Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы


«Жауапты азамат» бейнесін танымал ету» міндеті



бет6/8
Дата04.07.2018
өлшемі1,43 Mb.
#46938
1   2   3   4   5   6   7   8

«Жауапты азамат» бейнесін танымал ету» міндеті

Міндеттің аясында қоршаған әлемге жауапты қарауға, жергілікті және ұлттық деңгейде қоғамдық өмірге белсене араласуға, қатысушылық пен бастамашылық сезімін дамытуға бағытталған әрбір азаматтың сана-сезімін жаңғыртуға үшін негіз қамтамасыз етілетін болады. Бұл халықтың бойында заманауи қоғамның жаңа мәдениеті – ұстамдылық, ауқаттылық және рационалдылық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бағдарламада жаңа жаңғыртылған қоғам құру үшін негізінен жастарға сенім артылады.



6.1 «Азаматтардың бойында «меншік иесі» мәдениетін дамыту» бастамасы. Білім беру қызметі қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде жеке өзінің меншігі үшін ғана емес, сондай-ақ қоғамдық меншік үшін де жауапты болу тұрғысынан жүзеге асырылады. Әлеуметтік бастамалардың картасы әзірленіп, жүзеге асырылатын болады, өздерінің ұсыныстарын беру және маңызды мәселелер бойынша шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі арқылы азаматтардың елді мекендердің әлеуметтік өміріне тартылуын қамтамасыз етеді.

6.2 «ҮЕҰ, мемлекет және бизнестің үшжақты әріптестігі жүйесін құру» бастамасы. Әлеуметтік бастамаларды іске асыру, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде ҮЕҰ-ның мемлекетпен және бизнеспен ынтымақтастығын қамтамасыз ету үшін алаң және тұрақты құқықтық база құрылады. Жобалардың, бағдарламалардың нәтижелері мен ықпалын қоса алғанда, ҮЕҰ қызметінің әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалаудың кешенді әдістемесі әзірленеді және енгізіледі. Азаматтық қоғамның мемлекетті басқаруға қатысу жүйесін жетілдіру үшін қоғамдық кеңестер қызметі, қоғамдық бақылау жүйесі жетілдіріледі, сондай-ақ жаңа әлеуметтік технологиялар енгізіледі.

6.3 «Халық арасында «экологиялық» мәдениетті дамыту» бастамасы. Жеке және өнеркәсіптік тұтыну кезінде табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану идеясын таратуға бағытталған ақпараттық-насихаттау қызметі жүзеге асырылады.
«Салауатты өмір салтын насихаттау» міндеті

Міндеттің аясында салауатты өмір салтын ұстанатын, таза және экологиялық тағамдармен дұрыс тамақтанатын, спортпен айналысатын адамдардың санын көбейтуге ерекше назар аударылатын болады. Салауатты ұлтты қалыптастыру үшін жағдай жасау адамдардың өмір сүру ұзақтығын арттырады, денсаулық сақтау шығыстарын азайтады, өмір сүру сапасына қанағаттану деңгейін және еңбек өнімділігін арттырады.



6.4 «Бұқаралық спортпен айналысуды насихаттау» бастамасы. Ең алдымен дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің қол жетімділігін арттыру және мәдени-бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу есебінен спортпен айналысуға халықты жаппай тарту қамтамасыз етілетін болады. Спорттық объектілер халықтың тығыздығын, көлікке қолжетімділігін және спорттың дамып отырған түрлерін ескере отырып орналастырылатын болады. Дене шынықтыру дайындығының балалар-жасөспірімдер клубтарының желісін құру және жалпы білім беретін мектептердің жанында Отбасылық спорт күнін өткізу бойынша жұмыс жалғасады. Халықты дене шынықтыру-спорттық тәрбиелеудің жалпы ұлттық жүйесі қалыптастады, оның шеңберінде азаматтардың жеке ерекшеліктеріне байланысты таңғы және өндірістік гимнастиканы қоса алғанда, қозғалу белсенділігінің көлемі блйынша ұсынымдар әзірленеді және енгізіледі.

Жұқпалы емес аурулардың дамуы тәуекелінің басқарылатын факторларының әсерін төмендету жөніндегі шараларды, оның ішінде тұзды және қантты шамадан тыс пайдалануды, алкоголь мен темекіні тұтынуды төмендету арқылы дұрыс тамақтануды насихаттауды жалғастыру қажет.



6.5 «Цифлық платформалар негізінде салауатты өмір салтын насихаттау» бастамасы. Жиі кездесетін және қауіпті аурулар, олардың алдын алу жолдары, салауатты өмір салтын ұстану қағидаттары, спортпен шұғылдану мүмкіндіктері туралы ақпарат, оның ішінде осы саладағы жүргізіліп жатқан акциялар мен бастамалар туралы мәліметтер әлеуметтік желілерде және мобильді қосымшаларда насихатталады.

6.6 «Спорт саласындағы білім беру бағдарламаларын дамыту» бастамасы. Спорттық менеджмент, спорт жаттықтырушысы, спорттық медицина, спорттық психология сияқты мамандандыру бойынша оқу орындарында бейінді спорттық білім беру бағдарламаларын құру және жақсарту мүмкіндігі қаралатын болады. Негізгі мақсат әуесқойлық және кәсіби спорт саласында мамандарды даярлау сапасын арттыру болады.
«Ұлттық бірегейлікті сақтау» басымдығы

Қоғамдық сананы жаңғырту процесінде ұлттық салт-дәстүрді, тілді, музыканы, әдебиеті сақтаудың маңызы зор. Қазақстанда әрбір адам жеке үлесі мен жеке кәсіби қасиеттері бойынша бағаланатын меритократиялық қоғам құрылады. Осыған байланысты, бәсекеге қабілетті азаматтың «рөлдік модельдерін» таңдап, оларды танымалы етуді жүзеге асырудың маңызы айрықша зор.

Ұлттық деңгейде әлемдік нарықтарға шыға алатын, бәсекеге қабілетті, қол жетімді мәдени ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету талап етіледі. Мәдениет саласында талантты және перспективалы қайраткерлерді одан әрі ынталандыру және қолдау көрсету, сондай-ақ барлық мәдениет ұйымдарының қызметіне жаңа ақпараттық технологияларды белсенді түрде енгізе отырып, мәдени өнімдерге жоғары сұранысты жандандыру қажет. Салауатты өмір салтын насихаттайтын бағдарламалармен қатар бос уақыт мәдениетін қалыптастыру, әдебиетке, өнерге, тарихқа және қасиетті жерлерге деген қызығушылықты арттыру бойынша шараларды іске асыру талап етіледі.

Сонымен бірге, отбасылық құндылықтар мен гендерлік теңдік мәселелеріне ерекше назар аудару керек. Отбасы мен неке, отбасылық тәрбие мен қоғамдағы әйелдер мен ерлердің теңдігі мәселелері алдыңғы қатарда болуы тиіс. Сондай-ақ, экстремизмнің таралуына жол бермеу бойынша дәйекті және жүйелі жұмыс істеудің маңызы зор.

Осыған байланысты күш-жігерді мынадай:

бәсекеге қабілетті, қол жетімді мәдени ортаны қалыптастыру, шығармашылықты қолдау;

отбасылық құндылықтарды сақтау және гендерлік кемсітушілікке жол бермеу;

экстремизмнің таралуын болдырмау міндеттерін шешуге бағыттау қажет.


«Бәсекеге қабілетті, қол жетімді мәдени ортаны қалыптастыру, шығармашылықты қолдау» міндеті

Мәдениетті өсу факторы және әлеуметтік дамудың қуатты ресурсы ретінде тану отандық мәдениетті әлемдік мәдени кеңістікке интеграциялауды, сондай-ақ Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын елімізде және шетелде кеңінен танытуды, өзінің мәдени брендтерін қалыптастыруды талап етеді. Осы міндеттің шеңберінде халықтың қалың тобы арасында талғам мен жоғары эстетикалық құндылықтарды тәрбиелеу, олардың сабақтастығын, саланың инновациялық дамуын ынталандыру және еліміздің мәдени өміріне кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін жағдай жасалатын болады. Бәсекеге қабілетті мәдени ортаны қарқынды дамытуға құрылған құндылықтар жүйесі, шығармашылық белсенділік және мәдениеттің сұранысқа ие болатын өнімдерін жасау қабілеті ықпал етеді. Бұл ретте, тарихи тәжірибе мен дәстүрлер жаңғырту сәттілігінің маңызды алғышарты және міндетті шарты болады.



6.7 «Үш тілділік бағдарламасын енгізу» бастамасы. Шет тілдерін, әсіресе ағылшын тілін үйрету мүмкіндіктерімен халықты барынша мол қамту қамтамасыз етіледі. Білім берудің барлық деңгейлерінде Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің тәжірибесі бойынша үш тілдікті енгізу жалғасады. Бағдарлама шеңберінде қазақ әліпбиін латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшіру жүзеге асырылады.

6.8 «Әлемдегі үздік білімге қол жеткізу» бастамасы. Осы бастаманың шеңберінде әлемдік үздік тәжірибенің оң элементтерінің қолданыстағы мәдени-білім беру модельдерімен және стандарттарымен синтезделуін қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл үшін қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік кітаптар қазақ тіліне аударылатын болады.

6.9 «Шығармашылықты ынталандыру және оған қолдау көрсету» бастамасы. Талантты адамдарды іріктеу, оларға қолдау көрсету және оларды танытудың үздіксіз тұтас жүйесі құрылады, сондай-ақ дуальды оқытудың «мектептен үлкен өмірге дейін» қағидаты бойынша өмір бойы үздіксіз білім алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Қолайлы креативті ортаны қалыптастыру үшін шығармашылық бірлестіктердің, мәдениет ұйымдарының, мәдени-туристік кластерлердің бәсекелестік артықшылықтарын нығайтуға жағдайлар жасалады. Бұл ретте, бос уақыт мәдениетінің әлемдегі аса танымалы және сұранысқа ие нысандары, сондай-ақ әдебиет пен өнерге қоғамдық қызығушылықты арттыру кең насихатталады.

6.10 «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын ұйымдастыру» бастамасы. Өзіміздің ұлттық рәмізімізді құру және тарихи-мәдени объектілерді адамдар көп баратын жерлерге айналдыру, оларды барлық қазақстандықтардың ұлттық санасында сабақтастырып, елдің бірыңғай рухани белдеуіне біріктіруге мүмкіндік береді. Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін ұлттық санада нығайту үшін киелі жерлердің географиясындағы олардың рөлі мен орны бойынша әрбір қазақстандыққа білім беру қамтамасыз етіледі. Киелі жерлер бойынша ішкі және сыртқы мәдени-туристік бағдарлар іске қосылады, оларды елде және әлемде кеңінен таныту қамтамасыз етіледі.

6.11 «Өлке тану жұмысын ұйымдастыру және әлеуметтік бастамаларды қолдау» бастамасы. Бұл бастама шеңберінде білім беру, экология және абаттандыру, өңірдің тарихын зерделеу, мәдени-тарихи ескерткіштер мен жергілікті маңызы бар мәдени объектілерді қалпына келтіру саласында өлкетану жұмыстары ұйымдастырылады. Сондай-ақ бизнесмендер, шенеуніктер, зиялы қауым өкілдері мен жастар атынан өзінің туған жеріне қолдау көрсету үшін ұсынылатын әлеуметтік бастамаларға жәрдем көрсетіледі.
«Отбасылық құндылықтарды сақтау және гендерлік кемсітушілікке жол бермеу» міндеті

Отбасыларды қолдау, нығайту және қорғау, отбасының жан-жақты дамуына ықпал ететін қажетті жағдайларды жасау, ана, әке болуды және балаларды қорғау мемлекеттік отбасылық саясаттың негізі болады. Қазақстанның гендерлік саясаты қоғамның барлық салаларында ерлер мен әйелдердің паритеттік құқықтарға, жеңілдіктерге, міндеттерге және мүмкіндіктерге жетуге, сондай-ақ жыныстық белгісі бойынша кемсітушіліктің барлық нысандары мен көріністерін жеңуге бағытталатын болады.



6.12 «Отбасылық және гендерлік саясат саласындағы заңнаманы жетілдіру» бастамасы. Осы бастаманың шеңберінде отбасылық қатынастар, ана мен баланы қорғау, балалардың тәрбиесі үшін жауапкершілікті арттыру саласында ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз ету, жыныстық белгілері бойынша кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың барлық нысандарына жол бермеу мәселелерінде заңнаманы жетілдіру қамтамасыз етілетін болады. БҰҰ халықаралық талаптарына, Тұрақты даму мақсаттарына және ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес жыныстық белгілері бойынша кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың барлық нысандарына жол бермеу және олардың жолын кесу саласындағы заңнамалық актілерді жетілдіру жалғасады.

6.13 «Мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйесін мемлекеттік реттеу және оған гендерлік әсерді бағалауды енгізу арқылы гендерлік теңдік институтын нығайту» бастамасы. Гендерлік саясат саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді қамтамасыз ететін уәкілетті орган айқындалады. Гендерлік тәсілдер, оның ішінде гендерлік статистика мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйесіне интеграцияланады, сондай-ақ ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде ескерілетін болады.

6.14 «Ерлер мен әйелдерді тең дәрежеде жұмыспен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау» бастамасы. Ұлттық шоттар жүйесіне бейресми секторда, күтім бойынша ескерілмеген үй еңбегінде, үй еңбегінде, жалдау бойынша үй жұмысында және басқаларында жұмыспен қамтылуды өлшейтін гендерлік-сезімтал көрсеткіштер қосылатын болады. Гендерлік аспектіні ескере отырып, еңбек режимі мен еңбекті қорғау бойынша заңнама жетілдіріледі, еңбек жағдайлары жақсартылады, жұмыспен қамтудың икемді нысандарын енгізу мен кеңейту мүмкіндіктері қаралады. Жұмыспен қамтылуға және кәсіпкерлікпен айналысуға жәрдемдесу арқылы, оның ішінде әдетте ер адамдар жұмыс істейтін экономика секторларында әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге қолдау көрсетіледі.

6.15 «Кәсіпкерлік қызмет үшін қажетті барлық ресурстарға ерлер мен әйелдердің тең қол жеткізуін қамтамасыз ету» бастамасы. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ерлер мен әйелдер тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етіледі. Тұрақты негізде тұрғылықты жері, жасы, мүгедектігі мен мүліктік жағдайы бойынша гендерлік аспектіде әлеуметтік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен ШОБ субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетуге талдау жүргізіледі. Әкімшілік ауыртпалық тосқауылдарын, шектен тыс нормативтік шектеулерді, сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлерлігінің дамуы тосқауылдарын қысқарту бойынша саясат жетілдіріледі.

6.16 «Гендерлік ағартуды ынталандыру» бастамасы. Барлық жастағы адамдарды қамтитын және гендерлік стереотиптерді жоюға ықпал ететін гендерлік білім беру және халықты ағартудың дамыған жүйесі жұмыс істейді. Гендерлік теңдікке және деректерді жинау мен талдауды қоса алғанда, атап айтқанда мемлекеттік шешімдерді қабылдаудың алдында гендерлік ықпалды бағалау бөлігінде гендерлік аспектілерді жан-жақты есепке алуға бағытталған білім беру мен біліктілікті арттыру бағдарламалары кеңейтілетін болады.

6.17 «Ерлер мен әйелдердің тең әріптестігіне негізделген отбасылық қарым-қатынастарды қалыптастыру арқылы отбасы институтын нығайту» бастамасы. Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді ілгерілету, мәдени-ағарту және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру арқылы ұрпақтар сабақтастығын сақтау бойынша жұмыс күшейтіледі, отбасы саясаты проблемаларын зерделеу бойынша институционалдық құрылымды айқындау мәселесі қаралады. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу үшін қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, асырап алу, баланы қабылдайтын отбасы сияқты балалар үйінің тәрбиеленушілерін отбасына орналастырудың баламалы нысандарын дамыту бойынша, сондай-ақ отбасылық типтегі балалар үйлерін құру бойынша жұмыс жандандырылатын болады. Заңнамалық реттеу шеңберінде кәмелетке толмаған балалары бар ата-аналар үшін жұмыс уақытын қысқарту мәселесі қаралады. Барлық мүдделі тараптарды тартумен ата-аналардың, соның ішінде жалғыз басты ата-аналардың құзіреті моделі әзірленетін болады. Әкенің рөлін арттыру институты күшейтіліп, бала тәрбиеп отырған әкелердің құқықтарын іске асыру үшін тең жағдайлар қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде отбасыларға кәсіби көмек көрсету саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметі (отбасын ресурстық қолдау, дағдарыс орталықтары, сенім телефондары және т.б.) күшейтілетін болады.
«Экстремизмнің таралуына жол бермеу» міндеті

Қазақстанда барлық дін өкілдерінің заң алдындағы теңдігі мен діни бірлестіктердің ішкі істеріне араласпауға және діни нанымдарға құрметпен қарауға негізделген мемлекеттік-конфессиялық қатынастар қалыптасты.



Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы - әлемдік қоғамдастықтың бір бөлігі болып табылады, оның тарихы қазіргі әлемнің жағдайымен және оның даму динамикасымен, халықаралық саясат пен экономикадағы өзгерістермен, экстремизм мен терроризмге қарсы тұруымен тығыз байланысты. Осыған байланысты, деструктивті ағымдар идеологиясы таралуын болдырмауға бағытталған алдын алу шараларын қабылдау өте қажет.

6.18 «Ұлттық қауіпсіздік саласындағы құқықтық нормаларды уақтылы енгізу және дұрыс қолдану» бастамасы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оның ішінде терроризм, этникалық және діни экстремизм, заңсыз көші-қон, нашақорлық және есірткі бизнесі, адам саудасы, компьютерлік қылмыс, атыс қаруын заңсыз дайындау және оның айналысы, сыбайлас жемқорлық сипатындағы, сондай-ақ ақша жылыстату саласына жататын халықаралық қылмыстың алдын алуға және оның таралуының жолын кесуге бағытталған құқықтық нормаларды уақтылы енгізу және дұрыс қолдану бойынша жұмыс жалғасатын болады.

6.19 «Экстремизмнің алдын алу бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» бастамасы. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары көпшілікке экстремизмнің қауіпі туралы объективті ақпаратты ұсынуға бағытталған жобалар арқылы мемлекеттің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылы аясында жүзеге асырылатын болады. Спорттық-ойын-сауық іс-шараларының, лагерьлер мен клубтардың әлеуеті пайдаланылады. Бұл іс-шаралар патриотизм сезімін сіңіруге, зайырлы және дәстүрлі құндылықтарды нығайтуға жәрдемдесетін болады.

6.20 «Экстремизмнің таралуына жол бермеу бойынша нақты алдын алу жұмыстары» бастамасы. Радикалдық идеялар таралуының алдын алудағы ең тиімді нысан оны таратушылармен нақты оңалту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Осыған байланысты мынадай: тиісті кадрлармен, әдістемелік, материалдық-қаржылық ресурстармен қамтамасыз етумен елдің барлық өңірлерінде оңалту орталықтары (қызметтері) желісін ұйымдастыру; радикалдық көзқарастағы адамдарды оңалтумен айналысатын мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру; мұсылман дінінің өкілдерін нақты теологиялық оңалтуға барынша тартуды қамтамасыз ету шараларын іске асыру мүмкіндігі қаралатын болады.

6.21 «Радикалдық идеологияны ұстанушылар үшін оңалту орталықтары мен бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру» бастамасы. Радикалды идеологияның ұстанушылары үшін оңалту орталықтары мен бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі бастаманы іске асыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдармен жүйелі түрде ынтымақтастық орнатылады. Бұдан әрі көптеген өңірлерде құзіретті мамандарды тартумен осындай орталықтарды ұйымдастыру мүмкіндігі қаралады.

6.22 «Экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстарға діни қызмет өкілдерінің қатысуын күшейту» бастамасы. Бұдан былай экстремизмнің таралуының алдын алу бойынша жұмыстарға ресми діни қызмет өкілдері тартылатын болады. Ресми түрде тіркелген діни бірлестіктердің әлеуеті дін саласында заң жобасы, ақпараттық-түсіндіру және өзге де қызметте пайдаланатын болады.
Күтілетін нәтижелер

Қоғамдық сананы сәтті жаңғырту Стратегиялық жоспарды іске асыру ұсынатын мүмкіндіктерді толық пайдалана алатын азаматтардың белсенді, жауапты және іскер қоғамын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бірінші кезекте бұл білім алу, шағын және орта бизнесті бастау және дамыту, еңбек ұтқырлығы, инновацияларды қолдану және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде пайдалану бөлігіндегі мүмкіндіктер. Алға қойылған тапсырмаларды орындау жергілікті қоғамдастықтардың және жекелей алғанда әрбір қазақстандықтың бәсекеге қабілеттілігін және прагматизмін арттырады, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық процестерге белсенді қатысу мәдениетін дамыту, мемлекет істерін басқарудағы азаматтық қоғам институттарының қатысуын кеңейту, қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге ҮЕҰ пен бизнестің қатысу тетіктерін жетілдіру арқылы жалпы қоғамның эволюциялық даму деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Өзге өзгерістермен бірге - экономика, бизнес және басқа да салаларда – БҰҰ Қазақстанның өмір сүру сапасы индексінің айтарлықтай өсуі күтілуде.



7-реформа. Мемлекеттік сектор өзгерістер көшбасшысы ретінде

Реформаның мәні: мемлекеттік органдардың рөлін, олардың жүзеге асырылуын өзінің үлгісінде көрсете отырып, елдегі өзгерістердің бастамашысы мен оның жетекшісі ретінде арттыру. Бұл шаралар жұмыстың өнімділігін, технологиялылығын, бейімділігін, клиентке бағдарлануын және ұйымдастыру мәдениетін қамтиды, бұларды орындау жұмыс сапасын жеке корпорациялардың үздік үлгілері деңгейіне жеткізуді қамтамасыз етеді. Реформаны жүзеге асыруға бағдарламалар мен саясатты әзірлеуге, олардың орындалуын бақылауға және т.б. қоғам өкілдерін тарту арқылы «Назар аударатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың рөлі ерекше.

2025 жылға қарай Қазақстанда орын алатын қағидатты өзгерістер:

ішкі процестерде технологияларды шектеулі пайдаланудан – технологияларға өнімділікті арттыратын қозғаушы күш ретінде қарауға;

проблемалар мен қажетті әрекеттерді дербес айқындаудан – проблемаларды бизнеспен және халықпен әріптестікте шешуге;

тәуекелді барынша азайту және нақты инновацияларды қолданудан – мемлекеттік органдарда және бүкіл елдегі өзгерістерді қолдау және кеңінен таратуға;

регламенттерді сақтау мен мерзімдерді қайткенде де орындау басымдығынан – бастамашылдық және нәтижелілік басымдығына.

Алдағы міндеттер

Мемлекеттік аппарат аталған реформаның бастау көзіне «Өзгерісті өзіңнен баста» қағидатын қояды. Мемлекеттік органдардағы өзгерістер басқа реформалардың басымдықтарынан кейін болады. Бұл бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілер еңбегінің өнімділігін арттыру үшін олардың жұмысын технологиялық жаңғыртуға қатысты. Сондай-ақ бизнесте қолданылатын үздік тәжірибелерден алынған жаңа қағидаттар мен әдістерді енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізіледі, ол азаматтардың қанағаттану дәрежесіне бағдарлануды білдіреді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді әсіресе жергілікті деңгейде жедел және сапалы көрсету клиентке бағдарлану қағидаттары негізделетін болады. Бизнес-практиканың нәтижелілік, бейімділік сияқты басқа да маңызды белгілері де мемлекеттік қызмет саласында дамитын болады.


«Мемлекеттік органдардың жұмысын цифрландыру» басымдығы

Мемлекеттік органдардың күнделікті жұмысына цифрлық технологияларды енгізу қажет. Бұл ретте, цифрлендыру және жаңа технологияларды енгізу ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен сүйемелденуі тиіс. Аталған басымдықтың аясында мынадай:

мемлекеттік органдардың ішкі процестерін цифрландыру және реинжирингілеу;

ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері қаралады.


«Мемлекеттік органдардың ішкі процестерін цифрландыру және реинжирингілеу» міндеті

Бүгінгі күні мемлекеттік органдар жұмыс істейтін іс жүргізу және құжат айналымы стандарттарының басым бөлігі өзектендірілмеген, осының салдарынан процестер күрделене түсіп, шешім қабылдау мерзімдері баяулайды. Мемлекеттік органдардың ішкі процестерін жаппай цифрландыруды енгізу осы проблеманы шешуі тиіс.



7.1 «Мемлекеттік органдардың ішкі процестерін цифрландыру» бастамасы. Ішкі процестерді цифрландыру ақпараттық жүйелерді дамытуды (мысалы, сот ісін жүргізу процесін автоматтандыру), процестерді интеграциялауға арналған платформаларды құруды (мысалы, ұлттық геоақпараттық жүйе) және инфрақұрылымды дамытуды (мысалы, бұлттық құжат айналымы) қамтиды. Ішкі құжаттарды орналастыру және олармен алмасу мақсатында мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары үшін қолжетімді платформа құру статистикалық және есептік деректермен, талдамалық материалдармен жедел алмасып отыруға мүмкіндік береді.

7.2 «Мемлекеттік органдардың ішкі процестерін оңтайландыру» бастамасы. Процестерді оңайлату және ресурстарды оңтайландыру мақсатында жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың жұмысына «сканирлеу» жасалады. Қысқартудың негізгі қағидаты қайталануды жою, процесс элементтерін оңайлату және қысқарту, мысалы, келісулер кезіндегі сатыларды және қағаз жүзінде сүйемелдеуді талап етуді қысқарту болуы керек. Бұл ретте функцияны оңтайландыру нәтижесінде босаған адами ресурстар мемлекеттік органдар қызметінің өзге бағыттары үшін кадр көзі бола алады.
«Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» міндеті

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету техникалық шараларды іске асыруды ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің жеке басының жауапкершілігін арттыра отырып қауіпсіздік шараларына үйретуді талап етеді.



7.3 «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша техникалық шараларды іске асыру» бастамасы. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттарға сәйкес жабдық, бағдарламалық қамтылым, жаңа технологияларды қолдану процестері және басқалары сияқты барлық маңызды салаларды қамтитын техникалық шаралар іске асырылады. Мемлекеттік қызметшілер үшін шағын электрондық құрылғыларды пайдалану бойынша нормативтік құқықтық шектеулерді төмендетуге, жұмыс мақсатында Интернет желісін пайдалануды кеңейтуге бағытталған шаралар қабылданатын болады. Бұл ретте құпиялылыққа қойылатын талаптарды қоса алғанда, қауіпсіздіктің қажетті деңгейі сақталатын болады.

7.4 «Мемлекеттік қызметшілерді ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге оқыту» бастамасы. Мемлекеттік қызметшілерді жаңа технологияларды қауіпсіз пайдалануға үйрету үшін мысалы, Интернет желісін, бұлттық технологияларды, шағын компьютерлер, планшеттер, смартфондарды пайдалану бөлігінде қағидалар мен талаптарға, қоғамдық орындарда электрондық-ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу қағидаларына оқытуды қамтитын бағдарламалар жүргізіледі. Цифрлық сауаттылық, АКТ пайдалану мәдениеті және заманауи технологияларға сенім дамытылады.
«Нәтиже және азаматтардың мүдделеріне бағдарлануды арттыру» басымдығы

Нәтижеге бағдарлануды дамыту жалпы саясаттардың және атап айтқанда, жекелеген мемлекеттік қызметшілердің нәтижелілігін арттыру жолымен жүзеге асырылады. Осы қасиеттерді дамыту мынадай:

нәтижелілікті қамтамасыз ету әдістерін жүйелендіру;

жұмысқа бейімділік әдісін дамыту;

клиентке бағдарланушылық негізінде сапаны арттыру міндеттері шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
«Нәтижеге бағдарлану тәсілдерін жүйелендіру» міндеті

Нәтижеге бағдарлану, сапалы және дұрыс түсіндірілген деректерді қамтамасыз ету, сондай-ақ жобалар мен даму бағдарламалары барынша нәтижелі болуы үшін жобалық басқаруды қолдану мемлекеттік органдар жұмысының жалпы тиімділігін елеулі көтеруге мүмкіндік береді.



7.5 «Нәтижелерге қол жеткізу бойынша ынталандыру жүйесіне көшу» бастамасы. Жеке компаниялардағы ынталандыру қағидаттарына ұқсас мемлекеттік қызметкерлерді олардың нақты нәтижелерге қол жеткізуіне байланысты материалдық ынталандыру жүйесі біртіндеп және барлық жерде жетілдірілетін болады. Жауапкершіліктің артуына және соңғы нәтижеге әсер етуіне байланысты «кепілділірмеген», ақшалай сыйақы (бонустар) мөлшері де артатын болады. Нәтижелерді бағалау мемлекеттік қызметшілер үшін – жылдық жеке жоспарларын; мемлекеттік органдар үшін – стратегиялық жоспарларын орындауы негізінде; мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдер үшін – мемлекеттік қызмет көрсету сапасының индикаторларына, өмір сүру сапасына, инвестиция тартуына; Үкімет мүшелері үшін – интегралды макроэкономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуі бойынша жүргізілетін болады.

7.6 «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру» бастамасы. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу кезінде процеске емес, нәтиженің сапасына бағдарланған нысаналы индикаторларды, сондай-ақ іске асыру, нәтижелерді мониторингілеу мен бағалау тетіктерін айқындау есебінен сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуге аса назар аударылатын болады.

Іске асыру процесінде шешім қабылдауда жауапкершілік пен дербестілік мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ең төменгі мүмкін болатын басқару деңгейлеріне бөлінетін болады.

Мониторингілеу және бағалау жүйесі бағдарламаларды іске асыру барысында бүкіл бағдарламаны/саясатты тұтастай қайта қарауды және қайта бекітуді талап етпестен, түзету шараларын енгізуге мүмкіндік береді. Бағдарлама аяқталғаннан кейін әзірлеу, іске асыру және әсерді бағалау сатыларында мемлекеттік саясаттар мен бағдарламалардың экономиканың (салалардың, қоғамның, жекелеген нарық ойыншыларының) жағдайына әсерін талдау практикасын енгізу есебінен тұрақты мониторингілеу мен бағалау күшейтіледі.

7.7 «Статистикалық деректердің сапасын арттыру» бастамасы. Статистикалық деректерді, әсіресе, олардың нәтижелілігін бағалау үшін бағдарламалар мен жобалардың нәтижелері туралы деректерді жинақтау жүйесі жетілдіріледі. Кемшіліктері бар салаларда ақпараттың толықтығы мен объективтілігі, жоғары нақтылау деңгейі, деректерді жаңартудың тұрақтылығы мен уақтылығы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, тиісті рейтингтік елдік бағалау үшін халықаралық ұйымдар пайдаланатын деректердің сапасы мен сенімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

7.8 «Жобалық басқаруды қолдану» бастамасы. Мемлекеттік органдардың ішінде, бірінші кезекте, ірі өзгерістерді талап ететін жобаларды әзірлеу мен іске асыру сияқты салаларда пайдалану үшін жобалау тәсілдерін қолдану бойынша іс-шаралар іске асырылады. Ең жаңа, мысалы, цифрлық технологиялармен байланысты тақырыптар бойынша бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу үшін Agile сияқты заманауи тәсілдер қолданылады. Бұл ретте, мемлекеттік органдар арасында жобалық басқарудың үздік тәжірибелерімен алмасу жолға қойылатын болады.

«Жұмыста бейімділік тәсілін дамыту» міндеті

Әлемде болып жатқан өзгерістердің ауқымдылығы мен жиілілігін ескере отырып, болып жатқан процестерге ден қою жеделдігін арттыру, сондай-ақ алдына ала және әлемдік трендтерді ескере отырып, мемлекеттік органдардың процестері мен іс-қимылдарын жетілдіру қажеттігі туындайды. Бұл үшін өзгерістер мен бейімділікке жедел ден қоюды көтермелеу қажет.



7.9 «Жаңа және инновациялық жобалар үшін «байқап көру және қателесу» әдісін қолдану» бастамасы. Жаңа тәсілдер мен инновациялық шешімдерді енгізу, көбіне алдына ала болжанбаған тәуекелдермен және жасырын кемшіліктермен ұштасады. Мемлекеттік органдардың жұмысында жобаны іске асыру барысында оның сенімділі мен орындылығын тексеру үшін, сондай-ақ тиімсіз болған жағдайда, жобадан уақытында бас тарту үшін пилоттық режимде тәжірибе жасау (іске қосу, тестілеу және шешімдерді түзету) мүмкіндіктеріне қолдау көрсетілуі тиіс. Сәтті жобалар орталық және жергілікті басқару органдары арасында одан әрі тираждалуы міндетті болады.

«Клиентке бағдарланудың негізінде сапаны арттыру» міндеті

Мемлекеттік органдардың іс-қимылдары тікелей халық пен бизнестің мүдделерін қанағаттандыруға бағдарлануы тиіс. Клиентке бағдарлануды арттыру көрсетілетін қызметтер мен атқарылған жұмыс бойынша тұрақты кері байланыс алу есебінен жүргізілетін болады, бұл мемлекеттік органдарға, бірінші кезекте, неғұрлым өзекті мәселелерді шешетін жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік береді.



7.10 «Ақпараттың қолжетімділігін арттыру» бастамасы. Мемлекет ұсынатын қызметтерге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жоспарлары мен қызметінің нәтижелеріне қатысты бүкіл ақпарат ашық түрде қолжетімді болуы тиіс. Бұл ретте ақпаратты ұсыну мен таратудың «Ашық Үкімет» порталдары мен әлеуметтік желілер сияқты заманауи нысандары пайдаланылуы тиіс. Үкімет порталы кері байланыс ұсынуды жеңілдетуге, деректерді өзектілендіру мен визуалдандыруды автоматтандыруға және неғұрлым сапалы, әлеуметтік маңызы бар талдаманы ұсыну үшін жетілдірілетін болады.

7.11 «Еститін мемлекетті» дамыту» бастамасы. «Еститін мемлекет» қағидаттарына сәйкес әріптестікке бағдарлана отырып, бизнес пен азаматтардың шешімдер мен маңызды мемлекеттік құжаттарды дайындауға қатысу мүмкіндіктері кеңейтіледі. Қоғамдық кеңестердің, азаматтармен «кері байланыстың», бизнес өкілдері қатысатын сарапшылық кеңестердің рөлі күшейтіледі; мобильді қосымшалар мен «электронды үкімет» негізінде азаматтармен цифрлық іс-қимыл жасасу тәсілдері қалыптастырылып, танымал етіледі. Азаматтарға ығайлылықты арттыру үшін қоғамдық кеңестерде, мысалы, «Ашық үкімет» негізінде, қатысудың цифрлық әрі ыңғайлы тетігі жасалуы мүмкін. Азаматтар мен бизнес өкілдері өз пікірлерін білдіруге, бағдарламалар мен саясаттарды әзірлеу кезінде ескерілетін, қабылданған өзгерістер бойынша идеялары мен шешімдерін ұсынуға мүмкіндік алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерінде азаматтық белсенділікті арттыру үшін бірыңғай диалог платформасы қалыптастырылатын және әлеуметтік пікіртерімдердің жаңа әдістері жүргізілетін болады.



7.12 «Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде азаматтардың қанағаттану деңгейіне бағдарлану» бастамасы. Халықтың қанағаттануы тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің бірі ретінде пайдаланылатын болады. Қанағаттанушылықты зерттеу тұрақты негізді жүргізіледі. Өлшеу әдістемесі бекітілетін, көрсеткіш барынша декомпозицияланатын болады. Азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қанағаттанушылығының нысаналы деңгейі мен мониторингілеудің іріктелген нәтижелері ашық түрде қолжетімді болады. Азаматтардың тек мемлекеттік қызметтерге ғана емес, сонымен қатар мектептерге, ауруханаларға және т.б. қанағаттанушылығы да өлшенетін болады.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау әдістемесі мен мемлекеттік бақылау қағидалары жетілдіріледі, жаңа мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері және т.б. қабылданады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау жүйесі мен мемлекеттік бақылау жүйесін тәуекелдерді уақтылы анықтауға және басқаруға, ақпараттық технологиялардың мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, оларды даму резервтерін айқындауға бағдарлау арқылы жетілдіріледі.


«Мемлекеттік сектордағы сананы жаңғырту» басымдығы

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен ұйымдар еліміздегі қоғамдық сананы жаңғыртудың «өзгерістер агентіне» айналады. Мемлекеттік қызметшілерді құндылықтар жүйесін нығайту, уәждеу мен жұмысқа жауапкершілікпен қарауы бүкіл елдегі қоғамдық сананың жаңғыруына түрткі болады. Мемлекеттік сектордағы сананы жаңғырту жөніндегі кешенді бағдарлама екі: «басшылардан бағыныстыларға» және «тікелей мемлекеттік қызметшілерге» деген екі бағыт бойынша өтетін болады.

Бұл басымдық:

басшыларды бағыныстыларды ынталандыру және жұмысының тиімділігі деңгейі өзгертуге тарту;

ұйымдастыру мәдениетін дамыту және мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыру деген екі міндетті қамтиды.
«Басшыларды бағыныстыларды уәждеу мен жұмысының тиімділігі деңгейін өзгертуге тарту» міндеті

Мемлекеттік қызметшілердің санасын жаңғыртуға жасалатын ең маңызды қадам тікелей басшылары тарапынан қолдауды қамтамасыз ету болып табылады. Басшылар бағыныстылармен жұмыс істеудің неғұрлым заманауи тәсілдері туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіледі.



7.13 «Басшыларды бағыныстылардың тиімділігін арттыру мен уәждеу тәсілдеріне оқыту» бастамасы. Неғұрлым табысты тәсілдерге шолу бойынша материалдар әзірленіп, таратылады, халықаралық сарапшылардың қажетті тренингтері мен таныстырылымдары ұйымдастырылады. Мемлекеттік органдардың түрлі департаменттерінің басшылары арасында тәжірибе алмасу үшін семинарлар ұйымдастырылды. Тәсілдердің іс жүзінде қолданылуы мен олардың нәтижелеріне аса назар аударылатын болады.
«Ұйымдастыру мәдениетін дамыту және мемлекеттік қызметтің беделін арттыру» міндеті

Бұл міндет мінез-құлықтың көтермеленетін моделін әзірлеуге бағытталған.



7.14 «Мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастыру мәдениетін әзірлеп, жылжыту» бастамасы. Прагматикалық, тиімділік, кәсібилілік және тағы басқалар сияқты, бөлімше ішінде де, сол сияқты ведомствоаралық мәселелер бойынша да мемлекеттік қызметшілер арасындағы өзара іс-қимылды көтермелейтін, мемлекеттік қызметішлерге арналған құндылықтар жүйесі әзірленіп, танымал етілетін болады.

Құндылықтар жүйесін жылжыту мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық мәдениетін өзгерту жөніндегі кешенді бағдарламаның негізгі элементтерінің біріне айналады.



7.15 «Мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыру» бастамасы. Мемлекеттік қызметтің жеке сектордағы жұмысқа қатысты бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, бүкіл мансаптық жолында кәсіби даму үшін қосымша жағдайлар жасауды, жетістіктерді жариялауды қамтитын мемлекеттік қызметтің мәртебесін қалыптастыру және жылжыту бойынша іс-шаралар қабылданатын болады.

Мемлекеттік қызметшілерге нәтижеге бағдарлана отырып, еңбекақы төлеу және сыйақы беру жүйесі одан әрі жетілдіру жүргізілетін болады. Еңбекақы төлеу және сыйақы беру деңгейі жұмыстың күрделілігіне, шешім қабылдау аясына, жауапкершілік деңгейіне, мемлекеттік органның алдына қойылған міндеттерге қол жеткізудегі үлесі мен қызметтегі жеке нәтижелеріне байланысты болады.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына ерекше назар аударылады. Кәсіби даму басқарудың озық технологиялары мен әдістемелерін меңгеруді, инновациялық ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, құзыретті басшылардан үйрену мүмкіндігін, неғұрлым табысты сарапшылардан, жеке және квазимемлекеттік сектордың ірі компанияларында және тағы басқа жерлерде тағылымдамадан өтуді қамтиды.

Барлық мансаптық деңгейлердегі неғұрлым талантты мемлекеттік қызметшілер, олардың жетістіктері, табысты жобалары, инновациялық ұсыныстары және т.б. туралы ақпаратты мемлекеттік қызметкерлер арасында да, сол сияқты жастар арасында да тарату үшін ауқымды ақпараттық науқан өткізілетін болады.



Күтілетін нәтижелер

Мемлекеттік аппараттағы өзгерістерді іске қосу Стратегиялық жоспардың қалған реформаларын енгізуді және олардан әсер алуды жылдамдатады. Өзгерістердің катализаторы рөлінде бола тұра, мемлекеттік сектор басқару әдістерінің бейімділігі мен заманауилығы бөлігінде жеке сектормен жақындаса алады, шешімдер қабылдауды жеделдетеді және көрсетілетін қызметтердің өзінің тиімділігін арттыру және неғұрлым ықшам аппаратты қалыптастыру есебінен мемлекеттік шығындарды үнемдеуді жүзеге асыра алады.

Азаматтарды мемлекеттің қызметіне тарту мемлекеттің күш-жігерін нақты тіршілік сапасын жақсартуға неғұрлым тиімді трансляциялауға мүмкіндік береді. Клиентке бағдарлану халық пен бизнес тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қанағаттанушылығын арттырады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан Дүниежүзілік банктің мемлекеттік басқару тиімділігі индексінде 51.44 (102 орын) процентильден 60-75 процентильге дейін (80 - 100 орын) көтеріледі.

5-тарау. Эволюциялық жол: «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру бағыттары

1-саясат. Ынталандырушы макроэкономикалық саясат

Саясаттың мәні: Макроэкономикалық саясат тұрақты экономикалық өсуді, жұмыспен қамтуды, баға деңгейінің тұрақтылығы мен мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, тиімді ақша-кредит саясаты мен ынталандырушы салық саясатын жүргізу, инфляция деңгейін кезең кезеңімен төмендету, бюджет шығыстарын ұтымды ету және фискалдық орталықсыздандыру макроэкономикалық саясаттың негізгі қағидаттарына айналады. Жалпы жинақтардың ЖІӨ-нің кемінде 25-30% деңгейіне дейін өсуі үдемелі өсудің шартына айналады, бұл өнімділігі жоғары жұмыс орындарын құру, бизнестің «көлеңкеден» шығуы және инфляция деңгейін төмендетуге бағытталған, тиімді ақша-кредит саясатын жүргізу арқылы халықтың, мғемлекет пен бизнестің нақты кірістерін арттыру есебінен, салыстырмалы елдердің деңгейіне сәйкес келеді.

1-міндет. Макроэкономикалық және құрылымдық саясатты үйлестіру

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкі тұрақты экономикалық даму, жұмыспен қамту баға деңгейінің тұрақтылығы бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін ақша-кредит, салық-бюджет саясатын үйлестіруді қамтамасыз ететін болады.

Ақша-кредит, салық-бюджет, сыртқы экономикалық және құрылымдық саясаттарды үйлестіру үшін негізгі міндет осы саясаттарды әзірлеу және іске асыру кезінде жүйелі тәсілдерді қалыптастыру мен пайдалану болып табылады.

2-міндет. Ақша-кредит саясатын күшейту

Ел экономикасының теңгерімді өсуін қолдау және әлеуметтік қаіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инфляция деңгейін біртіндеп 4%-ға жеткізу және кейін аспайтын деңгейде ұстап тұру ақша-кредит саясатының негізгі міндетіне айналады. Инфляцияның нысаналы деңгейіне қол жеткізу үшін теңгенің құбылмалы айырбас бағамы режимі кезінде пайыздық саясатқа баса назар аудара отырып, ақша-кредит саясатының құралдар жүйесі қолданылатын болады.

Ұлттық Банктің нарықтық мөлшерлемелерді базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізінде ұстап тұруға бағытталған пайыздық саясаты инфляциялық күтулер мен айырбас бағамына қатысты күтулерді неғұрлым тиімді реттеуге мүмкіндік береді, осылайша ақша нарығындағы құбылмалылықты шектеуге және ұзақ мерзімді пайыздық мөлшерлемелерді қалыптастыруға, шетел валютасындағы активтерге сұранысты төмендетуге және долларландыру деңгейін төмендетуге ықпал етеді.

Қаржылық тұрақтылықты сақтап тұру пруденциалды реттеу, қадағалау және инспекциялау әдістерімен қамтамасыз етіледі.

Бұл қызметтің маңызды бағыты, олардың тұрақтылығын арттыру мақсатында есептіліктің дұрыстығы және банк капиталының сапасы бойынша талаптарды арттыру болады. Банктердің кредиттік белсенділігі капиталдық тұрақтылығы мен сапасын

Ішкі қарыз алу құралдарын дамыту есебінен ішкі борыштық нарықтарды кеңейту шеңберінде қаржы секторының қалған құралдары үшін бағалық бағдарға айналатын және қаржылық делдалдылықты ынталандыратын кірістіліктің шынайы қисығын жасау және сақтау үшін қажетті борыштық құралдарды шығару қамтамасыз етіледі.

Қаржылық тұрақтылықты сақтап тұру қаржы институттарының қауіпсіздігі мен саулылығы деңгейін сақтап тұруға бағытталған пруденциалдық реттеу, қадағалау және инспекциялау әдістерімен қамтамасыз етіледі. Бұл қызметтің маңызды бағыты банктердің тұрақтылығын арттыру мақсатында есептіліктің дұрыстығы мен капиталдарының сапасына қойылатын талаптарды арттыру болып табылады. Банктердің кредиттік белсенділігінің өсуі капиталдың тұрақтылығы мен сапасы артуының салдарына айналады.

3-міндет. Экономикалық өсуді қолдауға арналған салық-бюджет саясаты

Экономиканың өсуін одан әрі сақтау және бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігін біртіндеп азайту үшін мемлекеттік қаржының салықтық түсімдерінің тұрақтылығын нығайту салық-бюджет саясатының негізгі міндетіне айналады.

Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды қысқарту, мұнай емес сектордан түсетін кірістердің өсуін ынталандыру және бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру есебінен мұнай емес тапшылық 2016 жылы ІЖӨ-нің 9%-нан 2025 жылы ІЖӨ-нің 6%-на дейін қысқаруы тиіс.

Мемлекеттік бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында нарықтық бағаларды бұрмалауға әкеп соқтыратын және жеке сектордың дамуына теріс ықпал ететін қолдау бағдарламалары біртіндеп қысқартылатын болады. Сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектордың кəсіпорындары үшін бюджеттік қаржыландыру біртіндеп төмендетілетін болады. Өзін өзі ақтайтын жобаларды көбіне қарыз капиталын тарта отырып, даму институттары қаржыландыратын болады. Мемлекет жеке инвестицияларды ауыстырмай, жеке сектордың инвестициялық белсенділігін ынталандырады.

Ұлттық қордың активтерін тұрақтандыру және сақтау үшін Ұлттық қордан республикалық бюджет шығыстарын қаржыландыруға қаражат тарту көлемі мұнай емес сектордан түсетін кірістердің өсуіне байланысты біртіндеп төмендейді.

Жалпы орта мерзімді перспективада бюджет тапшылығы қалыпты борыштық жүктемені қамтамасыз ету үшін және үкіметтің ішкі және сыртқы міндеттемелері бойынша төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ЖІӨ-ге қатысты 1% аспайтын деңгейде сақталады.

Бюджетаралық қатынастар шеңберінде жергілікті және өңірлік мәселелерді шешуде жергілікті атқарушы органдардың дербестігін арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Орта мерзімді кезеңде бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты халыққа Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарымен кепілдендірілген бюджеттік қызметтер ұсынуда өңірлердің тең фискалдық мүмкіндіктерін қамтамасыз ету болып табылады.

Салық әкімшілдендіруді ырықтандыру мен кедендік әкімшілендіруді жүйелендіру, сондай-ақ салықтық есептілікті жеңілдету және барынша азайту саясаты жалғастырылады.

Жаңа салық саясаты әлеуметтік бағытқа ие болуы тиіс. Бұл үшін ынталандыру, оның ішінде білімге және өзін, өзінің отбасы мен қызметкерлерін медициналық сақтандыруға қаражат салатын компаниялар мен азаматтарды салықтан босату практикасын көздейтін шаралар кешені әзірленетін болады.

Салық жүйесін реформалаудың негізгі міндеті мемлекет пен салық төлеушілердің мүдделері теңгерімінің сақталуын ескере отырып, салық салуда жаңа тәсілдерді қолдану, сондай-ақ мерзімді перспективада бюджет кірістерінің тұрақтылығын сақтау және ұлғайту болып табылады.

Салық жүйесін жетілдіру мақсатында:

өзін өзі жұмыспен қамтыған адамдарды «көлеңкеден» шығаруға әкелетін, бөлшек сауда және ауыл шаруашылығы үшін бірыңғай салық негізінде жеңілдетілген салық режимдерін енгізу;

жеке тұлғалар үшін табыстар мен шығыстарды жалпыға бірдей декларациялауды енгізу;

әлеуметтік салық мөлшерлемелерін қайта қарау жолымен еңбекақы төлеу қорына жүктемені төмендету;

азаматтарды салықтарды ерікті түрде төлеуге ынталандыру - салықтық әкімшілікті жеңілдету;

қолма-қол ақшасыз айналымды салықтық ынталандыру, қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру және арнайы салық режимдерін реформалау есебінен көлеңкелі экономиканың үлесін төмендету;

жаңа кен орындарын өндіруді ынталандыру арқылы инвестициялық қызметті арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады.

Салықтық тексерулерге бастамашылық жасау үшін негіздемелер 56%-ға (32-ден 14-ге дейін) азаяды, бұл 2025 жылға қарай тексерулер санын 3 есеге қысқартуға мүмкіндік береді.

2019 жылдан бастап ірі салық төлеушілермен өзара іс-қимыл жасасу үшін салықтық және кедендік бақылаудың сабақтастығын, сондай-ақ қосымша тексерулердің қажеттілігі болмауын болжайтын, көлденең мониторингілеу енгізіледі. 2020 жылдан бастап шағын және орта бизнес үшін талап қою мерзімін 5 жылдан 3 жылға дейін қысқарту көзделіп отыр. Салық төлеушінің сенімділігіне байланысты салықтық әкімшілендіруге сараланған тәсіл енгізіледі.

2019 жылдан бастап ерікті негізде ҚҚС бойынша бақылау шотын енгізу жолымен ел ішінде сатып алынған тауарлар бойынша дебеттік сальдоны қайтару тетігі көзделетін болады. Жеделдетіп қайтарудан басқа, бұл тетік ҚҚС жалтару схемаларын қолдануды елеулі қиындатады.

Өтпелі кезеңнен кейін сауда саласында көлеңкелі айналымды төмендету мақсатында 2020 жылдан бастап патент негізіндегі арнайы салық режимінен сауда саласы алып тасталады. Патент негізіндегі арнайы салық режимі қолданылатын қызмет түрлерінің тізбесі қысқартылып, қол өнеріне қолданылатын болады.

2020 жылдан бастап шаруа қожалықтары үшін жердің бағалау құнынан кіріске салық салу объектісі өзгереді, бұл жалпыға бірдей декларациялау талаптарына сәйкес келеді.

Жеке табыс салығының прогрессивті шәкілін енгізу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мөлшерлемесінің ұлғаюына, 2020 жылдан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізілуіне байланысты әлеуметтік салық мөлшерлемесін ықтимал төмендету мәселелері пысықталатын болады. Осы мақсаттар үшін 2019 жылы өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар сәйкестендіріледі және оларды заңды айналымға тартуға арналған тәсілдер әзірленеді.

4-міндет. Мемлекеттік борыш деңгейін қауіпсіз деңгейде ұстау

Бюджетке борыштық жүктемені төмендету және борышты ел үшін қауіпсіз деңгейде ұстап тұру мақсатында жыл сайын үкімет борышының, мемлекеттік кепілдіктер беру лимиттері мен жергілікті атқарушы органдары борышының лимиттері белгіленеді.

Көлемдерін Үкіметпен келісу арқылы квазимемлекеттік сектордың сырттан қарыз алуын шектеу мүмкіндігі қарастырылды.

Инвесторлық базаны кеңейту және Үкіметтің борыштық бағалы қағаздар шығару стратегиясын жетілдіруін қоса алғанда, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту жалғастырылады.

Жалпы, елдің борыштық саясаты бюджет тапшылығын қаржыландыру және елдің борышын қауіпсіз деңгейде ұстап тұру үшін қолайлы шарттарда үкіметтік қарыз алуларды жүзеге асыруға бағытталады.

2-саясат. Экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігі

Саясаттың мәні: Экономика салаларын дамыту саясаты еліміздің әлемдік нарықтардағы бәсекелестік артықшылықтарын нығайтуға және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіруде жаңа бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыруға бағытталатын болады.

Жаңа технологияларды енгізудің арқасында, әсіресе қызмет көрсету саласында жаңа индустриялар мен экономиканың перспективті салаларын құру және дамыту ынталандырылатын болады.



1-міндет. Базалық салалардың әлемдік нарықтардағы позицияларын нығайту

Базалық салаларды дамыту саясаты, бірінші кезекте, өңірлік және әлемдік нарықтардағы өнімділік пен бәсекеге қабілеттікті арттыруға, табиғи ресурстарды тартуға және өңдеуді барынша тереңдетуге, қосылған құнның жаһандық тізбегіне енгізуге және жаңа экспорттық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді өсіруге бағытталатын болады.



Агроөнеркәсіптік кешен

Агроөнеркәсіп кешеніндегі саясат ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді тереңдетуге, еліміздің азық-түліктің қауіпсіздігі мен экспортқа бағдарланған экологиялық таза өнімнің өсіуіне бағдарланатын болады.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін одан әрі дамуы. Кооперативтердің барлық түрлеріне, атап айтқанда, өндірістік, дайындау және өңдеуге жан-жақты қолдау көрсетілетін болады. Бұл жер, өндірістік, еңбек ресурстарын қолданудың тиімділігін арттыруға, өнімді, техниканы өндірудің озық технологияларын бірлесіп қолдануға, өндірілген АШТӨ өнімдерін делдалсыз, тікелей сауда желілеріне де қайта өңдеуге тұрақты өткізуді жолға қоюға мүмкіндік береді.

Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығына инвестициялар тарту мақсатында, Қазақстан-Венгрия тікелей инвестициялар қорының тәжірибесін ескере отырып, жаңа инвестициялық қорлар құру мәселелері пысықталатын болады. Толыққанды сақтау, логистика және тиімсіз делдалдық құрамдауыштарды болдырмайтын ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу инфрақұрылымын құру, сондай-ақ аграрлық машина жасауды дамыту нысаналы бағыттарға айналады.

Ауыл шаруашылығы дамыған елдердің халықаралық тәжірибесін қолдану және заманауи технологияларды енгізу үшін, халықаралық мамандар ды тартумен және жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерін оқыта отырып, модельдік фермалар желісі құрылатын болады.

Ауыл шаруашылығында жануарлар мен өсімдік өнімдерін сәйкестендіру және қадағалау технологиялары қолданылады. Сонымен қатар, субсидиялар бөлу процесін автоматтандыру, ауыл шаруашылық техникасын тіркеу мен кепілге беруді автоматтандыру жоспарланып отыр. Су және жер ресурстарын тиімді басқару және шөлейттенумен күресу үшін геоақпараттық жүйелер жаппай қолданыс табады.

Технологияларды тиімді трансферттеу және аграрлық ғылымды дамыту мақсатында отандық ауыл шаруашылығы ҒЗИ мен ЖОО-ның халықаралық ғылыми қауымдастықпен өзара іс-қимылы жандандырылатын болады, негізгі міндет асыл тұқымды гендік қорды дамыту, өсімдік шаруашылығында өнімділікті арттыру, нақты жер өңдеуді дамыту, сондай-ақ ресурстар тиімділігін арттыру болады.

Азық-түлік қауіпсіздігін ескере отырып, өнімнің басым түрлері бойынша экспорттық әлеуетке қолдау көрсетілетін болады. Азия елдеріне (Қытай, Үндістан, Иран және басқалар) экспорттың жоғары өсу қарқыны күтілуде, бұл бағыттар тиісті логистикалық бағыттарды құруды талап етеді.

Органикалық өнім өндіру ауыл шаруашылығы өндірісінің, атап айтқанда, дамыған елдерге экспорттық әлеуетін дамытудың перспективалық бағытына айналады. Меншікті органикалық өнімдер өндірісін сертификаттау жүйесі енгізіледі, өнімнің сапасын анықтау бойынша мамандандырылған зертханалар дамытылады.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ны АӨК-тің Экспорттық орталығы ретінде қайта құра отырып, ауылшаруашылығы өнімін әлеуетті өткізу нарықтарына жылжытуға мақсатты қолдау көрсетілетін болады.

АҚ «ҚазАгро» холдингі арқылы АӨК-ді дамытудың басым бағыттарын қаржыландыру, холдингтің еншілес ұйымдары арқылы тікелей кредиттеуді кезеңмен азайту және АӨК субъектілерін кредиттеу үшін жеке қаржы ұйымдарын (кредиттік серіктестіктерді, микроқаржы ұйымдарын, ЕДБ, лизингтік компанияларды) қаржыландыруды ұлғайту арқылы жалғастырылатын болады. Кредиттік серіктестіктер мен кооперативтер желісін кеңейту және дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі. Кредиттік серіктестіктер мен кооперативтердің, қызмет стандарттары мен қағидаларын әзірлеу, кредиттік серіктестіктердің қызметін бақылау-қадағалау функциялары бар өзін-өзі реттейтін ұйымдары құрудың мүмкіндігі қарастырылатын болады.

Өсімдік шаруашылығы өнімін тиімді дамыту мақсатында қайта өңдеу және өнімдерді өткізу инфрақұрылымымен байланыстыра отырып, өндірістің өңірлік мамандандыру қамтамасыз етіледі. Өсімдік шаруашылығында өсімдік шаруашылығы өнімін сақтау инфрақұрылымын салу, минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалануды ынталандыру қамтамасыз етіледі, сондай-ақ жоғары репродукциялы тұқым өндіру және пайдалану ынталандырылады. Басымды ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді ынталандыру қамтамасыз етіледі. Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру, бір жылдық және көпжылдық шөптердің, жем-шөптің, майлы дақылдардың және өзге де басымды дақылдардың алқаптарын ұлғайту, аралас жемдерді өндіруді және сұранысқа ие өнімдерді экспорттауды ұлғайту бойынша жұмыстар жалғастырылады. Топырақты рекультивациялау және мелиорациялау тәсілдері жаңартылады.

Мал шаруашылығының жем-шөп қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында жемдік дақылдарын өндіру өндірісіне жұмсалған шығындарды және мамандандырылған техника мен жабдықты сатып алу кезіндегі инвестициялық шығындарды субсидиялау есебінен жемдік дақылдар өндірісінің өсуін ынталандыру қамтамасыз етіледі.

Мал шаруашылығында еттің көлемі мен сапасының өсуін қамтамасыз ету үшін асыл тұқымды тектік қорды ұлғайтуға, сондай-ақ жем-шөппен қамтамасыз етуді арттыруға аса назар аударылатын болады. Республикалық палаталар мен мемлекет тарапынан асыл тұқымды мал өнімін сапасын бақылау, селекциялық және асыл тұқымды мал өсіру жұмыстарының сапасын бағалау тетіктері күшейтіледі.

Ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде диагностикалау, алдын алу және жою іс-шаралары өткізілетін, халықаралық стандарттарға сай келетін ветеринариялық диагностикалық және иммундық-профилактикалық препараттарды пайдалануды ұлғайту жүргізілетін болады.

Тау-кен металлургия кешені

ТКМК дамыту саясаты өндіру көлемін ұлғайтуға, одан әрі қайта бөлуді дамытуға және қосылған құнды ұлғайтуға бағытталады.

Ресурстық базаны кеңейту және инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында инвесторлардың құқықтарын сақтауды кепілдендіру, олардың капиталын қорғау, әкімшілік рәсімдерді түбегейлі жеңілдету бөлігінде жер қойнауын пайдаланудың нормативтік-құқықтық базасы жетілдірілетін болады. Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералды ресурстар мен минералды қорлар туралы жария геологиялық есептілікті толығымен халықаралық стандарттарға көшіру жүзеге асырылатын болады.

Жер қойнауын пайдалану саласында деректердің толықтығын, сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ете отырып, инвесторларға арналған геологиялық ақпарат жүйелендірілетін Ұлттық деректер базасы құрылатын болады.

Геологиялық барлауға және өндіру мен өңдеуді технологиялық дамытуға инвестициялар тарту үшін және өндіру саласының кадрлық әлеуетін қамтамасыз етуге және шикізат базасы мен өндіруді дамытуға технологиялар трансфертін экономикалық және фискалдық ынталандыру көзделетін болады.

Шетелдік инвесторларды тарту мақсатында АХҚО шеңберінде шағын және жаңа жер қойнауын пайдаланушылар үшін («junior miners») жеке биржа алаңы құрылатын болады.

Тау-кен жабдықтарын пайдалануды оңтайландыру, қауіпсіздікті, ішкі логистиканы арттыру, сондай-ақ өнімділік пен энергия тиімділігін арттыру мақсатында «Индустрия 4.0» санатындағы мамандандырылған ақпараттық жүйелерді енгізу белсенді түрде ілгерілетілетін болады.

Еңбек өнімділігі мен өндірістің экологиялылығын арттыру мақсатында дәстүрлі жүйе құратын металлургиялық салаларды қайта құрылымдау мен жаңғырту жалғастырылатын болады.

Машина жасау, құрылыс, мұнай-газ секторы мен көлік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнімдер шығаруға маманданатын, қуаттылғы 0,3-2,0 млн. тонна шағын зауыттарды(шағын металлургия) іске қосу арқылы саланы әртараптандыру белсендірілетін болады.

Қара металлургияны дамыту болат алу үшін жоғары сапалы шикізат өндіру, жаңа буынды ферроқорытпалар өндіру, болаттың жаңа түрлерін өндіру мен жоғары легірленген болат ассортиментін кеңейту бойынша басым бағыттарды іске асыруға бағытталатын болады.

Түсті металлургияны дамыту базалық металдарды өндіруді кеңейтуге, сондай-ақ жоғары технологиялық өнімдер мен терең өңдеу өнімдерін, атап айтқанда, өнеркәсіптік құрылыс үшін импортталатын өнімдердің көлемін арттыруға және номенклатурасын кеңейтуге бағытталатын болады.

Отын-энергетика кешені

Саланы дамыту саясаты өндіру көлемін ұлғайтуға, өңдеуді тереңдетуге және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделетін болады.

Орта мерзімді перспективада өндіру көлемін ұлғайту Қашаған кен орны мен Теңіз кен орнының болашақта кеңейту жобасы шеңберінде іске асырылатын болады.

Өңдеуді тереңдету мақсатында мұнай өңдеу және жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес келетін мұнай өнімдерін өндіру, сондай-ақ ілеспе мұнай газын өңдеу және өндіруге арналған технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жалғасады. Газ химиясын, газдымотор отыны нарығын дамыту мен шалғай аудандарды газдандыру үшін жоғары қайта бөлу газ және қосылған құны жоғары газ-химия өнімдерін алуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құрылады.

Мұнай өңдеу үшін экономикалық тұрғыдан қолайлы жағдайлар жасау үшін түрлі мұнай өнімдеріне арналған экспорттық кедендік баждар мен акциздерді қайта қарау мәселелері пысықталады.

Қазақстан саланың өзінің технологиялық әлеуетін дамыту тұрғысынан ең перспективалы ресурстық салалардың бірі болып табылатын атом саласын дамытуды жалғастырады.

Ядролық отынның толық циклін құру мақсатында Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі металлургиялық зауыты негізінде атом электр станцияларына арналған жылу шығарушы жинақтарды өндіру зауыты салынады.

Электр энергетикасын дамыту саясаты генерациялау мен тасымалдаудың теңгерімді және тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ электр энергиясының өзіндік құнын төмендетуге бағытталатын болады. Басымды энергетикалық объектілерді (оның ішінде ұлттық және өңірлік электр желілерін) жаңғырту және салу, ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті өңірлік электр желілерін салу және реконструкциялау, ішкі және сыртқы нарықта қазақстандық тауар өндірушілердің бәсекелестік артықшылықтарын сақтау мақсатында өнеркәсіп үшін тарифтерді ұстап тұру негізгі бағыттарға айналады.

Электр қуатын өндіру сегментінің проблемаларын шешу үшін бәсекеге қабілетті бағамен жұмыс істейтін электр энергиясы мен қуат нарығының жұмыс істеуі қарастырылатын электр энергиясы мен қуаттылықтың көтерме сауда нарығының модельдерін (нысаналы модель) әзірлеу және енгізу жоспарланып отыр. Электр энергиясының өзіндік құны тарифтік реттеу жүйесін енгізу арқылы төмендетілетін болады..

Энергия тиімділігін арттыру және энергия шығындарын төмендету мақсатында өнеркәсіп арасында да, сол сияқты халықтың арасында да энергияны тұтынуды интеллектуалдық басқару жүйелерін, энергия үнемдеу технологиялары енгізу ынталандырылатын болады.

Жаңартылатын энергия көздері одан әрі дамытылады.

2-міндет. Индустрияландыруды тереңдету және жаңа қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарға шығару

Неғұрлым жоғары қайта бөлу өнiмдерiн өндiру мақсатында жоғары технологиялық өнiмдер өндiрiсiн дамыту және жаһандық қосылған құн тiзбектеріне (ҚҚТ) енгізу үшiн қолайлы жағдайлар жасалады.

Саясат өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыруға, еңбек өнімділігін арттыруға және дайын өнім экспортының көлемін арттыруға назар аударатын болады.

Индустрияландыру және өңдеу өнеркәсібі салаларында құн жасаудың технологиялық тізбектерін дамыту арқылы экономиканы әртараптандыру бойынша белсенді жұмыс жалғастырылады.

Тұрақты индустрияға өту үшін жоғары технологиялық қайта бөлу тауарларын шығаруға қабілетті, жүйе құрайтын жобалар іске асырылатын болады. Бұл «салмақтық орталықтар» индустриялдық кәсіпкерліктің шекті массасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте, сыртқы жағдайлардың өзгерісіне икемді және жылдам бейімделетін өнеркәсіпті құруға мүмкіндік беретін, жоғары технологиялық ШОБ-ты дамыту бойынша шаралар алдын ала қабылданатын болады.

Жабдықтың жұмыс істеу режимдерін оңтайландыру, өнімділік пен еңбек қауіпсіздігін арттыру, логистиканы, өнім сапасын жақсарту, сұранысты болжауды жақсарту, өнімді нарыққа шығару уақытын қысқарту, сатудан кейінгі қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында өндірісте «Индустрия 4.0» технологияларын (Big data, 3D-шығару, робот техникасы, сенсорлар, машиналық оқыту, қосымша шынайылық және т.б.) енгізу негіз болады. Қолданыстағы жабдықтарды цифрландыру, сондай-ақ жаңа буын жабдықтарын, мысалы, 3D принтерлерді енгізу кәсіпорындарға дәстүрлі әдіспен өнеркәсіп ауқымында өндіру мүмкін емес, мысалы композиттік материалдар сияқты өнімдер шығаруға мүмкіндік береді.

Өңдеу секторын дамытуға инвестициялар салатын кәсіпорындар үшін салық салудың жеңілдетілген режимін қолдану, күшейтілген экспорттық қолдау және еңбек өнімділігін арттыру бөлігінде қолдау көрсету қарастырылатын болады. Экономиканың негізгі салаларының өнімдерін қолдану және өңдеу арқылы қосылған құнның өсуі негізгі өлшемшартқа айналады.

Өңдеу секторын жаһандандыру және жергіліктендіру мақсатында жекелеген секторларға технологияларға, сол сияқты өткізу нарықтарына рұқсат берілетін жетекші шетелдік өндірушілер тартылатын болады. Өндірісті жергіліктендіру мен технологияны трансферттеу мақсатында импорттық тауарлардың ірі мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу шеңберінде офсеттік саясат элементтері қайта қаралатын болады.

Машина жасауда, ең алдымен, базалық салалар тұтынатын өнімдер өндірісі дамиды. Әлемдік өндірушілерді тартуға байланысты бұрғылау кешендері, астық тасығыштар, контейнер тасығыштар, комбайндар, басқылар мен сепкіштер, тракторлар мен бульдозерлер, тау-кен жабдықтары, электр жабдықтары, локомотивтер, жүк және жолаушылар вагондары және т.б. сияқты жаңа соңғы өнім түрлері игеріледі.

Екінші басымды бағыт - толық өндіріс циклын құруға бағдарлана отырып, отандық компаниялардың әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастығына негізделетін, көлік құралдарын, олардың бөліктерін, керек-жарақтары мен қозғалтқыштарды өндіру.

Агрохимия және өнеркәсіпке арналған химиялық заттарды өндіру химия өнеркәсібін дамытудың басым секторларына айналады. Жоғары ғылымды қажет етуіне байланысты, осы секторларды дамыту кластерлік тәсілдің негізінде жүзеге асырылады. Мұнай-газ химия өндірісінің (полипропилен, полиэтилен) төңірегінде пластик өнімдерін өндіру дамитын болады.

Энергия үнемдеуші, адамның денсаулығы мен экология үшін қауіпсіз жоғары технологиялық материалдарды өндіру басымды бағыт болып табылады.



3-міндет. Жаңа индустриялар мен қызмет көрсету саласын дамыту

Цифрландыру мен технологиялық революция экономиканың дәстүрлі салаларының негізінде және төңірегінде жаңа индустриялардың туындауына мүмкіндік жасайды. Жаңа индустриялар тауар өндірісінде де, сол сияқты қызмет көрсету саласында да туындауы мүмкін.

Жоғары өнімді қызмет көрсету эконмиканың жаңа «өсу нүктесіне» айналуы тиіс. Аэроғарыштық қызметтер, инжиниринг, АКТ, білім беру, медициналық туризм, заң қызметтері сияқты экспортталатын қызметтердің құрылымын әртараптандыру жоспарлданып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет