4.1 Болашақ қоғамы
«Болашақ социумы» - қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, білім беру салаларындағы өзгерістер, сондай-ақ цифрлық құралдар есебінен диалог құру нәтижесінде мемлекеттік құрылымдар мен азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынастардың сапалы өзгеруі.
4.1.1 Әділ әлеуметтік саясат
Бұл бағыт халықтың, әсіресе цифрлық технологияларды қолдану арқылы қоғамның көмегіне тәуелді адамдардың өмірі үшін қолайлы жағдайлар жасауға және қамтамасыз етуге бағытталған.
Әлеуметтік қызмет көрсетудің өтініш беру нысанынан өмірлік қиын жағдайда адамдарды көрсетілетін қызметтермен уақтылы қамту үшін анықтауға көшу негізгі тәсіл болып табылады.
Міндет. Әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз ету
Мемлекеттік органдар халықтың мұқтаж санаттарын дербес анықтап, оларға қажетті қолдау шараларын көрсететін болады. Іс жүзінде іске асыру үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялауды, «отбасының цифрлық әлеуметтік картасын» құру үшін деректерді өзектендіруді жүргізу қажет, бұл әл-ауқат деңгейін кешенді бағалау үшін жеке адамдардың да, үй шаруашылықтарының да толыққанды портретін салуға мүмкіндік береді. Отбасының әлеуметтік картасы әлеуметтік қолдау шараларын, оның ішінде бюджеттен тыс қорлар (БЖЗҚ, МӘСҚ, ӘМСҚ) арқылы көрсетілетін шараларды тағайындау кезінде мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының жаңа форматын енгізуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік төлемдерді цифрландыру шеңберінде ЖСН негізінде азаматтың цифрлық «әлеуметтік әмиянын» енгізу аяқталады, оған мемлекеттің жан басына шаққандағы төлемдері, салықтар және азаматтың туғаннан бастап бюджеттен тыс төлемдері белсенді түрде есептелуі мүмкін. Сондай-ақ, ол біріздендірілген құрал ретінде пайдаланылуы мүмкін, онда әрбір азаматтың ЖСН-ге байланған жан басына шаққандағы қаржыландыру лимиті болады, ол қызметті алу шамасына қарай қолма-қол ақшаға айналдырылуы мүмкін (спорт секциялары, шығармашылық үйірмелер, азық-түлік себеттері, дәрілік заттар және т.б.). Цифрлық төлем құралдары зейнетақылар мен жәрдемақыларды алу рәсімдерін жеңілдетеді, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеуге, сауда, медициналық және басқа да желілерде сараланған тәсілмен тауарлар мен қызметтерді төлеуге мүмкіндік болады.
Мұндай тәсіл мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын едәуір жақсартуы тиіс. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік қызметтер оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ) және әлеуметтік қызметтерді дербес сатып алу мүмкіндігімен электрондық түрде ұсынылатын болады.
Еңбек қатынастарын цифрландыру тиімділікті арттыру үшін үлкен мүмкіндіктерге ие. Еңбек қатынастарының көптеген аспектілері еңбек кітапшаларынан бастап, оқыту мен қайта даярлауға дейінгі толық цифрлық форматқа көшіріледі. Цифрлық шарттар қызметкерлерді қашықтан негізде жалдауға мүмкіндік береді, бұл Қазақстан сияқты бір-бірінен шалғай елді мекендері бар ел үшін өте ыңғайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |