін экспорты дамыған елдердің деңгейіне дейін шамамен
ЖІӨ 1% ұлғайту мақсатында Экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай операторды дамыту оның қаржылық тұрақтылығын және әлемнің қаржы институттары мен экспорттық-кредиттік агенттіктер тарапынан сенім дәрежесін арттыруға бағытталатын болады. Бұл қажетті ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын тартуға, сондай-ақ ДСҰ шеңберінде көзделген шектеулер ескеріле отырып, кредиттер мен сақтандырудың құнын біршама төмендетуге мүмкіндік береді.
«Экспортқа бағдарланған көрсетілетін қызметтерді дамыту» міндеті
Міндет шеңберінде көрсетілетін қызметтер экспортын дамыту үшін кедергілер жойылады және айтарлықтай экспорттық әлеуетке ие көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету қамтамасыз етіледі. Мұндай көрсетілетін қызметтерге медицина және білім беру туризмі саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, туристік көрсетілетін қызметтер, қаржы және іскерлік көрсетілетін қызметтер, транзиттік көлік және ғарыш қызметтері жатады.
3.35 «Туристік саланы дамыту үшін жағдай жасау» бастамасы. Жол, жол бойындағы, коммуналдық және өзге де инфрақұрылымдарды, бос уақыт өткізу объектілерін және туристік бағдарларды, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен орман шаруашылығын дамыту үшін заңнама жетілдіріледі және шаралар қабылданады.
3.36 «Шетелдік туристерді тарту үшін ақпараттық-жарнамалық науқандарды іске қосу» бастамасы. Қазақстан және оның туристік объектілері туралы өзекті ақпараты бар елдік веб-портал өзектілендіріліп, қолдау көрсетілетін болады. Туризмді ілгерілету жөніндегі жарнамалық-маркетингтік жоспар, елдік және ұлттық туристік бренд те әзірленетін болады. Бірінші кезектегі елдер үшін жеке ақпараттық-жарнамалық стратегиялар әзірленеді.
3.37 «Көші-қон бақылауы рәсімдерін және визаларды ресімдеуді жеңілдету» бастамасы. Заңнама, әсіресе туризм нарығы үшін бес басым ел – Ресейге, Қытайға, Үндістанға, ЕО елдеріне, Парсы шығанағына қатысты ҚР визалық көші-қон режимін ырықтандыру саласындағы заңнама жетілдіріледі. Кіру визасын ресімдеуге құжаттар беру, шақыртуларды ресімдеу және мемлекеттік органның шешімімен анықтама алу процесін жеңілдету үшін визалық көші-қон интернет-порталы ұйымдастырылады, визаларды онлайн беру рәсімі енгізіледі және ADS (Approved Destination Status) визаларын беру тетігі жетілдіріледі. Визалық көші-қон режимі біріздендіріле отырып, мемлекеттік шекара арқылы өту процесі жеңілдетілетін болады. Бұл ретте, бірінші кезектегі елдердің жолаушылары үшін «72 сағатқа визасыз транзит» режимі енгізілетін болады. Көші-қон режимін бұзғаны үшін әкімшілік қамауды қолданусыз және сот шешімін күтусіз тікелей өткізу пункттерінде айыппұлды онлайн төлеу практикасы енгізілетін болады.
3.38 «Медициналық туризмді дамыту» бастамасы. Жақын және алыс шет елдерден медициналық туристерді тарту үшін жетекші медициналық орталықтар мен санаториялық-курорттық мекемелер (кластерлер) базасында алдыңғы қатарлы сапалы медициналық және сауықтыру қызметтері қалыптастырылады.
Медициналық туризм саласындағы негізгі қатысушылар, бірінші кезекте, халықаралық аккредиттеуден өткен қазақстандық медициналық ұйымдар болады. Пациенттерге бағдарланған сервисті дамыту және қонақжайлылық қағидаттарын, медициналық көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерін уәждеу тетіктерін енгізу бойынша іс-шаралар жалғасады.
Медициналық көрсетілетін қызметтердің әлемдік нарығында қазақстандық медициналық туризм бренді медициналық туризм бойынша әлемдік компаниялармен және қауымдастықтармен әріптестік өзара
қарым-қатынастарды құру және кеңейту есебінен ілгерілейтін болады.
3.39 «Қаржылық және іскерлік көрсетілетін қызметтерді дамыту» бастамасы. АХҚО аумағында ағылшын құқығы қағидаттарына және жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген ерекше құқықтық режим, сондай-ақ тәуелсіз реттеу, елге шетелдік инвестицияларды, шетелдік қаржы институттарын және біліктілігі жоғары кадрларды, қаржы институттарын және біліктілігі жоғары кадрларды тарту үшін жеңілдетілген салықтық, оңайлатылған визалық және еңбек режимдері қолданылатын болады. Озық шетелдік компанияларды шоғырландыру және қаржы мен инвестициялар саласында адами капиталды арттыру АХҚО-ның жергілікті сараптама орталығы ретінде құрылуының алғашқы кезеңінде аталған бағытта экспорттың өсуіне әлеуетті түрде жанама ықпал етеді.
3.40 «Қазақстандық дәліздерді және транзиттік сервисті ілгерілету» бастамасы. Қазақстандық көлік сервистерін шет елдерге ілгерілету бойынша тұрақты жұмыс іске қосылады. Шетелдік жүк жөнелтушілермен жұмыстар жүргізу арқылы транзиттік теміржол тасымалдары кезінде кері жүктеу ұлғаятын болады. Трансқазақстандық бағдарларға жаңа клиенттерді тарту мақсатында жаңа бағдарлар мен бәсекеге қабілетті сервистер қалыптастырылатын болады.
3.41«Ғарыш қызметтерін және сынақ қызметін дамыту» бастамасы. Қазақстанның жолсерік топтамасын қолдау мен дамытуға арналған және айтарлықтай экспорттық әлеуетке ие ғарыш аппараттарының жинақтау-сынақ кешені жұмыс істейтін болады. Еуропа, Азия және Африка елдері негізгі өткізу нарықтарына айналады. Кешен заманауи жабдықпен жарақталады және ғарыш техникасы құрамдауыштарын жасауға және Еуропа мен Ресейде шығарылатын барлық ғарыш аппараттары түрлерінің ғарыш кеңістігінің факторларына ықпал етуіне сынақ жүргізуді қамтамасыз етеді. Экспорттық әлеуетті іске асыру үшін Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етуі жетілдіріледі, қажетті ІТ инфрақұрылымы құрылады, шетел сарапшыларын тарта отырып, маркетинг жөніндегі персонал оқытылады және даярланады.
Күтілетін нәтижелер
Жеке сектордың экономикалық белсенділігі айтарлықтай өседі, шағын және орта кәсіпкерліктің ЖІӨ-гі үлесі 35% - ға дейін ұлғаяды. Бірінші кезекте, 2020 жылға қарай бұл мемлекеттің экономикадағы үлесінің ЖІӨ-де ЖҚҚ 15% дейін азаюы, әкімшілік кедергілердің әлсіреуі және реттеуді оңтайландыру есебінен болады, жиынтығында бұл ЭЫДҰ-ның бәсекелестік орта индексі бойынша 2,2 балл деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Шағын, орта және ірі кәсіпорындарды дамыту (орта кәсіпкерлік үлесі ЖІӨ-де ЖҚҚ-ның 15% жеткен кезде) түрлі қаржылай емес қолдау шараларын көрсету,
көлік-логистика және сауда инфрақұрылымын дамыту (логистика тиімділігінің индексі бойынша 38-орынға қол жеткізу) есебінен ынталандырылады, бұл ұлттық валютадағы несие қоржыны көлемінің үлесі ЖІӨ-нің 50% деңгейінде болған кезде қарыз қаражатына жоғары сұраныс есебінен бәсекелес ортаның өсуіне және қаржы секторының дамуына серпін береді.
Өнімділігі жоғары салаларды дамыту Гарвард Университетінің индексіне сәйкес экономиканың «күрделілік» деңгейін арттыра отырып
(55-орынға қол жеткізу), экономиканы əртараптандыруға жəне жалпы экспорт көлемінде шикізаттық емес экспорттың 50% деңгейіндегі анағұрлым жоғары үлесі есебінен экономиканың құрылымдық дағдарыстарға тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бюджеттің мұнай емес тапшылығын 6%-ға дейін немесе одан төмен азайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жаңғыртудың әсері экономикамен жанама байланысы ғана бар көптеген салаларда да сезіледі. Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде өз позициясын арттыруды жалғастырады.
4-реформа. Сыбайлас жемқорлықсыз құқықтық мемлекет
Реформаның мәні: Реформа заңдардың сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың үздік алдын алу тетіктерін белсенді қолдану, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру есебінен қолайлы инвестициялық және іскерлік ахуал құруға бағытталған. Реформаны іске асыру бизнес жүргізу тәуекелдерін төмендетіп, халықтың өмір сүру сапасын жақсартады.
2025 жылға қарай Қазақстан үшін қағидаттық өзгерістер:
заң шығарушылықтан - заңдарды сақтауға және құқық қолдану практикасын қамтамасыз етуге;
объективтi құқықтық қорғау кепiлдiгiне жеткіліксіз дәрежеде сенімді болудан - мемлекеттік билік институттарына, күшті және тәуелсiз сот жүйесіне жоғары сенiм білдіру деңгейіне;
сыбайлас жемқорлық үшін жазалаудан - сыбайлас жемқорлық
іс-қимылдарын жасау мүмкіндігіне жол бермеуге;
кейбір құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа төзуден - әрбір азаматтың өз құқықтарын білуіне және заңдардың сақталу құндылығын түсінуіне.
Алдағы міндеттер
Экономиканың жедел өсуі үшін заңның үстемдігін және меншік құқықтарына кепілдік беруді қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды жалғастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлықты толығымен қабылдамау ахуалын қалыптастыру қажет. Бизнес өкілдері, жергілікті және халықаралық сарапшылар Қазақстанның 2025 жылға дейін құқықтық дамуындағы негізгі басымдықтар ретінде осы бағыттарды бірауыздан бөліп көрсетіп отыр.8
Күрделі және жиі өзгеретін заңдарды сақтау айтарлықтай қиындық туғызады, ал азаматтардың құқықтарын бұзу және сот жүйесіне қалыптасып отырған сенім білдіру деңгейі «ойын қағидаларын» бұрмалайды. «Заңнаманы жетілдіру және заңдардың сақталуы үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету» басымдығының негізгі міндеттері заңдардың сапасын, түсінікті болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтың сенім білдіру деңгейі жоғары, әділ, тәуелсіз сот арқылы қорғалуға кепілдік беру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында алдын алу шараларын қолдану практикасын жалғастыру және процестерді жеңілдету және ашықтығын арттыру есебінен пара беру алғышарттарын жою, толығымен автоматтандыру және есептілік арқылы лауазымды адамдардың құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасау мүмкіндігін шектеу қажет. Жаңа цифрлық технологиялардың даму шамасына қарай оларды қолдану мүмкіндігін қарау қажет.
Құқықтық қоғам құрудағы табыстың маңызды құрамдас бөлігі құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады. Қоғамның жоғары құқықтық мәдениетінсіз, қоғамдағы заңдардың рөлін және құқық бұзушылықтар арқылы қоғамға келтірілетін залал деңгейін түсінусіз заңдардың сақталуы және сыбайлас жемқорлықтың болмауы мүмкін емес.
«Заңнаманы жетілдіру және заңдардың сақталуы үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету» басымдығы
Бұл басымдық шеңберінде заңдардың адал сақталуына кедергі келтіретін себептер жойылады: заңнаманың тиісті сапасы, заңдардың орындалуы қамтамасыз етіледі, азаматтардың құқықтарын қорғау тетігі жақсартылады, сот жүйесінің тәуелсіздігі күшейтіледі және қоғамның мемлекеттік институттарға сенім білдіру деңгейі артады. Қазақстанда құқық қорғау жүйесі халықаралық стандарттарға барынша жақын болады. Мынадай:
заңнаманың сапасын және тұрақтылығын арттыру;
бостандық пен меншік құқығын қорғау тетіктерін жақсарту;
сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету міндеттері шешілетін
болады.
Заңнаманың және құқық қолданудың сапасын, тұрақтылығын арттыру» міндеті
Сапасы жоғары болжамды заңнама ел ішіндегі өмір сүру сапасының деңгейін арттырады, Қазақстанды халықаралық бизнес үшін анағұрлым бәсекеге қабілетті әрі тартымды етеді. Заңды екіжақты түсіндіру мүмкіндігін жою, қайталануды болдырмау, заңнамадағы өзгерістер мен жаңалықтардың болжамдылығын қамтамасыз ету қажет. Ең алдымен, бұл халық пен бизнес үшін маңызы жоғары заңдарға қатысты болады.
Заңнаманы, оның нормативтік деңгейлерін және құқық құрылымын одан әрі жаңғырту ұлттық заңнаманың, оның базалық салаларының даму басымдықтарын, ведомстволық норма шығармашылық рөлін, құқықтық реттеу тетігінде заңнамалық және заңға тәуелді актілер үлесінің оңтайлы арақатынасын айқындауға бағытталатын болады. Бұл ретте ұлттық заңнаманы дамытудың басымдықтарын айқындау бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету призмасы, жаһандық әлемдегі біздің құқықтық жүйемізді тартымды ету арқылы жүргізілетін болады. Мемлекет пен азаматтың (ұйымның) арасындағы қоғамдық-құқықтық қатынастардан туындайтын құқық туралы дауларды шешетін әкімшілік әділет мәселесі қаралатын болады. Қоғамдық-құқықтық сипаттағы дауларды шешу тәртібін процестік оқшаулау және заңдастыру мәселесі қаралады. Әкімшілік іс жүргізу қылмыстық және азаматтық іс жүргізумен қатар сот төрелігін жүзеге асырудың толыққанды нысаны болады.
4.1 «Заңнаманың сапасын арттыру» бастамасы. Экономикалық әсер талдауын енгізу, реттеушілік әсерді бағалауды кеңінен пайдалану, жобаларды анағұрлым сапалы дайындау, консультациялар жүргізу үшін жеткілікті мерзім бөлу және т.б. арқылы заң жобаларын дайындау бойынша процестер және институционалдық мүмкіндіктер жақсартылады.
Мемлекеттің құқық шығармашылық рөлі ең алдымен азаматтық айналым субъектілеріне қызмет үшін (әсіресе кәсіпкерлік) көбірек еркіндік беруге, оның ішінде құқық диспозитивтілігі қағидатын кеңінен қолдана отырып, еркіндік беруге бағытталады. Сөзсіз және әрқашан мемлекеттің қарамағында болатын, сондай-ақ бірқатар жағдайларда анағұрлым «икемді» және нақты нормативтік-құқықтық реттеуді қажет ететін мемлекеттік монополиядан тыс болуы мүмкін, қатаң нормативтік-құқықтық реттеуге жататын салалар мен аялар нақты айқындалатын болады. Бұл реттеу белгілі бір жағдайларда институционалдық ортаның дайындық шамасына қарай мемлекеттік емес субъектілерге берілуі мүмкін.
Заңдардың сапасын арттыруға бағытталған қылмыстық құқық жетілдірілетін болады. Оның нормалары заң нақтылығы және салдардың болжамдылығы талаптарына сай болады, яғни жеткілікті деңгейде нақты тұжырымдалады және заң ережелерін ерікті түрде түсіндіру мүмкіндігін жоя отырып, заңды іс-әрекетті заңсыз іс-әрекеттен ажыратуға мүмкіндік беретін түсінікті өлшемшарттарға негізделеді.
4.2 «Құқық қолдануды жақсарту» бастамасы. Көптеген сарапшылар отандық заңдардың сапасы жеткілікті деңгейдегі жоғары, бұл ретте олар нашар орындалады деп атап өтуде. Заңдар мен өзге де нормативтiк актілердің іске асырылуының ұйымдық-құқықтық тетіктері айқындалады, оның ішінде құқық қолданудың тиімділігін бағалауға байланысты олардың орындалуын мониторингілеу және бағалау жүргізіледі.
4.3 «Заңнаманы жаңарту процесін регламенттеу» бастамасы. Құқықтық актілерді, әсіресе халық пен бизнестің қызметін тікелей регламенттейтін құқықтық актілерді жаңартудың ең көп жиілігі шектеулі болады. Ықтимал тәуекелдер болжамын және заңның қабылдану негізділігін немесе сындарлығын бағалауды және т.б. қоса алғанда, заң жобаларын бағалау рәсімдерін жетілдіру арқылы заңнаманың тұрақтылығына қол жеткізілетін болады. Барлық өзгерістер халық үшін қолжетімді форматта жарияланады және қажетті түсініктемелерді қамтиды.
«Меншік құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жақсарту» міндеті
Меншік бостандығы мен құқықтарын қорғау бизнес пен азаматтардың мемлекетке сенім білдірудің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін негізгі шарттардың бірі болып табылады.
4.4 «Қылмыстық заңнаманы қылмыстық сипаттан арылту және әкімшілік заңнаманы ізгілендіру» бастамасы. Салықтық, кедендік және басқа да құқық бұзушылықтарды қоса алғанда, қоғамдық қауіптілік дәрежесі жоғары емес экономикалық құрамдарды қылмыстық сипаттан арылту және ізгілендіру бойынша жұмыс бұдан әрі жалғасатын болады. Енгізілген өзгерістердің нақты әсері заманауи талдамалық және пікіртерім әдістері арқылы бағаланатын болады.
Қылмыстық заңнаманы қылмыстық сипаттан арылтуға оның жазалау сипатын төмендету, құқық қорғау стандарттарын енгізу есебінен қол жеткізілетін болады. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі үшін тәуекелдерді есепке ала отырып, ең алдымен экономикалық қылмыс саласында қылмыстық саясатты бұдан әрі ізгілендіру мүмкіндіктері айқындалатын болады.
Әкімшілік заңнаманы ізгілендіру бизнес ортаға қысымды бұдан әрі төмендетуді, ашықтықты қамтамасыз етуді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушыларымен байланыстарды қысқартуды және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуді қамтиды. Оң өзгерістер, мысалы, айыппұлдарды ерікті түрде төлеу, салықтық құқық бұзушылықтар кезінде қылмыстық жауапкершілікті алып тастау бойынша өзгерістер одан әрі қолданылады. Ізгілендіру ең алдымен алғаш рет ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамдарға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына қатысты болады. Әкімшілік құқық бұзушылықтарды ізгілендіру құқық бұзушылықтарды қалпына келтіруге, әкімшілік-құқықтық шаралармен қақтығыстардың алдын алуға бағытталады. Олардың қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен құқық бұзушылық сипатына мөлшерлес болуы қағидатының сақталуы қамтамасыз етіледі.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау бойынша соттар мен соттардан тыс инстанциялар арасында өкiлеттiктердi шектеудің нақты тұжырымдамасы әзірленеді. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жаңартылған заңнама қолдану үшін қарапайым және тиімді болады, сонымен бірге құқықтар мен заңды мүдделерге қол сұғудан негізінен соттан тыс қорғауға бағытталады.
Бұл өзгертістердің жергілікті жерлерде практикалық қолданылуын ынталандыруға және бақылауға ерекше назар аударылады.
4.5 «Дамыған елдердің базалық қағидаттарын енгізумен қылмыстық процесті жаңғырту» бастамасы. Сотқа дейінгі процестің дамыған елдердің базалық қағидаттарына сәйкес келетін моделі кезең-кезеңмен енгізілетін болады, ол адам құқықтарын қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тартудан қорғау кепілдіктерін нығайтуды, айыптауды төмендетуді, қылмыстық іс бойынша процессуалдық шешімдерді қабылдау кезінде объективтілікті арттыруды білдіреді. Қорғаушы тарапқа дәлелдер жинау және оларды сотқа ұсыну бойынша көптеген мүмкіндіктерді берумен, қылмыстық процесте айыптау және қорғау тараптарының жарыспалылық қағидаты күшейтілетін болады.
Қылмыстық-процессуалдық құқық шеңберінде адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған қылмыстық сот жүргізудің негізгі қағидаттары іске асырылатын болады. Белгіленген тәртіп негізсіз айыптау мен соттаудан, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адамды айыптаған немесе соттаған жағдайда оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етеді.
Заңдылықты мүлтіксіз сақтау қамтамасыз етілетін болады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары кепілдіктерінің жүйесі күшейтіледі, жасырын тергеу әрекеттерін және жедел-іздестіру іс-әрекеттерін жүзеге асыру кезінде осындай әрекеттердің құралдары мен әдістерін заңсыз пайдалану үшін жауаптылықты күшейтумен, жеке өмірге қол сұқпаушылық қамтамасыз етіледі.
4.6 «Азаматтардың мүдделерін қорғау сапасын жақсарту» бастамасы. Заң көмегін көрсетудің стандарттары мен қағидаттары заңнама жүзінде бекітіледі, кірістері төмен адамдарға құқықтық көмек көрсету жүйесі жақсартылады, ауылдық жерлерде адвокаттық қызметтерге қол жетімділік қамтамасыз етіледі. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң әзірленетін болады.
Бітімгерлік рәсімдері мен дауларды соттан тыс реттеу тетіктерінің қолданысын, оның ішінде сот тәртібінде де, соттан тыс тәртіпте де жеке-құқықтық даулар (медиация, делдалдық және басқасы) арасында ымыраға қол жеткізудің әртүрлі жолдары мен тәсілдерін бекіту арқылы кеңейту болжанады.
4.7 «Қылмыстық құқық бұзушылық үшін мүлікті тәркілеу түріндегі жазаны қолдануды шектеу» бастамасы. 2016 жылдан бастап тәркілеу институтының қысқартылған түрі пайда болды – тәркілеуге қылмыс жасау құралдары мен қылмыстық жолмен алынған кірістер жатады. Тәркілеу институтын одан әрі ізгілендіру мүмкіндіктері айқындалатын болады. Қылмыстық кодекстің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің шектеу әлеуеті бар баптарын тұрақты негізде анықтау мақсатында кәсіпкерлермен және инвесторлармен жұмыс жүргізіледі. 2025 жылға дейін Қылмыстық кодексте және басқа да құжаттарда өзгерту әлеуеті 50 бапқа дейін болатын мүлікті тәркілеуді кезең-кезеңмен қысқарту бойынша жұмыс жалғасатын болады. Тәркілеуді қолдану негіздері қысқарады және мүліктің заңсыз жолмен сатып алынуына дәлелдер ұсынудың нақты өлшемшарттары белгіленетін болады.
4.8 «Рейдерліктен нормативтік-құқықтық қорғауды қамтамасыз ету» бастамасы. Рейдерлік және бәсекелестікті жою мақсатында заңсыз қысым көрсету туралы өтініштерді қараудың ерекше тәртібі көзделетін болады. Осылай арнайы алгоритм және рейдерлікке қарсы іс-шаралар жүзеге асырылатын өлшемшарттар ұсынылады.
4.9 «Үздік практикалар тәжірибесі бойынша әкімшілік әділет жүйесін құру» бастамасы. Азаматтардың мемлекеттік аппаратпен қарым-қатынасында азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған сот (немесе квазисоттық) институты ретінде әкімшілік әділет органы енгізіледі. Жария құқықтықтық сипаттағы дауларды шешу тәртібін процестік оқшаулау және заңдастыру мәселесі қаралатын болады. Әкімшілік іс жүргізу қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізумен қатар сот төрелігін жүзеге асырудың толыққанды нысанына айналады.
4.10 «Құқық қорғау жүйесін дамыту» бастамасы. Құқық қорғау органдарын дамыту, олардың жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіру жалғасады. Кадр саясатының тұрақтылығы қамтамасыз етілді, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігі мен тәртібіне қойылатын талаптар артады. Құқық қорғау органдарының құрылымдары мен функциялары оңтайландырылатын болады, ұйымдастыру-басқарудың тиімді тетіктері белгіленеді және құқық қорғау органдарына тән емес функциялардан толық босатумен функциялар тиімді бөлінеді. Құқық қорғау органдарының қызметін бағалаудың нақты өлшемшарттары айқындалады, ал олардың жұмысының басты көрсеткіші азаматтардың оларға деген сенімдерінің деңгейі болады.
4.11 «Құқық қорғау органдарын және соттарды цифрландыру» бастамасы. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер электрондық форматқа ауыстырылады. Бұл бұрмалау мен сыбайлас жемқорлықты азайтуға, сондай-ақ осы істер бойынша іс жүргізуді үнемді етуге және тиісінше адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға нұқсан келтірмей, мемлекеттік бюджетке жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Құқық бұзушылықтар туралы өтініштер беру, айыппұлдар төлеудің цифрлық жүйесі құрылады, бұл адами фактордың теріс әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Құқықтық статистиканың көлемді деректерімен жұмыс істеу үшін талдамалық құралдар енгізіледі.
Бірыңғай сот практикасының ашық электрондық жүйесі құрылады. Сот процесінің кез-келген қатысушысы оны қызықтыратын сипаттамалар бойынша барлық сот актілерімен таныса алатын болады. Сондай-ақ, қараудың сапасын және өтініштің нәтижесін, не өтініш берушінің қанағаттануын бағалау жүйесін енгізу және/немесе кеңінен қолдану болжанады.
4.12 «Кәсіпкерлік кодексті дамыту» бастамасы. Кәсіпкерлік кодексті одан әрі дамыту кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жария және жеке мүдделердің теңгерімін қамтамасыз етеді. Кодекс кәсіпкерлікті реттеудің отандық және шетелдік ең үздік тәжірибесін ескере отырып, бизнес саласындағы әкімшілік кедергілердің артуы үшін басты заңды тосқауыл болады.
«Сот төрелігін және сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету» міндеті
Заңдардың сақталуы үшін жағдай жасаудағы аса маңызды міндет құқық бұзушылықтар үшін жазаның сөзсіз болу қағидатын және соттың тәуелсіздігі қағидатын қамтамасыз ету болып табылады.
4.13 «Сот жүйесінің тәуелсіздіктің халықаралық стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету» бастамасы. Сот жүйесі тәуелсіздіктің халықаралық қағидаттарына сәйкес жетілдіріледі. Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды іске асыру шеңберінде сот жүйесінде меритократия қағидаттары қамтамасыз етіледі. Судьялардың кадрлық ұтқырлығы арттырылатын болады, олардың сот әкімшілігі органдарының жұмысына қатысуының және оқыту бағдарламаларын іске асырудың жаңа тетіктері енгізіледі. Соттар мен судьяларды мамандандыру бойынша жұмыс жалғасады, қосымша мамандандырылған соттарды құру мүмкіндігі қаралады.
Сот билігінің қызметін толық, объективті және қалтықсыз жариялау қамтамасыз етілетін болады.
4.14 «Алқабилер сотының қолданылу тетігін жақсарту және оның аясын бұдан әрі кеңейту» бастамасы. Алқабилер сотының жұмысын ұйымдастырудың байланыстарды, оның ішінде судьялармен байланыстарды шектеуді, жауаптылықты арттыруды және басқаларды қамтитын белгілі әлемдік моделі таңдалады және қабылданады. Сотта үміткерлердің және алқабилерді іріктеу жүйесінің сапасын арттыру үшін алқа билер отырысына үміткерлер тізімін (бірыңғай, қосалқы, қосымша) автоматтандырылған түрде қалыптастыруға баса назар аударылатын болады. Болашақта алқабилер соты қолданылатын қылмыстық істер санатын одан әрі арттыру қаралады.
4.15 «Сот актілерінің орындалу тиімділігін арттыру» бастамасы. Атқарушылық іс жүргізу сот актілерін жеке орындау институтын дамыту, сот орындаушыларының іс жүргізу әрекеттерін барынша автоматтандыру арқылы жүзеге асырылады.
4.16 «Қылмыстық-құқықтық шараларды жетілдіру» бастамасы. Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық шаралар кеңінен қолданылатын болады. Қылмыстық жазаларды орындау жүйесі жалпыға танылған халықаралық стандарттарға жақындатылады. Бас бостандығынан айыру орындарында адамның қауіпсіздігі, жазаның осы түрін өтеп жатқан адамдардың құқықтары мен заңды мүдделері сақталады. Сотталған адамның күндізгі уақытта мекеме шегінде жүріп-тұруы мен адамдармен қарым-қатынас жасауы, түнгі уақытта жеке үй-жайда оқшаулану мүмкіндігі болатын, ұстаудың камералық тәртібіне біртіндеп көшу жүзеге асырылатын болады. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды қоғамның толық мүшелері ретінде әлеуметтендіруге бағытталған жүйелік шаралар қабылданатын болады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын күшейту» басымдығы
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу елдегі сыбайлас жемқорлықтың жалпы деңгейін төмендету үшін басты міндет болып табылады. ЭЫДҰ Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің негізгі төрт қағидатының бірі ретінде алдын алу шараларын белгілейді. Ағымдағы мақсат – халықтың және бизнестің тарапынан «заңсыз әрекеттерге деген талапты», сондай-ақ оларды жүзеге асыру мүмкіндігін төмендетіп, алдын алу шараларын айтарлықтай күшейту.
Басымдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі, алдын алу шараларын ауқымды қолдануға және қылмыстық-құқықтық құралдарды әсіресе сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары салаларда нақты пайдалануға бағытталатын болады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін мынадай:
сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары процестерді оңтайландыру және оңайлату;
дерекқорлар және талдама есебінен ашықтықты арттыру міндеттері қойылды.
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары процестерді оңтайландыру және оңайлату» міндеті
Азаматтар мен бизнес үшін маңызды қызметтер мен функцияларды оңайлату және цифрландыру, олардың ашықтығын арттыру заңсыз әрекеттерді жасаудың қажеттілігі мен мүмкіндігін азайтуға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары мемлекеттік және жеке сектор ұйымдарының аса маңызды салаларында кезең-кезеңмен қолданылатын болады, оларға нәтижесі бойынша «сыбайлас жемқорлықтан еркін аймақтар» деген жария мәртебе беріледі.
4.17 «Азаматтардың мемлекетпен байланыстарын одан әрі оңайлату» бастамасы. Халықтың мемлекетпен өзара іс-әрекеттесуінің барлық нүктелеріне аудит жүргізіледі және оңайлатуға немесе автоматтандыруға әлеуеті бар мемлекеттік қызметтер мен функциялар айқындалады, электронды түрде немесе «бір терезе» қағидаты бойынша қол жетімді мемлекеттік қызметтердің үлесі артады. Болашақта «бір өтініш» қағидаты енгізіледі (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қосымша құжаттар ұсынусыз, өтініш пен жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі негізінде көрсетіледі). Келесі қадам «Барыншы белсенді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тұжырымдамасын іске асыру болады, бұл кезде азамат қандай да бір сұрау салусыз мемлекеттік көрсетілетін қызметті алудың қажеттілігі туралы автоматты түрде хабарлама алады.
4.18 «Процестерді автоматтандыруды қамтамасыз ету» бастамасы. Мемлекеттік органдарда белгілі бір өлшемшарттарға жатқызылатын барлық процестер автоматтандырылады. Бірқатар мемлекеттік функцияларды құру мүмкіндігі, мысалы, блокчейн сияқты құқықтарды белгілеу және өзгерту процесін автоматтандыратын және даулы мәселелерді болдырмайтын технологиялар базасында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу зерделенеді.
4.19 «Сатып алу жүйесін жетілдіру» бастамасы. ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес, сатып алу процесін жосықсыз ұйымдастыруға күдік туындағанда немесе анықталған жағдайда әрекетте туралы мемлекеттік сатып алу қатысушысына нұсқау әзірленетін болады. Сатып алудың бірыңғай тәсілдерін белгілеу, жауаптылықты және бақылауды күшейту мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуын реттеу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
«Дерекқорлар және талдама есебінен ашықтықты арттыру» міндеті
Деректердің ашықтығы заңға қайшы әрекеттерді жасау үшін алғышарттарды жоюға қажетті шарттарының бірі болып табылады. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауды және олардың алдын алу бойынша ұсынымдарды қалыптастыруды оңайлатады.
4.20 «Бірыңғай дерекқорлар құру» бастамасы. Осы бастаманың шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне, оның ішінде «электрондық үкімет» порталында ведомствоаралық интеграция жүргізу жоспарлануда. Мысалы, бірыңғай дерекқорлар мемлекеттік сатып алу салаларын, жер учаскелері туралы деректерді және басқаларын қамтиды.
4.21 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болжаудың заманауи әдістерін енгізу» бастамасы. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және болжау дерекқорларды пайдалана отырып барынша белсенді талдаманың заманауи әдістерімен толықтырылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижесінде анықталған ұсынымдарды енгізу сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен шарттарды жою мақсатында заңнамада бекітіледі.
«Тұрақты құқықтық мәдениетті қалыптастыру» басымдығы
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстардың үлкен бөлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында, біршама бөлігі заңдарды білуді, түсінуді және сақтауды білдіретін құқықтық мәдениеттің жалпы деңгейін арттыру саласында жүргізілуде. Бұл ретте кейбір мемлекеттік органдарға азаматтардан түсетін өтініштердің айтарлықтай бөлігі (30-50%) заңдарды түсіндіру қажеттілігімен байланысты9. Басымдықтың басты міндеттері – заңдардың және нормативтік құқықтық актілердің халыққа түсінікті тілдік стильде және форматта берілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру бағдарламаларына құқықтық оқытудың заманауи форматтарын енгізуді қамтамасыз ету. Құқықтық мәдениетті қалыптастыруда қоғамдық бақылау бағдарламаларын жалпыға танымал ете отырып, оны таратуға азаматтардың өздерін тарту үшін маңызды орын беріледі.
Болашақта мынадай:
заңдардың сақталмауына және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті дамыту;
қоғамдық бақылауды жалпыға танымал ету және мемлекеттік институттарға сенімді арттыру міндеттерінің шешілуіне басты назар аудару қажет.
«Заңдардың сақталмауына және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті дамыту» міндеті
Азаматтар мен бизнестің өз құқықтары туралы хабардар болуы, оларға құқықтық қоғамның артықшылықтарын түсіндіру сыбайлас жемқорлыққа төзушілік деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
4.22 «Құқықтық тәрбие және білім беру бағдарламаларын кеңейту» бастамасы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие және білім берудің қолданыстағы бағдарламасы құқық қорғаудың басқа да аспектілеріне, оның ішінде адам құқықтары, Еңбек кодексі және т.б. қолданылады Бағдарлама азаматтарға арналған іс-шараларды және жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметшілер үшін түсіндіру жұмыстарын қамтиды. Электрондық құқықтық білім беру тұжырымдамасы енгізілетін болады. Заңнаманы қолданудың мағынасы мен қағидаттарын түсіндіретін оңайлатылған форматтағы өзекті құқықтық құжаттардан тұратын ашық ақпараттық-құқықтық ресурс құру жоспарлануда. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын, мемлекеттік қызметшілердің арасында заң жөніндегі сауаттылығын арттыру, азаматтардың күнделікті өмірінде аса қажет болатын құқық салаларындағы өзекті проблемалар бойынша ақпараттық ресурстардың көлемін кеңейту мен сапасын арттыру бойынша жұмыс жалғасады.
4.23 «Заңдарды сақтамауға төзбеушілікті дамыту бойынша қолданылатын жанама шараларды кеңейту» бастамасы. Әрбір азаматқа сыбайлас жемқорлықтың зардабын түсіндіретін, заңдарды сақтамау мен сыбайлай жемқорлыққа төзбеушілікке тәрбиелеу бойынша түсіндіру бағдарламасы кеңейтілетін болады. Нәтижелерін ашық жариялаумен төзімсіздік деңгейін тұрақты түрде өлшеу жоспарланады.
«Қоғамдық бақылауды танымал ету және мемлекеттік институттарға сенімді арттыру» міндеті.
Қоғамдық бақылау құқық бұзушылыққа қарсы күреске әрбір азаматты тартуға мүмкіндік береді.
4.23 «Қоғамдық бақылау бағдарламаларын танымал ету» бастамасы. «Азаматтық бақылау» және «Мемлекеттік қызметтегі этика» сияқты заңдарды сақтауды қоғамдық бақылау бағдарламаларын тарату және жария ету бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Заңнамада анонимділік қағидатын және теріс пайдаланулар туралы хабарлайтын адамдарды қорғау, сондай-ақ осындай адамдарға кедергі келтіретіндерге қатысты санкциялар көзделеді.
4.25 «Мемлекеттiк институттарға сенiм деңгейi бойынша тиімділіктің басты көрсеткiштерiн енгізу» бастамасы.
Электронды үкімет базасында оны мониторингілеу және ашық жариялаумен, мемлекеттік институттарға қоғамның сенім деңгейін бағалайтын тиімділіктің басты көрсеткіші енгізілетін болады. Мониторингтің нәтижелері мемлекеттік институттар мен олардың жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлерін марапаттау және олардың үздік тәжірибесін тарату үшін пайдаланылатын болады.
4.26 «Сөз бостандығы мен БАҚ-ты дамыту» бастамасы. БАҚ қоғамдық мүддені қорғаушы рөлін атқара алуы үшін ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибесіне сәйкес олардың ақпаратқа қол жеткізуін және пікірлерін еркін білдіруін, журналистік тергеп-тексеру және басқаларын жүргізу кезінде журналистерді және ақпарат көздерін қорғауға кепілдік беруді қамтамасыз ету қажет. Этика, кәсібилік деңгейін көтеру, БАҚ-ты ырықтандыру және оның ашықтығы үшін БАҚ бәсекелестік қолдау табады, ол тәуелсіз ақпараттық ресурстарды және халықаралық Мемлекеттік органдар басшыларының жұртшылыққа есеп беру практикасы одан әрі дамытылады.
Күтілетін нәтижелер
Сыбайлас жемқорлықты қысқарту бойынша оң өзгерістер (Transparency International сыбайлас жемқолықты түйсіну индексі 435 балға дейін өседі) және құқықтық мәдениетті тәрбиелеу экономикаға кешенді ықпал етеді. Олар жеке инвестицияларды ынталандыру (бұл жанама түрде негізгі капиталға инвестициялардың өсуіне өзінің үлесін – 2025 жылға қарай ЖІӨ-ден 19,4%-ға дейі береді), жеке бизнестің өсуі, адами капиталды тарту және дамыту бойынша жүйелік реформалар шеңберінде қабылданатын шаралардың әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік береді. Елде сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуі сыбайлас жемқорлықтан залалды жылына 2%-ға дейін қосымша экономикалық өсуге айналдыруға мүмкіндік береді. Аталған реформа бойынша қабылданған шаралар TheWorldJusticeProject заң үстемдігі индексі бойынша позицияларды әлемде 55-60-орынға дейін жақсартуға мүмкіндік береді.
5-реформа. Мықты өңірлер және урбандалу
Реформаның мәні. Реформа еліміздің барлық аймақтарында өмір сүру сапасын қамтамасыз ету кезінде жергілікті әлеуетті (экономикалық резервтерді) тиімді пайдаланумен қамтамасыз етілетін өңірлердің экономикалық өсуі есебінен еліміздің ЖІӨ-арттыруға бағытталған.
2025 жылға қарай Қазақстанда орын алатын қағидатты өзгерістер:
орталықтандырылған жоспарлаудан және ресурстарды бөлуден – экономикалық дербестік пен бюджетті ұтымды пайдалану үшін өңірлердің жауапкершілігіне;
бюджеттен трансферттер мен субсидиялар бөлу арқылы өңірлерді қолдаудан – өңірлерді дамытуға бағытталған инвестицияларды тартуға;
ұлттық жоспарлардың «шартты» орындалуынан – аймақаралық бәсекелестік және кооперация жағдайларында нәтижеге бағдарлануға;
ішкі дамуды ескере отырып аймақтық жоспарлаудан – бірыңғай экономикалық нарық ретінде аумақтық дамуды үйлестіруге;
бүкіл елдегі өмір сүрудің базалық деңгейін теңестіру тәсілінен – өмір сүрудің негізгі сапасына және барлық азаматтар үшін ұтқырлыққа.
Алдағы міндеттер
Реформа аясында өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, урбандалу және байланыста болуды қамтамасыз ету және барлық өңірлерде өмір сүрудің базалық деңгейін қамтамасыз ету сияқты үш басты басымдық айқындалды.
Өңірлік саясаттың бағыты шығыстарды теңестіруден өңірлердің меншік кірістері өсімін ынталандыруға ауыстырылатын болады. Өңірлердің бәсекеге қабілетін арттыру үшін жергілікті атқарушы органдарды ынталандыру жүйесін қалыптастыру қажет. Өңірлік саралауды азайтуға қол жеткізу ресурстарды өңірлер арасында қайта бөлу есебінен емес, өңірлердің өздері жүзеге асыратын даму жолдары мен көздерін іздестіру негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Мұндай ауысу фискалды және бюджеттік саясатты өзгертуді, жеке инвестицияларды тарту бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін жандандыруды және өндірістің экспортқа бағдарлануын талап етеді. Бұдан басқа жоспарлау жүйесінің «төменнен-жоғарыға» жүйесін енгізу арқылы өңірдегі мүдделерді ескеруді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік жоспарлау жүйесіне өзгеріс енгізу қажет.
Нашар дамыған өңірлерге субсидиялар мен трансферттер беру саясатынан алшақтау тұрақты сипатқа ие болуы тиіс, бұл оларда өмір сүрудің базалық деңгейін сақтау және қамтамасыз ету үшін қажет. Базалық деңгейде барлық өңірлерде сапалы білім беру, денсаулық сақтау қызметтері, қолжетімді баспана, қоршаған ортаның сапасын арттыруды қамтамасыз ету қажет.
«Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» басымдығы
Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мынадай:
өңірлердің экономикалық дербестігін қамтамасыз ету;
өңіраралық бәсекелестікті пен кооперацияны дамыту міндеттерін шешу қажет.
«Өңірлердің экономикалық дербестігін қамтамасыз ету» міндеті
Бұл міндет өкілеттіктерді одан әрі беру есебінен өңірлердің экономикалық, кадрлық дербестігін арттыруға бағытталған. Сонымен бірге дербестікті ұлғайту жергілікті билік органдарының есептілігін күшейтуді білдіреді.
5.1 «Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді одан әрі беру» бастамасы. Өкілеттіктерді одан әрі беру: орталық атқарушы органдардан жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ жергілікті биліктің жоғары тұрған органдарынан төменгі тұрған органдарына дейінгі мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерін қамтиды.
Республикалық деңгейде қорғаныс қабілетін және ұлттық қауіпсіздікті, заңдылықты және құқықтық тәртіпті, бірыңғай салықтық, бюджеттік, көліктік-коммуникациялық және энергетикалық, әлеуметтік саясатты қамтамасыз ету және басқа да сияқты бірқатар стратегиялық мәселелер сақталатын болады. Өңірлердің олардың алдына қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуі үшін саясаттың қажетті шараларын дербес айқындау бойынша өкілеттіктері кеңейтілетін болады. Атап айтқанда, бұл бизнеске қолдау көрсету, инвестиция тарту, жұмысқа орналасуға ықпал ету, инфрақұрылымды дамыту және т. б. сияқты қолдау жолдарын таңдауға қатысты.
Бұл ретте, өкілеттіктерді қайта бөлу тиісті орталық және жергілікті мемлекеттік құрылымдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жаңа функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін операциялық және техникалық институционалдық дайындығын қамтамасыз етумен сүйемелденетін болады. Жаңа функциялар мен өкілеттіктерді орындау үшін тиісті кадрлық және материалдық-техникалық ресурстар қамтамасыз етілетін болады.
5.2 «Өңірлердің экономикалық дербестігін арттыру» бастамасы. Жергілікті атқарушы органдардың нысаналы трансферттерге және субсидияларға тәуелділігін төмендету және олардың мықты жақтары мен бәсекеге қабілеттілік әлеуеттеріне сәйкес өңірлердің экономикасын дамыту бойынша пәрменді шаралар қабылдауға ынталандыру қажет.
Жергiлiктi атқарушы органдардың кірістік базасы капиталдың ұлттық нарығына инвестициялық қарыздарды тарту және кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру нәтижесінде салықтық базаны арттыру есебінен кеңейтілетін болады.
5.3 «Жергілікті жерлерде кадрлар ресурсын басқару» бастамасы.
Биліктің барлық деңгейлерін білікті кадрлар құрамымен қамтамасыз ету үшін штатты күшейту және жергілікті атқарушы органдардың біліктілігін көтеру, сондай-ақ олардың еңбегіне ақыны кеңейтілген өкілеттіктер мен функцияларға сәйкес көтеру бойынша шаралар қабылданатын болады. Өңірлердегі бағалау мен еңбекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі шеңберінде қызметкерлердің қызметі мен құзіреті нәтижелерін ескере отырып, өңірлерде бағалау мен бонустық жүйенің алдыңғы қатарлы әдістерін кезең-кезеңмен енгізу қамтамасыз етіледі.
5.4 «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын одан әрі нығайту» бастамасы. Өңірлік маңызы бар қалалар, ауылдар, елді мекендер, ауылдық округтер деңгейінде өкілетті жергілікті өзін-өзі басқару органын құру мәселесі пысықталады, бұл жергілікті қауымдастықтың бюджетті бекітуге қатысуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің кіріс көздерін одан әрі арттыру мәселесі де қаралады. Сонымен қоса, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру мақсатында ауылда мемлекеттік қызметшілер үшін әлеуметтік қолдау шаралары көзделетін болады.
5.5 «Жергілікті биліктің есептілігін қамтамасыз ету» бастамасы. Жергілікті биліктің есептілігі тиісті мәслихаттар, халық, бизнес пен сараптамалық қауымдастық алдында тұрақты есеп берудің толықтығын, ашықтығын, қолжетімділігі мен дұрыстығын арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады. Азаматтар жергілікті деңгейде мемлекеттік қаржыны басқару және бюджетті құру туралы егжей-тегжейлі ақпаратқа қол жеткізеді. Бюджеттік процесс бөлігінде мәслихаттардың құзіретін арттыру бойынша шаралар іске асырылатын болады. Бұдан басқа, бюджеттік процес туралы ашық және дұрыс ақпарат ұсынуды қоса алғанда, мәслихаттарға қажетті қолдау көрсету үшін тәуелсіз зерттеу ведомствосын құру мүмкіндігі қаралатын болады.
«Өңіраралық бәсекелестік пен кооперацияны дамыту» міндеті
Өңірлерді дамыту үшін маңызды ынталандыру республикалық бюджеттен инвестициялық қаражаттарды алу үшін бизнесті жүргізудің жеңілдігі мен жарыспалылығы бойынша өңірлердің рейтингі негізінде олардың арасындағы бәсекелестік болуы тиіс. Бұл ретте, бәсекелестік өңірлерді оқшаулауға себеп болмай, керісінше, мүмкіндіктерді іздестіру және ресурстарды оңтайландыру бойынша аймақаралық ынтымақтастықты нығайтуды қамтамасыз етуі тиіс болады.
5.6 «Бизнесті жүргізудің жеңілдігі жөніндегі өңірлік рейтинг жүйесін енгізу» бастамасы. Экономикалық көрсеткіштерге және бизнес пікіртерімдері нәтижелеріне құрылған рейтингілер түріндегі аймақтарды салыстыру құралы әзірленеді және енгізіледі. Рейтингінің негізгі мақсаты, мысалы, желілерге қосылуды, жерге қол жеткізуді, іс-әрекеттердің айқын бағыттарын қамтамасыз ету есебінен, экономикалық даму, бизнес үшін жағдай жасау бөлігінде өңірлер арасындағы бәсекелестікті ынталандыру болады. Рейтинг жыл сайын жаңартылады, ашық түрде жарияланады және оның негізінде өңірлердің арасындағы үздік практиканы жинау мен тарату жүзеге асырылатын болады.
5.7 «Республикалық бюджеттен инвестицияларды негіздеу процесін енгізу» бастамасы. Республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін жергілікті жобаларды анықтаған кезде мемлекеттік бюджеттің қатысуы инфрақұрылымның дамуымен шектелген, жеке сектормен бірлесіп қаржыландырылатын жобаларға басымдық берілетін болады. Салым бірлігіне шаққанда ең көп адам санын қамтитын және өнімділіктің өсуіне, технологиялық жаңартуға, цифрландыруға және экспортқа бағдарланған тауарларды шығаруға бағытталған жобаларға басымдық беріледі.
5.8 «Өңірлер арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін ынталандыру» бастамасы. Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды құралдарының бірі бірнеше өңірдің дамуындағы синергетикалық әсер алу үшін өңірлердің арасындағы кооперация болады. Аумақтық кластерлерді және өңірлераралық инвестициялық жобаларды құруды қолдау үшін оларды қаржыландыруға бюджет қаражаты бөлінетін болады (барлық заңнамалық тосқауылдардыжою болжанады).
5.9 «Перспективалы елді мекендердің дамуын үйлестіру» бастамасы. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын іске асыру нәтижесінде өңірлердің дамуы үйлестірілген және келісілген болады. Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе хаб-қалаларында макроөңірлердің экономикалық белсенділік орталықтарымен, капиталдарды, ресурстарды, алдыңғы қатарлы технологиялар мен көрсетілетін қызметтерді шоғырландырудың бірыңғай экономикалық нарығын құруға бағытталған шараларды іске асыру жалғасады.
«Урбандалу және байланысты қамтамасыз ету» басымдығы
Урбандалу мен қалалық ортаны дамыту деңгейі жалпы елдің даму деңгейін көрсетеді және одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму үшін маңызды фактор болып табылады. Орташа және шағын қалаларға мемлекеттік және жеке инвестицияларды, сондай-ақ еңбек ресурстарын тарту үшін мынадай:
орташа және шағын қалалардың басымдығымен реттелетін урбандалу;
экономикалық өсу орталықтары арасында көліктік байланыстылықты қамтамасыз ету шаралары іске асырылатын болады.
«Орташа және шағын қалалардың басымдығымен реттелетін урбандалу» міндеті
Мемлекет әсіресе ірі қалалар – агломерациялар орталықтарының ықпал ету аймағында орналасқан шағын және орташа қалалардың экономикалық дамуына, «SmartCity» тұжырымдамасы негізінде қалалық ортаны басқару үшін жоғары технологиялық шешімдерді енгізуге, перспективалы елді мекендер мен өңірлердің дамуын үйлестіруге назар аударады.
5.10 «Орташа және шағын қалаларды дамыту» бастамасы. Облыстық және аумақтық маңызы бар орташа және шағын қалалардың дамуына ерекше назар аударылатын болады. Бұл үшін әлеуметтік инфрақұрылым мен көрсетілетін қызметтер саласын дамытуды басымдау, жеке кәсіпкерліктің өсуіне жағдай жасау, өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде орташа және шағын қалаларда жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламалары және аумақтарды дамыту бағдарламалары қайта қаралады.
Қолда бар әлеуетті ескере отырып, облыс орталықтарының және басқа да орташа қалалардың дамуы жөніндегі жұмысты негізінен жергілікті мемлекеттік органдар жүзеге асырады. «Орталықтың» қатысуы ең алдымен ұлттық ауқымдағы ірі мемлекеттік жобаларда көзделеді.
Сонымен бірге, перифериялық аумақтар депопулясының алдын алу мақсатында оларға жеке инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу арқылы перспективалы шағын және моноқалаларды дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады. Қалаларды тиімді дамыту мақсатында қалалық басқару, экономикалық саясат, бюджетті қалыптастырудың, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды қолдауға арналған қаржылық құралдардың және басқаларының қазіргі заманғы қағидаларын ескеретін тиісті тұжырымдама қабылданатын болады. Ірі қалалар функционалды қалалық аудандар деп аталатын іргелес елді мекендермен қатар дамитын болады.10
Осы мақсатта тірек ауылдарда және шағын қалаларда көрсетілетін қызметтер, өңдеу өнеркәсібі салаларын дамытуға қажет шаралар қолданылатын болады.
5.11 «SmartCity тұжырымдамасын іске асыру» бастамасы. Қазақстанның барлық қалаларында «SmartCity» тұжырымдамасы іске асырылатын болады, ол ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалану мен басқару үшін жоғары технологиялық шешімдерді қолдануды көздейді. Қала өмірінің барлық салаларына, оның ішінде қаланың әлеуметтік, көліктік, инженерлік, энергетикалық, тұрғын үй және ақпараттық инфрақұрылымын басқару, коммуналдық қызмет көрсету, қала салуды жоспарлау, «ақылды» ғимараттар салу және т.б. қоса алғанда цифрлық технологияларды енгізу қажет. «SmartCity» тұжырымдамасына көшу «ақылды қалаларды» салудың ұлттық стандарттарын енгізуді және аймақтық даму саласында тиісті бағдарламалық құжаттарды қайта қарауды талап етеді.
«Экономикалық өсу орталықтары арасында көліктік байланысты қамтамасыз ету» міндеті
Экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендердің қол жетімділігін арттыру және тұрақты өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жол және теміржол желісін салу және реконструкциялау қажет.
5.12 «Шұғыла қағидаты бойынша көлік инфрақұрылымын дамытуды жалғастыру» бастамасы. Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент және Өскемен хаб-қалаларындағы орталықтарымен елдің макроөңірлерін қалыптастыру арқылы Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын құру бойынша жұмыс жалғасатын болады. Макроөңірлер шегінде қалалар мен қала маңы араларында байланысты қамтамасыз ету үшін қала маңы көлігінің интеграцияланған инфрақұрылымы құрылады.
Хаб-қалалар арасындағы жолға уақытты қысқарту мақсатында «Астана - Қарағанды - Балқаш -Алматы» бағыты бойынша «Орталық-Оңтүстік» жобасы, «Астана - Павлодар - Семей - Қалбатау - Өскемен» бағыты бойынша «Орталық-Шығыс» жобасы, «Астана - Арқалық - Торғай - Ырғыз - Шалқар -Қандыағаш» бағыты бойынша «Орталық-Батыс» жобасы іске асырылады. Облыс орталықтары хаб-қалалармен қосылатын болады, сонымен бірге облыстар шеңберінде орташа және шағын қалалар «шұғыла» қағидаты бойынша облыстық орталықтармен біріктірілетін болады.
5.13 «Көлік қолжетімділігін арттыру» бастамасы. Таңдалған бағдарлар бойынша тасымалдау құнын азайту үшін көлік компанияларымен ұзақ мерзімдік келісімшарттарға көшу жүзеге асырылады және тиісті мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Бұл ретте, бірінші кезекте көліктік компанияларға қаржылық емес қолдау көрсету және мемлекет шығыстарын ұлғайтуға алып келмейтін қолдау қаралады. Мысалы, «бағдарлар топтамаларын» сату есебінен тасымалдар құнын субсидиялау тетігін іске асыру мүмкіндігі қаралады, онда көліктік компания көп сұранысқа ие емес бағдарларда тасымал құны бойынша өздеріне міндеттемелер қабылдайды және сұранысқа ие бағдарларда жоғары бағаларды белгілеу құқығын алады.
Бұдан басқа, жергілікті жерлерде қалалар мен жақын орналасқан елді мекендер арасында қызмет көрсетудің тиісті деңгейіндегі үздіксіз және қауіпсіз көлік қатынасын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануы тиіс. Бұл үлкен қалалардың әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымына жүктемені азайтуға және еңбек көші-қонын дамыуға мүмкіндік береді.
«Барлық өңірлерде өмір сүрудің базалық деңгейін қамтамасыз ету» басымдығы
Кез келген өңірдің тартымдылығы, оның бұдан әрі даму перспективалары және тұрғындардың әл-ауқаты деңгейі халықтың өмір сүру сапасымен айқындалады. Халықтың өмір сүру сапасын арттыру – елдің леуметтік-экономикалық саясатының басты мақсаты. Өңірлердің ЖӨӨ арттыру салдары өңірлік еңбек нарықтарында сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздікті күшейту және өңірлер арасында халықтың өмір сүру сапасы мен кірісі бойынша айырмашылықты арттыру болуы мүмкін. өмір сүрудің базалық деңгейін артыру үшін мынадай:
базалық әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету;
экологиялық ахуалды жақсарту міндеттері іске асырылады
«Базалық әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету» міндеті
Әсіресе шағын қалаларда және ауылдық жерде денсаулық сақтау және білім беру салаларында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында білікті кадрларды дайындау, материалдық-техникалық базаны жақсарту, ресурстарды тиімді пайдалану, базалық әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша объектілердің жұмыс істеу жағдайларын жақсарту қажет.
5.14 «Өңірлерде сапалы білім мен денсаулық сақтаудың қол жетімділігі» бастамасы. Денсаулық сақтау инфрақұрылымы инвестицияларды тартуды және жеке меншік сектордың үлесін ұлғайтуды, ғимараттың дизайнына және инфрақұрылымын сүйемелдеуге технологиялық жаңашылдықтарды енгізуді көздейтін денсаулық сақтау желісін дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарының негізінде халықтың қажеттіліктерін есепке ала отырып қалыптастырылатын болады.
Бұдан басқа инвестициялық жоба шеңберінде созылмалы инфекциялық емес аурулары бар пациенттерді қашықтықтан мониторингілеу бойынша мобильдік қосымшалар мен гаджеттерді енгізумен SMART-медицина технологиясын жетілдіру жөнінде жұмыстар жалғасын табуда. Медициналық ұйымдар қажетті IT-инфрақұрылымымен, интернет желісіне қол жеткізумен және көзделген қаражат шегінде меншікті бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған сертификатталған медициналық ақпараттық жүйелермен жасақталатын болады.
Шалғайдағы елді мекендерде білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында мектептердің жай-күйі жақсартылады және олардың материалдық-техникалық базасы жаңартылады. Интерактивті және инновациялық технологияларды қолданумен қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері пысықталатын болады. Жақын орналасқан елді мекенде тұратын мектеп оқушылары үшін тірек мектептерді (ресурстық орталықтарды) ашу және мектеп көлігін іске қосу жұмысы жалғастырылады.
5.15 «Өңірлерде денсаулық сақтау мен білім беруді қаржыландыруды қамтамасыз ету» бастамасы. Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту қағидаты негізінде трансформациялау арқылы, оның ішінде тарифтік саясатты жетілдіру және негізгі құралдар амортизациясын өтеу мен бірлесіп төлем жасау тетігін жетілдіру мәселесін пысықтау арқылы денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесін жетілдіру мүмкіндігі қаралады.
Негізгі шаралар барлық әлеуметтік әріптестерді (мемлекет, жұмыс берушілер мен азаматтар) тарту арқылы қаржыландыру көздерін әртараптандыруға, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шеңберінде теңгерімделуді және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі - АМСК) қаржыландырудың басым бағыты болады.
Денсаулық сақтау мен білім беруде әлеуметтік саланың объектілерін салуға МЖӘ тетігін қолдану практикасы жалғасатын болады. Жергілікті бюджет қаражатының жеткіліксіздігі анықталған жағдайда, республикалық бюджеттен трансферттер өңірлердің инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуіндегі елеулі үйлесімсіздіктерді жою және ұлттық мәні бар жобаларды іске асыру үшін ғана бөлінеді.
5.16 «Жеке қауіпсіздікке кепілдік беруді қамтамасыз ету» бастамасы. Елдің әрбір өңірінде азаматтардың жеке қауіпсіздігінің базалық деңгейін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіледі. Негізгі бағыт – ең жиі жасалатын құқық бұзушылықтардың, мысалы, ұрлықтың алдын алу болады. Жаңа қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге, жасалған қылмыстарды ашуға және азаматтарды қорғау деңгейін арттыруға бағытталған жобалар, мысалы, «Ұрлыққа жол берме» форматындағы жобалар әзірленеді және енгізіледі.
5.17 «Ауыз судың қолжетімділігін қамтамасыз ету» бастамасы. Халықты сапалы және толық көлемде ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ ағынды суларды тазартудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтау және су бұрудың жаңа объектілерін салу және қолданыстағы объектілерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасатын болады. Нәтижесінде 2025 жылға қарай барлық қалалар орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етіледі, ал ауылдарда орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету деңгейі 80% құрайды.
«Экологиялық ахуалды жақсарту» міндеті
Қазақстанның экологиялық стандарттарын, оның ішінде елді мекендердің тозаңдылығы, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен автокөліктің атмосфераға шығарындыларын, энергияның баламалы көздерін енгізу және халықты ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіштері бойынша дамыған елдердің деңгейіне дейін көтеру қажет.
5.18 «Экологиялық стандарттарды қайта қарау» бастамасы. Халықаралық тәжірибе мен ел мүмкіндіктері негізінде Қазақстанның экологиялық стандарттарының тізімі техникалық және экономикалық тұрғыдан қайта қаралады.
Тұрақты даму жөніндегі шараларды одан әрі мониторингілеу және әзірлеу үшін ластанудың өңірлік ерекшелігін, сондай-ақ эмиссия нормативтерін белгілеу кезінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, ластайтын заттар тізбесі айқындалатын болады.
Бұдан басқа, әлемдік және халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар тұрақты негізде өзектендіріліп отырады.
5.19 «Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату саласын дамыту» бастамасы., ЭДЫҰ елдерінің алдыңғы қатарлы практикасын есепке ала отырып, «құрғақ» және «дымқыл» және басқа түрлері қағидаты бойынша ТҚҚ бөлек жинауды; қоқыс шығаратын компаниялардың пресс-компакторы бар сұрыптау желілерін орнатуын, қайталама өнім, энергетикалық ресурстар (биогаз, электр қуаты), компос алумен, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша объектілерді салуды қамтитын тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) кәдеге жарату жөніндегі жүйелік шаралар қабылданады. Бағдарлама шеңберінде ҚТҚ кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасалады, өңірлер ішінде және арасында қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындар арасында, ынтымақтастық орнатылады. Бұдан басқа, халықтың экологиялық жағдай жөнінде хабардар болуын арттыру бойынша ақпараттық кампания ұйымдастырылады.
5.20 «Ластаушы төлейді» қағидатын енгізу» бастамасы. Қоршаған орта ластануының алдын алу үшін қоршаған ортаға зиян келтірудің дәлелденген фактісіне негізделген «ластаушы төлейді» қағидаты бойынша үздік халықаралық тәжірибе зерделенеді және алынады, ол мемлекет тарапынан табиғатты қорғау жөніндегі іс-шаралардның кез келгенін субсидиялауды болдырмайды және қоршаған ортаны қорғау үшін жауапкершілікті табиғатты пайдаланушыға жүктейді.
5.21 «Компаниялар үшін кешенді экологиялық рұқсаттарды енгізу» бастамасы. Шекті жол берілетін эмиссияларды нормалауға негізделген кәсіпорындарды командалық-әкімшіліктік реттеудің орнына соңғы технологиялық әзірлемелерді қолданатын («Қолданыстағы ең үздік технология» қағидаты негізінде) кешенді экологиялық шешімдерді ынталандыру жүйесі енгізілетін болады.
Бұдан басқа, қоршаған ортаға зиян келтірудің нақты дәлелдеріне негізделген жазалау мен айыппұлдар жүйесі енгізіледі. Алымдар мен айыппұлдарды жинау бөлігінде жүйені үйлестіру жүргізіледі, сондай-ақ өнеркәсіптік өндіріс салалары үшін залалды бағалаудың қағидалары бірегейлендіріледі, бұл өндіріп алуды айқын және объективті етуге мүмкіндік береді.
5.22 «Кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсерін бағалау процесін өзгерту» бастамасы. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының экологиялық сауатты басқару шешімдерін қабылдауы үшін қоршаған ортаның жағдайына және халықтың денсаулығына кез келген шаруашылық қызметі әсерінің сипатын, белсенділігін және тәуекелдік дәрежесін анықтау процесі қоршаған ортаға әсер етуді бағалау процесіне өзгертілетін болады.
5.23 «Қоршаған ортаны қорғау саясатын белсенді ілгерілету» бастамасы. Жарияланымдар (электрондық жіберілімдер, журналдар, телевизия және т.б.), қағидалар мен қағидаттарды түсіндіре отырып, реттеуіш пен компаниялар арасында тікелей байланыс, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктер үшін салалық наградаларды табыстау және т. б. арқылы «жасыл экономиканы» кеңінен ілгерілетуге назар аударылатын болады.
Күтілетін нәтижелер
Әрбір өңірдің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын пайдалану, жергілікті жерлерде мүмкіндіктерді кеңейту, өңірлік мемлекеттік аппараттар қызметкерлерінің уәждерін күшейту, бизнесті жүргізудің жеңілдігін арттыру (Бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша ҚР өңірлерінің ұлттық рейтингі арқылы өлшенетін болады) мен еңбек ресурстарының ағыны мен одан әрі урбандалу (урбандалған халықтың 60% деңгейіне қол жеткізу күтілуде) үшін
қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету есебінен өңірлердің арасындағы ЖӨӨ бойынша айырмашылық 2,7 белгісіне дейін төмендейді (ЖӨӨ көрсеткіштері ең жоғарғы 8 өңір бойынша орташа мәннің көрсеткіштері ең төменгі 8 өңір бойынша орташа мәнге қатынасы) және өңірлердің теңгерімді экономикалық өсуі қамтамасыз етілетін болады. Әсіресе салыстырмалы түрде алғанда даму әлеуеті төмен өңірлерде өмір сүрудің базалық сапасын ұстап тұру БҰҰ-ның адам дамуы индексіндегі Қазақстанның позициясын 56-дан 40-ға дейін көтеру, өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін ұлғайту, нәрестелер өлімін төмендету (1000 тірі туған нәрестеге сәйкесінше 7,2-ге дейін), мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен 1-ден 6 жасқа дейінгі балалардың 80%-ын қамту сияқты өлшемдерде көрініс табады.
6-реформа. Қоғамдық сананы жаңғырту
Реформаның мәні: «Қоғамдық сананы жаңғырту» реформасы күшті және жауапты адамдардың бірыңғай ұлтын қалыптастыруға бағытталған. Оның негізгі нәтижесі тұрғындардың өз болашағына деген жауаптылығының, жеке бәскелелістікке қабілеттілігі мен прагматизмінің артуы, сондай-ақ ұлттық мәдениетті ілгерілету және экстремистік идеологияның тарауына жол бермеу болып табылады.
Қазақстанда үшін 2025 жылға қарай орын алатын қағидатты өзгерістер:
«тек өзімнің және өзіме жақын ортамның қамын ойлаймын» деген көзқарастан – қалаға және елге қамқорлық жасайтын «жауапты азаматқа»;
жас ұрпақтың еліктеуі үшін іріктемелі үлгілерден – өмірдің барлық салаларындағы рөлдік модельдерге;
шетелдік мәдениетті ішінара қабылдаудан – елде де, одан тыс жерлерде де ұлттық мәдениетті ілгерілетуге.
Алдағы міндеттер
Саяси жүйені және экономиканы сәтті жаңғырту үшін халықты барынша тарту талап етіледі. Сондықтан кең ауқымды түрленулер қоғамдық сананы жаңғыртумен қатар жүруі тиіс, бұл мықты да, жауапты адамдардың біртұтас ұлты болып қалыптасуға мүмкіндік береді. Бұл процестің маңызды шарты жүргізіліп отырған жаңғырту сәттілігінің іргетасы ретінде ұлттық бірегейлікті сақтап қалу болып табылады. Бұл үшін келешек ұрпақты Қазақстандық табысты тұлғалардың үлгісінде тәрбиелеу, ұлттық мәдениетті тек елімізде ғана емес, сонымен қатар шет елдерде де насихаттау, сондай-ақ қоғамда экстремизмге нөлдік төзімділікті қалыптастыру қажет. Отбасылық саясатты қалыптастырудағы жеке көзқарасымызды айқындаудың маңызы зор, өйткені адами капиталдың сапасына әсер ететін барлық әлеуметтік институттар арасында отбасының маңызы ерекше. Әрбір адамның тұлға ретінде дамуы да өзгеше маңызды, бұл жоғары білікті, жауапты адамдар резервін қалыптастырады. Бұдан басқа, осындай резервті қалыптастыру үшін салауатты өмір салтын одан әрі насихаттау, бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін мүмкіндік беру, сондай-ақ «жауапты азаматтарды» тәрбиелеу қажет. Өз еліне, өз ауылына, қаласына, өңіріне, өз отанына деген сүйіспеншіліктен басталатын патриотизмге тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Ел Президенті «Туған жер» бағдарламасын ұсынды, ол кейін «Туған ел» деп аталатын ауқымды бағдарламаға ұласуы тиіс.
«Өмірге прагматикалық көзқарасты қалыптастыру» басымдығы
Прагматикалық көзқара өзінің ұлттық және жеке ресурстарын нақты түсінуді, оларды үнеммен жұмсауды, өзінің болашағын жоспарлай білуді танытады. Өзінің біліміне, салауатты өмір салтын ұстануына және кәсіби жетістіктеріне назар аудара отырып, өмір сүруге ұтымды көзқарас қалыптастыруға тәрбиелеуге баса назар аударылады. Нәтижесінде, жеке адам ретінде де, тұтастай ұлт ретінде де, өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, нақты мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылу ел дамуының негізі болады. Осыған байланысты күш-жігерді мынадай:
«жауапты азамат» бейнесін насихаттау;
салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты қолдау міндеттеріне жұмылдыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |