Қазақстан Республикасы Президентінің


Азаматтардың мүдделерін қорғауда әділ және тиімді мемлекет



бет13/35
Дата14.08.2023
өлшемі1,65 Mb.
#179830
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
& & 07(1) (1)

4.1.4 Азаматтардың мүдделерін қорғауда әділ және тиімді мемлекет


2025 жылға қарай Қазақстан үшін қағидатты өзгерістер:
полиция жұмысының күштік моделінен қауіпсіз және құқықтық қоғам құру үшін құқық қорғау органдарының азаматтармен өзара іс-қимылының сервистік моделіне;


Міндет. Сот жүйесіне және сот төрелігінің сапасына деген сенімді арттыру

Сот билігі институтының жұмыс істеуі нығайтылады, сондай-ақ Big Data және «Сот смарт-аналитикасы» сияқты цифрлық құралдарды одан әрі енгізу жалғастырылады.


Құқық бұзушылықты тіркеуден бастап сот шешімін (үкімін) орындауға дейінгі қылмыстық процестің барлық кезеңдерінің электрондық форматын одан әрі енгізу қылмыстық саланы жаңғыртуға, оны неғұрлым ашық етуге және сот төрелігін болжау жағына бағыттауға мүмкіндік береді.
Іс жүргізу әрекеттерінің едәуір бөлігі қазірдің өзінде онлайн режимде жүзеге асырылуда және бақыланады.
Сонымен қатар, Ішкі істер органдарындағы өткір проблема қанағаттанарлықсыз материалдық-техникалық жарақтандыру болып табылады, бұл электрондық қылмыстық іс жүргізуге көшуге теріс әсер етеді.
Құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюды және қоғамдық қауіпсіздік жай-күйінің мониторингін қамтамасыз ету үшін облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық ЖБО жаңғырту, сондай-ақ шағын қалалардың ЖБО құруды жалғастыру қажет.
Жедел-тергеу іс-шараларын іске асыру мақсатында елді мекендердің аумағын жабу үшін халықаралық тәжірибеге сәйкес бейнекамералармен «кілем жабыны» қамтамасыз етілетін болады. Адамдарды тану үшін жасанды интеллект элементтерін қолдану құқық бұзушылықтарды неғұрлым жедел ашуға ықпал ететін болады.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу мүмкіндігін кеңейту, халықпен қашықтан өзара іс-қимыл жасауды жолға қою, құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді жинау мен талдау негізінде қылмыстың нақты өсуін болжау және қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша уақтылы шаралар қабылдау мүмкіндігі мақсатында:
- шашыраңқы ақпаратты шоғырландыру және оны талдамалық есептер, болжамды есептер, қызмет нәтижелерінің мониторингі түрінде, сондай-ақ шешімдер қабылдау жүйесі ретінде ұсыну жөнінде шаралар қабылдау;
- жекелеген коммуникация арналарын бірыңғай жүйеге біріктіру және қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы азаматтардың хабарламаларын қабылдау процесін автоматтандыру міндетін шешу. Еліміздің әрбір белсенді тұрғынына жасалған құқық бұзушылық туралы ақпаратты ішкі істер органдарына жіберуге мүмкіндік беретін мобильді қосымша мен интернет портал құру;
- қағазсыз құжат айналымына көшуді жалғастыру.
Ішкі істер органдарының қызметін одан әрі цифрландыру полиция жұмысының жаңа деңгейін қалыптастырады, азаматтардың сенімін және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында ұсынылатын қызметтердің қолжетімділігін арттырады, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйіне жағымды әсер етеді және халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, құқық қорғау органдарын цифрлық құралдармен қамтамасыз ету қажет, яғни қызметкерлерге онлайн режимде бұрынғы өтініштер мен олар бойынша нәтижелер тарихы бар жүгінуші тұлға бойынша барлық ақпарат, сондай-ақ оқиға орны бойынша мәліметтер қолжетімді болуы тиіс.
Сонымен қатар, жедел шешім қабылдау үшін деректер мен процестерді алгоритмдеу өте маңызды, бұл процесті тәуекел деңгейін ескере отырып басқаруға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, цифрлық білім базасын іске асыру қажет.
Сонымен қатар, азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін патрульдік қозғалысты бақылау датчиктерімен жабдықтау қажет. Бұл жобаның жалғасы құқықтық жағдайға байланысты қызметкерлердің қозғалысын талдайтын және үйлестіретін Big Data негізінде әзірленген бағдарлама болуы тиіс. Сондай-ақ талдау үшін деректер ҚСжАЕК геоақпараттық жүйелерінен алынған деректер (қылмыс картасы, апаттылық картасы) және ЖБО деректері болып табылады.
Жалпы, азаматтарға өтініш жасауға арналған түрлі цифрлық арналар, бейне және фото - контентті жүктеу, мәртебесін бақылау және қабылданған шешімдерді көру мүмкіндігі қолжетімді болады.
Оқиғалар немесе күдікті әрекеттер туралы өтініштерді беру үшін «электрондық жасақшы» мобильдік қосымшасы енгізіліп, орындалу мәртебесі кейіннен қадағаланатын болады.
Құқық бұзушылықтардың барлық түрлері бойынша (кросс-функционалдылық) республикалық деңгейде бірыңғай базамен 911 құрылым құру қажет, онда азаматтың барлық өтініштері және олар бойынша қабылданған іс-қимылдар мен шешімдер көрсетілуге тиіс.
Азаматтардың құқықтарын қорғау және заңгерлік сауаттылықты арттыру үшін сервистер (чат-бот, қосымша, сайт) іске қосылады. Ресурста азаматтардың да, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің де құқықтары мен міндеттерінің қарапайым тілде сипатталған сипаттамасы болуы керек, бұл орган қызметкерлерінің теріс пайдалануына кедергі болады және даулы жағдайларда азаматтарды ағартады.
Жедел басқару орталықтарының ақпараттық жүйесіне SMS немесе GPS-нүктесін көрсете отырып, қосымша арқылы орналасқан жерін жіберу арқылы «дабыл түймесі» сервисі енгізіледі. Ұялы байланыс желілерімен интеграция жүргізу қажет.
Сол арқылы Құқық қорғау органдары сервистік қызмет көрсететін болады, ал азаматтар мемлекеттің қамқорлығын сезінетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет