Мақтарал ауданы Мәдениет ауылы “Мәдениет” жалпы орта мектебі тарих пәні мұғалімі Шиналиева Роза Гарибулаевна
Тарихынды танып біл
Сынып: 9 «а» Қазақстан тарихы.
Тақырыбы: Қайталау сабағы «Тарихыңды танып біл» интелектуалды марафон.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Қазақстан тәуелсіздік алған жылдарында болған оқиғалармен, жаулаушылықтан келген зардаптары туралы мағлұматтарды қалыптастыру.Топтық жұмыс арқылы білім сапасын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, тәртіптілікке тәрбиелеу, тұлғалық дамудың басты негіздерін оқушы санасына құю, қайталау тақырыбындағы деректер арқылы тәрбиелі ұрпақ қалыптастыруға күш салу.
Дамытушылық: Қайталау тақырыбын оқушылардың өздеріне беру арқылы өз бетімен шығармашылықпен жұмыс жасауын қалыптастыра отырып қорытынды жасауға дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: топтық, ұжымдық сабақ.
Сабақтың тәсілі: логикалық ой қорыту, дәлелдеу,пікір айту.
ХХІ ғасыр – білікті білімді бәсекеге қаблетті жастардікі ...
Н.Ә.Назарбаев
«Білім - өмір шырағы» қазіргі заман білім мен ғылым заманы. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры. Болашаққа үмітпен қарайтын ел болғандықтан Ел басымыз шәкірт біліміне ерекше көңіл бөліп отыр.
«Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ» атты тарихи ойын сұрағымыз бар.Бізге өте қажетті, мағыналы үш сөз бар. Олар: «Білім», «Тарих», «Экономика» осы ұғымдарды қалай түсінетінімізді қысқаша сұрақ – жауап арқылы тексеріп көрейік.
І топ. «Тарихшылар»
Ұраны: «Өзге елде сұлтан болғанша,
өз елінде ұлтан бол».
Мақсаты: «Ел тарихын оқып білу,
Отанды қорғау».
ІІ топ. «Білімділер».
Ұраны: «Білекті бірді жығады,
білімді мыңды жығады»
Мақсаты: Бәсекеге қаблетті білімнің биігіне көтерілу үшін күресу.
ІІІ топ. «Экономистер»
Ұраны: «Қасықтап жинағанды шөміштеп төкпе»
Мақсаты: Елдің дамуына үлес қосу үшін көп оқу, саналы азамат болу.
(Топ мүшелері Ұран мен топтың мақсатын хормен айтады).
I тур. Бәйге (әр топқа 10 сұрақтан қойылады)
Тарихшылар тобы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан бекітілді? (1992)
2. Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев қашан ақталды? (1988)
3. Қазақстан қай жылы БҰҰ –на мүше болды? (1992)
4. Қай жылы Қуғын -сүргін құрбандарының жылы деп аталды? (1997)
5. Горбачев КОКП ОК бас хатшысы болып қашан сайланды? (1985)
6. Е.Бекмахановты арашалып шығарып алған тарихшы? (Понкратова)
Мұғалім: Отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық. Қорғауға әрқашан да дайын тұрайық. Азат елдің білікті, білімді, жігерлі, зиялы азаматы болайық! Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен аяқталады.