Қазақстан Республикасы Президентінің


Технологияларға қолжетімділікті қамтамасыз ету, оларды қолдану мен салаларда тиімді пайдалануды ынталандыру



бет17/35
Дата14.08.2023
өлшемі1,65 Mb.
#179830
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
& & 07(1) (1)

4.2.4 Технологияларға қолжетімділікті қамтамасыз ету, оларды қолдану мен салаларда тиімді пайдалануды ынталандыру


Міндет. Экономиканың базалық салаларын цифрландыру

Елдің инновациялық дамуына жаңа серпін беру және төртінші өнеркәсіптік революция технологияларын белсенді қолдану мақсатында АХҚО платформасында 2021 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның Төртінші өнеркәсіптік революция технологияларының үлестес орталығы ашылды.


Жер қорын тиімді дамыту, инфрақұрылым объектілерін, коммуникациялар мен инфрақұрылым желілерін (сумен жабдықтау, кәріз, газ және т.б.) орналастыру үшін республиканың бүкіл аумағында өзекті картографиялық материалдары бар мемлекеттік координаттар жүйесін құру қажет.
Қазақстанның телекоммуникациялық және ғарыш салаларының барлық бағыттарының нәтижелерін үйлесімді қолдану – өз ғарыш техникасын өндіруден және ғарыштық байланыс жүйелерін, спутниктік навигацияны ұсынудан бастап өзінің бағдарламалық өнімдерін жасауға дейін ауыл шаруашылығы, экологиялық бақылау (қоқыс тастайтын жерлер) саласында мониторинг және бақылау, орман қоры мен су ресурстарын қысқарту бойынша жүргізілетін шаралардың тиімділігін арттыруға, ықтимал су тасқындарының алдын алуға және т. б. мүмкіндік беруі тиіс.
Мысалы, Жерді қашықтықтан зондтау технологиялары трансформациялық әсер етуі және мониторинг пен бақылау бойынша мемлекеттік органдардың ағымдағы процестері мен функцияларының тиімділігін арттыруы мүмкін.
Экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарды инновациялық дамыту және технологиялық қайта жарақтандыру мақсатында ірі өнеркәсіптік және өндірістік кәсіпорындарды, жер қойнауын пайдаланушыларды инновациялық компаниялармен - Smart Industry Management Platform (SIMP) біріктіретін платформа құрылады.
Осылайша, корпоративтік инновациялар инновациялар орталықтары мен акселераторлар құруды ынталандыру арқылы, оның ішінде жүйе құрайтын ірі компанияларда дамиды, олар үшін бизнес қаражатын инновацияларға қайта инвестициялау мүмкіндіктері әзірленетін болады.
Озық инновациялық технологияларды қолдана отырып, ғылымды қажетсінетін жаңа өнімдерді әзірлеу арқылы отандық тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі артады. Бұл үшін кәсіпкерлерді қолдау және инвестициялар тарту саясатына өзгерістер енгізілетін болады.
Базалық салалар кәсіпорындарын автоматтандыру және цифрландыру, тыныс-тіршіліктің әртүрлі салаларын цифрлық трансформациялау бойынша жұмыс жалғасады.
Кәсіпорындардың технологиялық міндеттерін шешу және өнімнің/ көрсетілетін қызметтердің/ инфрақұрылымның сапасын арттыру мақсатында ірі кәсіпорындардың өндірістік процестерінде, шағын және орта бизнес кәсіпорындарында одан әрі кеңейте отырып, инфрақұрылымды дамытуда ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері қолданылатын болады. Құрал сәтті сандық шешімдер каталогы болады.
Өндіріс әдістері, жеткізілім тізбегі және қосылған құн тізбегі өзгеруде. Индустрия 4.0-бұл өндірісті ұйымдастыру тұжырымдамасы, онда физикалық объектілерді, процестерді және цифрлық технологияларды интеграциялау арқылы қосымша құндылық қамтамасыз етіледі, онда нақты уақыт режимінде физикалық процестерді бақылау жүзеге асырылады, орталықтандырылмаған шешімдер қабылданады, сонымен қатар машиналардың мен адамадар арасында өзара әрекеттесуі жүреді.
Тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде негізгі тренд Индустрия 4.0 тұжырымдамасына сәйкес жаңа технологиялық деңгейге көшу болып табылады.
Энергетикадағы негізгі әлемдік тренд желінің барлық элементтері мен қатысушылары арасында тиімді ақпарат алмасуды қамтамасыз ету, ірі іркілістерден, табиғи катаклизмдерден, сыртқы қатерлерден қорғау және өзін-өзі қалпына келтіру мақсатында әртүрлі Smart технологияларды енгізу болып табылады.
Нақты және салмақты шешімдер қабылдау үшін мемлекет функциясын іске асыруға бағытталған деректерді барынша жинау негізгі қағидат болып табылады. Мемлекеттік органдардың рөлі (1) технологияларды енгізуге кәсіпорындарды ынталандыруға және (2) деректерді жинау, мемлекеттік функцияларды іске асыру шеңберінде бақылау мен мониторингті жүзеге асыру процестерін трансформациялауға келіп түседі.
Құн жасаудың бүкіл тізбегі бойынша деректерді визуалдауға, сценарийлік модельдеуді жүргізуге және олардың негізінде шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін сенсорлар, датчиктер және озық талдамалық құралдар енгізілетін болады. Бұдан басқа, автономды техниканы енгізу, негізгі өндірістік процестерді автоматты режимде реттеу адамның қатысуын барынша азайтуға және өндіріс қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Мысалы, құрылыс индустриясындағы цифрландыру жобаларды жобалау, келісу және олардың сараптамасы, жұмыстар мен олардың түрлерін есепке алу процестерін автоматтандыруға бағытталған платформаларды енгізуге қатысты болады. Яғни, бұрын қағаз тасығыштарда жүргізілген және мемлекеттік органдар тарапынан мониторинг пен бақылау жіберілген процестер.
Цифрлық трансформация кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға және мемлекетті өзекті деректермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін ескере отырып, кәсіпкерлік субъектілері үшін технологияларды енгізу бойынша практикалық ынталандыру шаралары қажет.
Тиісінше, субсидиялар немесе «арзан» қаржыландыру түрінде бөлінетін мемлекеттік қолдаудың ағымдағы монетарлық шараларында цифрлық форматта берілетін салалық деректердің көлемі түрінде KPI болуы мүмкін. Мәселен, цифрландыруға байланысты жобаларға субсидиялардың белгілі бір үлесін жіберу мәселесі қаралатын болады.
Өнеркәсіпті цифрландыруды ынталандыру үшін жағдай жасау өндірістік процестерді бақылауды жақсарту, шығындарды қысқарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, еңбек өнімділігін ұлғайту, өндірістің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру есебінен, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларының реинжинирингінің арқасында оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жер қойнауын, радиожиіліктерді және мемлекетке тиесілі басқа да активтерді бөлу саласында ашықтықты жақсарту және қамтамасыз ету үшін оларды цифрлық аукциондық платформалар арқылы іске асыру жөніндегі тәсіл қолданылатын болады.
Әлеуметтік газды тиімді бөлу үшін халыққа әлеуметтік газды сатып алу жөніндегі онлайн-сауда-саттықтың автоматтандырылған алаңдарымен ықпалдастыра отырып, міндетті есептілік және балансты болжау негізінде деректерді статистикалық талдау үшін сұйытылған мұнай газын жеткізу, қадағалау және айналымы бойынша ақпарат жинауға арналған жүйені дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарланған.
Жөндеу-пайдалану жоспарлы, авариялық жұмыстарды орындауға арналған шығындарды азайтуға және газ тасымалдау жүйесі объектілерінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік беретін магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілерін, газ тұтынушыларды қамтитын газ құбырлары объектілері бойынша талдамалық геоақпараттық жүйені енгізу жөніндегі іс-шаралар көзделген.
Энергия тиімділігін арттыру және энергия шығындарын төмендету мақсатында өнеркәсіп арасында энергия тұтынуды зияткерлік басқару жүйелерін, энергия үнемдеу технологияларын енгізу ынталандырылатын болады. Бұл тұтынушының энергия жүйесімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге, атап айтқанда тарифтерді таңдау, электр энергиясын меншікті тұтынуды басқару, электр энергиясын желіге меншікті жаңартылатын энергия көздерімен өндіру және электр энергиясын сату мүмкіндігіне ие болуға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, ұлттық электр желісінде Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру және сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларды іске асыру жоспарланып отыр, бұл электр энергиясын желі бойынша беруді ұлғайтуға, аралас энергия жүйелерімен жұмыс кезінде қуаттың теңгерімсіздігін төмендетуге, желідегі технологиялық бұзушылықтар кезінде тұтынушылардың ажыратылу санын азайтуға мүмкіндік береді.
Синхрондалған векторлық өлшеулерге негізделген адаптивті басқарудың жоспарланған технологиялары нақты уақыт режимінде процестерді визуализациялау және басқару мүмкіндігін ұсынады. Бұл энергия жүйесінің орнықтылығы қорларының мониторингін жүргізуге, ЭБЖ өткізу қабілетін барынша пайдалану есебінен энергия жүйесінің жабдығын тиімді пайдалануға, жүйе жай-күйінің ағымдағы параметрлері бойынша электр энергетикалық желіні басқарудың жаңа алгоритмдерін жасауға, энергия жүйесінің жай-күйін онлайн режимінде бағалауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет