Қазақстан Республикасы Президентінің


Жергілікті компаниялардың қатысуын күшейту жолымен бәсекелес ортаны қамтамасыз ету және саланы дамыту



бет15/35
Дата14.08.2023
өлшемі1,65 Mb.
#179830
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Байланысты:
& & 07(1) (1)

4.2.2 Жергілікті компаниялардың қатысуын күшейту жолымен бәсекелес ортаны қамтамасыз ету және саланы дамыту

Отандық компаниялар өндірістің ерекшелігін ескере отырып, электрондық құрылғылар негізінде автоматтандырылған басқару жүйелері мен ақпараттық жүйелерді жобалауда және өндіріске енгізуде үлкен тәжірибеге ие. Импортты алмастыруды көтермелеудің және сыртқы нарықтарға шығудың теңдестірілген мемлекеттік саясаты кезінде Қазақстандағы электрондық өнеркәсіп саласы экономиканың басқа салаларының еңбек өнімділігін өсірудің және мемлекетті цифрландыру жөніндегі міндеттерді шешудің драйвері бола алады.


Осыған байланысты, венчурлік қаржыландыруды одан әрі институционалдық дамыту мақсатында Қазақстанда мемлекеттік қолдаудың бүгінгі күні ЭЫДҰ елдерінде табысты іске асырылған бірқатар жаңа құралдарын көздеу орынды. Осылайша, заңнамалық деңгейде венчурлік қаржыландыруды ынталандыру жөніндегі шаралар («қателік жасау құқығын» бекіту, венчурлік қорларды бірлесіп инвестициялау, корпоративтік қорларды құру, венчурлік инвестициялар мен жеңілдікті кредит беру кепілдігін беру, краудфандингтік алаңдарды дамыту, жаңа құралдар (мысалы, айырбасталатын қарыз, SAFE шарт) және басқалар) пысықталатын болады.


Міндет. Инновациялық экожүйе.

Бұл орта әлемнің түкпір-түкпірінен идеяларды, технологияларды, цифрлық шешімдерді және дарынды мамандарды тарту, сондай-ақ шетелде АТ жобаларымен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын белсенді тарту үшін жағдай жасауға арналған.


Елімізде инновациялық экожүйені құрудың маңызды салдары Қазақстанда шығарылған технологиялар үлесін арттыру болады.
Басымдықтар:
1. Қазақстанда бастамашылық жасалған технологиялық стартап-жобалардың санын және оларды жиынтық капиталдандыруды тәртіпке ұлғайту.
2. Қазақстанда тез өсіп келе жатқан экожүйенің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін венчурлік капиталдың жеке кәсіби саласының болуы.
3. Қазақстандық стартаптардың халықаралық аренадағы «табыс тарихы», оның ішінде «экзиттер».
4. Отандық АКТ-шешімдерінің экспортын ұлғайту.
5. Корпоративтік инновацияларды, оның ішінде «Astana hub» көмегімен дамыту.
6. Өңірлік инновациялық экожүйелерді дамыту үшін жағдайлар жасау.
7. Инвестициялық мүмкіндіктері бойынша бірыңғай терезесі және мәліметтер базасы бар платформа құру .
8. Халықаралық сауда шарттары шеңберінде отандық инновациялық компанияларды қолдау және ілгерілету.
Ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанда «жалғыз мүйізділердің» және капиталдануы жоғары аз ірі компаниялардың пайда болуы үшін жағдай жасау, сондай-ақ технологиялық кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру мақсаттары болып табылады.
Инновациялық экожүйе жұмыс істеп тұрған технопарктер, венчурлік қорлар, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары негізінде де, сондай-ақ «Astana Hub» халықаралық технопаркі базасында да құрылады.
Өңірлік «тірек» ЖОО-ларында орналасқан стартаптардың өңірлік экожүйесін («AstanaHub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркіне қосымша ретінде) қалыптастыруды және дамытуды жалғастыру қажет. Мысалы, креативті таланттардың нетворкингі, оқуы және бос уақыты үшін алаң құру арқылы, жұмыс істеу үшін технологиялық дағдыларды қайта оқыту бойынша платформаны іске қосу, экономиканы цифрландыру бойынша өңірлік саясатты күшейту.
Шетелдік мамандар мен ғалымдарды тарту міндеті, бірінші кезекте, олардың жұмысы мен тұруы үшін барынша қолайлы жағдайларды, еңбек қауіпсіздігі мен бәсекеге қабілетті еңбекақы төлеуді қамтамасыз етуді талап етеді. Неғұрлым ұзақ мерзімді жоспарда мұндай мамандарға олардың әзірлемелерінің нақты пайдаланылуының, олардың елдің цифрлық экономикасын құруға қатысуының нәтижелілігінің айғақтары берілетін болады.
Шетелдік зияткерлік капиталды тартумен қатар Қазақстандағы ғылыми-зерттеу қызметінің сапалық жағынан басқа деңгейіне шығару қамтамасыз етілетін болады. Ол үшін Қазақстан Республикасы ұйымдарының ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру тетіктерін әзірлеу, кәсіпкерлік мектептерін ашу, сондай-ақ ірі халықаралық АТ компанияларды өзінің зерттеу орталықтарын ашуға тарту ұсынылады. Инновациялық қызмет іргелі және қолданбалы ғылымсыз мүмкін емес.
ҒЗТКЖ дамыту мақсатында стартаптар мен жетекші ЖОО-ы арасында өзара іс-әрекет жолға қойылады. Бұл үшін Үкімет мақсатты ғылыми гранттарға арналған тапсырмаларды анықтайтын болады, оларды жетекші ЖОО-мен стартап командалары ала алады.
Жоғары технологияларды беру процесін күшейту, ғылыми ізденістер мен қазіргі заманғы ғылым мен өндірістің бәсекеге қабілетті мамандарын даярлау үшін база қалыптастыру мақсатында ғылыми-зерттеу орталықтары, университеттер, жеке компаниялар арасындағы кооперацияны ынталандыру қамтамасыз етілетін дамыған елдердің тәжірибесін енгізу талап етіледі.
АКТ саласын дамытудың негізгі бағыты АКТ саласындағы жергілікті қамту үлесінің өсуі және АКТ саласындағы отандық шағын және орта кәсіпорындарды қолдау, ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру және импортты алмастыру жолымен отандық әзірлемелерді ынталандыру, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда бәсекеге қабілетті қазақстандық IT-әзірлемелерді сатып алудың басым тәртібін белгілеу болып табылады. Осы іс-шара шеңберінде мынадай мәселелер пысықталуға тиіс:
1.Бұрын сатып алынған шетелдік БҚ-ны отандық БҚ-ға ауыстыру;
2. АТ бөлігінде мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың қажеттілігін айқындау және отандық өндірістің басым жаңа шешімдерін сатып алуды ұсыну;
3. АКТ-өнімдеріндегі жергілікті қамту үлесін ұлғайту және бұрын сатып алынған шетелдік бағдарламалық өнімдердің импортын алмастыру бағдарламасын орындау бойынша мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялар үшін KPI және Бірінші басшылардың дербес жауапкершілігін айқындау;
4. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялар үшін шетелде шығарылған бағдарламалық өнімдерді есептен шығарудың оңайлатылған тетігін әзірлеу және бекіту.
Отандық АКТ-шешімдерінің экспортын ұлғайту шеңберінде экспорттық нарықтарға шығу кезінде АТ-компанияларға қолдау көрсету, экспортты ілгерілетудің жаңа құралдарын әзірлеу, АТ кадрларын дамыту, оффшорлық бағдарламалау платформасын құру, сұраныс пен құзыреттілікті ынталандыру шаралары көзделуге тиіс.
АКТ-ның бәсекеге қабілетті саласын қалыптастыру үшін мемлекеттің күш-жігері осы саладағы кәсіпкерліктің қолайлы экожүйесін құруға бағытталатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет