Қазақстан Республикасы Президентінің «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты-«Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауын жүзеге асыру бойынша 2013 жылға Шемонаиха ауданы мәдениет мекемелерінің



Дата27.12.2016
өлшемі61,46 Kb.
#6052
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты-«Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауын жүзеге асыру бойынша 2013 жылға Шемонаиха ауданы мәдениет мекемелерінің

ақпараты

Шемонаиха ауданының мәдениет мекемелерінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын жүзеге асыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

Тұрғындардың әртүрлі топтары арасында Президент Жолдауын түсіндіру және ақпаратпен қамту кітапханалардың бірінші кезектегі міндеті.

Кітапханаларда Жолдау материалдары мен баспадағы пікірлер кітап көрмелерінде, тақырыптық сөрелерде ұсынылған, «Стратегия 2050» Жолдауының материалдары бойынша әдеби шолулар, ақпарат сағаттары, әңгімелер өткізілді: Президент Жолдауы- бағдарламасы жүзеге асуда» (Волчанка ауылдық кітапханасы), «Саясат мақсаты–халықтың әл-ауқатын арттыру» (Медведка ауылдық кітапханасы), «Болашаққа сеніммен» (Убинка ауылдық кітапханасы), «Халықтың - әл-ауқатының өсуі-мемлекет қамқорлығы» (Октябрьский ауылдық кітапханасы), «Мемлекеттің басты міндеті-халық өмірін жақсарту» (№1 қалалық кітапхана), «Мемлекет саясатының басты мақсаты» (Октябрьский ауылдық кітапханасы), «Сөзден-іске» (Барашки ауылдық кітапханасы).

Жас оқырмандарды «Стратегия 2050» Жолдауының мәтінімен нақты таныстыру бойынша Шемонаиха қ. №1 қалалық кітапханасында «Жоғарғы сапа стандарттары» атты интеллектуалды ойын өткізілді.

КММ кітапханаларының жұмысы, тұрғындардың әртүрлі топтары арасында өткізілетін іс-шаралардың мазмұны Қазақстан Республикасының мемлекетін одан әрі нығайту идеясына бағытталған.

Жалпы қазақстандық отансүйгіштік рухына баулу жөнінде кітапханалар алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін топталған әңгіме-сұхбаттар өткізілді, атап айтсақ: Рулиха ауылдық кітапханасы–ересек тұрғындармен дүкен ғимаратында, Убинка ауылдық кітапханасы–поштада зейнетақы беру уақытында, Сугатовка ауылдық кітапханасы–шаруашылық қожалықта және Қазақстандық зағиптар қоғамының мамандандырылған кітапханасында зағип және нашар көретін оқырмандар үшін дауыстап оқу өткізілді.

Аудандық Достық үйі этномәдени бірлестігі өткізген барлық жұмыстар Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына қойған негізгі тапсырмалары мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған. Ақпан айының басында Шемонаиха ауданында АНТ өкілі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік департаменті директорының орынбасары Шолпан Сапарғалиқызы Жакитова жұмыс бабымен келді. Достық үйінде «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметкерлері ардагерлер қоғамдастығы және жастар өкілдерімен «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Президент Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша халықпен кездесу өткізді. 15 ақпанда дөңгелек үстел отырысы өтті. Достық үйіне жиналғандар ел және ұрпақ болашағын ойлайтындардың әрқайсысы бірлікте болып, мемлекет Басшысын, сондай-ақ оның көпұлтты Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне жаңа қадам болып табылатын идеясын толықтай қолдайды.

28 наурызда Достық үйі қызметкерлері Қ.Нұрғалиев атындағы колледж студенттеріне «Президент Жолдауын:бірге оқимыз» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Басты мақсаты-«Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру Қазақстанды әлемге танытуға ықпал ететін, халыққа ортақ Стратегия ретінде тарихқа сөзсіз кіретінін көрсету. Бүгін жаңа істердің уақыты келді. Біздің мемлекетіміздің Басшысы айтқандай, 2050 жылға дейін ұзақ мерзімді елдің стратегиялық даму мақсаты қазақстан халқының толық қолдауымен сәтті жүзеге асатынына сенімдіміз.

Достық үйі Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп Отан үшін Қазақстан азаматының ортақ жауапкершілігінің іргетасы болып табылатын, қазақстандық патриотизмге өскелең және жасөспірім ұрпақтарды тәрбиелеу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатпен облыстық Достық үйінде наурыз айында этномәдени және діни бірлестік жетекшілерімен, облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың кездесуі өтті. Кездесу барысында ел дамуындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін талқылап, Шығыс Қазақстан облысында этносаралық және конфессия аралық келісімді бекіту жөнінде өткізілген жұмыстардың қорытындысы жасалды.

23 сәуірде аудандық Мәдениет үйінде «Ел тағдыры–менің тағдырым» атты форум өтті. Форумда шемонаиха жеріне еңбегі сіңген спикерлердің өмірі мен тағдырлары жайлы айтылды. Аудандық Достық үйі атынан форумға екі кандидатура ұсынылды, олар:«Достық үйі» КМҚК директоры-О.Г.Ушакова және беларус этномәдени бірлестігі белсендісі, «Камышинка» шаруа қожалығының басшысы-В.И. Акулов. Славяндықтардың достық және бірлік күні мерекесі аясында Достық үйі қызметкерлері орыс, украин, белорус этномәдени бірлестігі белсенділерімен бірлесіп «Біз әр түрліміз, бірақ біз татумыз» атты танымдық бағдарлама өткізілді. №1 ЖОМГ КММ мектеп жанындағы лагердің балалары көптеген қызықты ақпараттар алып, Достық үйі бойынша саяхат жүргізіп, орыс, украин, және белорус тілдерінде ән тыңдап, славян халық ойындарын ойнады. Жасыл алқап, шөл далалары, қарлы шыңдары және ну ормандары тамаша үйлесетін мемлекет-Қазақстан екендігі барлық іс-шара барысында айтылады.

Шемонаиха Достық үйінде мереке қарсаңында қалыптасқан дәстүр бойынша «Халықтың қуаты бірлікте» атты достық фестивалі өтті. Оның негізгі мақсаты–ұлтаралық келісімді нығайту, қазақ бірлігіне тәрбиелеу және тарихи-мәдени мұраны сақтау. Фестивальға қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары О.А.Булавкина құттықтап, Достық үйі ұжымына «Ауданда ұлтаралық және конфессия аралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» грамотасын және ескертіш сыйлық тапсырды. Мереке концерттік бағдарламамен жалғасып, оған Достық үйі шығармашылық ұжымдары, №5 КММ «Жас ақындар мектебі», «Ложкари» фольклорлық тобы, «Шығармашылық үйі» КМҚК «Ангелы» триосы, Өнер мектебінің оқушысы Абуталипов Қайсар өз өнерлерін көрсетті. Қазақ, орыс, украина, польша, армян тілдерінде әндер шырқалды. Осындай фестивалдарды өткізу адамдарды жақындастырып, қоғамды шыдамдылыққа және мейірімді болуға шақырады, себебі әр этномәдени бірлестік болашақ ұрпаққа халық жадында ғасырлар бойы сақталып келе жатқан тіліміз бен діліміз, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарымыз ұмытылмасын деп, оны сақтауға бар күш-жігерін салуда. Алайда, барлық шемонаихалықтар үшін туған жерге деген сүйіспеншілікке теңеу болып Шемонаиха қаласының Достық үйі-үйіміздің ортақ «шаңырағы» болып қалады.

Достық үйі Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп Отан намысы үшін Қазақстан азаматының ортақ жауапкершілігінің іргетасы болып табылатын, қазақстандық патриоттыққа үлкендер және жаңа жасөспірім ұрпақтарды тәрбиелеу бойынша үлкен жұмыстар жүргізуде. Осы мақсатпен облыстық Достық үйінде наурыз айында этномәдени және діни бірлестік жетекшілерімен облыс әкімі Б.М.Сапарбаевпен кездесу өтті. Кездесу барысында елдің дамуындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін талқылап, Шығыс Қазақстан облысында этносаралық және конфессия аралық келісімді бекіту жөнінде өткізілген жұмыстардың қорытындысы жүргізілді.

22 ақпанда Шемонаиха ауданының Достық үйінде «Біз қазақша сөйлейміз» атты акциясы аясында этномәдени бірлестік жетекшілері және белсенділері қатысқан концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. «Ақбота» бала-бақшасының ең жас әртіс–тәрбиеленушілері мерекені ашты. Достық үйі шығармашылық ұжымы әншілерінің орындауындағы әндер, өлеңдер мемлекеттік тілде шырқалды. Алайда, кездесуді біріктіретін пікір әр тілдің және мәдениеттің баянсыз құны екенін білу. Әр тіл–барлық адамгершіліктің рухани бөлігі, ал түрлі халық мәдениеті–бұл әлемдік өркениеттің баға жетпес қазынасы екенін түсіну.

Іс-шара соңында концертке қатысушыларға алғыс айтып, Шемонаиха ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен ұсынылған сыйлықтарды бас маман А.С.Найманбаева табыс етті.

Өскемен қаласында 12-14 тамыз аралығында Достық үйінде I республикалық конгресс өтті. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, елімізде барлық Достық үйінің директорлары, этномәдени бірлестігінің белсенділері қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында конгресс жұмысының барысында қатысушылар Президентіміздің берілген тапсырмаларын орындау туралы талқылады. Бүгінгі таңда қазақстандықтарға барлық есік, барлық мүмкіндіктер, барлық жолдар ашық. Өз Отанының, елінің тағдырына жауапкершілікпен қарау–әркімнің парызы. Шемонаиха ауданының тұрғындарымен халықтар арасында ұлтаралық және конфессия аралық келісімді бекітуге, халықтар арасындағы достықты нығайтуға зор үлес қосқан 9 этномәдени бірлестігі және «Қазақ тілі» қоғамының жетекшілері, оның ішінде 2013 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапатына «Қазақстан халқы Бірлігінің алтын алқасына» ұсынылған, армян ЭМБ жетекшісі Юрик Вачаганович Варжабетян.

Клубтық мекеме қызметкерлерінің есеп беру мерзімінде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша бірқатар іс шаралар жоспарланып өткізілді, атап айтсақ: «Түрлі әлеуметтік, этникалық және діни топтардың береке-бірлігі мен бейбітшілігі» атты әңгіме-сұхбат (АМҮ), «Демократизация мен либерализацияның тұрақты үрдісі» атты дәрістері (Первомайский а, Камышенка а, Убинка а, Октябрьский а), «Ел, әлемдік қауымдастықпен мойындалған» пікір-таласы, Медведка, Красная Шемонаиха, Зевакино, Сугатовка ауылдарында, «Мықты және табысты мемлекет» диалогтары (Верх-Уба а., Волчанка а, Рулиха а), дөңгелек үстел «Жаңа Қазақстандық патриотизм» (АМҮ, Белый Камень а.), «Қазақстанның келешегін қалай көремін?» әңгіме-диалогы (Выдриха а, Красная Шемонаиха а) өтті.

Бұл бағытта жұмыстар әлі де жалғасуда.



Бөлім басшысы Ж.Түсіпова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет