Ќазаќстан республикасы


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар



бет33/98
Дата05.09.2020
өлшемі0,64 Mb.
#77148
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   98
Байланысты:
Банктегі бухгалтерлік есеп және есептілік

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Касса жұмысы қалай ұйымдастырылады?

2.Банк кассасына ақшаны қабылдау қалай жүргізіледі?

3.Кассадан ақшаны беру қалай жүзеге асырылады?

4.Кассадан ақшаның жіберілуінде қандай жазбалар жасалады?

5.Айырбас бөлімдерінде қандай операциялар орындалады және қандай жазбалармен рәсімделеді?

Әдебиеттер: (1) 115-126 бет, (2) 84-148 бет

Тақырып 8. Ақша ағымдарын дисконттау, Болашақтағы және ағымдағы құн
Дәріс сұрақтары:

1. Келтірілген құн тұжырымдамасы. Болашақ және ағымдағы құнды есептеу

2. Аннуитет. Аннуитеттің болашақтағы және ағымдағы құны.


1. Келтірілген құн тұжырымдамасы. Болашақ және ағымдағы құнды есептеу
Жалдау бойынша операциялар, не болмаса ұзақ мерзімді қаржылық салымдар секілді қаржылық операцияларды бағалауда бухгалтерлік есепте дисконтталған құн ұғымы пайдаланылады. Құн теориясында ең маңызды мәселе – оны анықтаудың әдісі болып табылады. Анықтаудың бірнеше әдісі бар:

1. Таза келтірілген құн.

2. Өзін-өзі ақтау

3. Активтердің баланстық құнына есептелген орташа пайда

4. Табыстылықтың ішкі нормасы

5. Пайдалылық коэффициенті

Ақша қаражаты ағымы дисконтталуының негізгі екі себебі бар: біріншіден, бүгінгі теңге ертеңгі күнге қарағанда қымбаттырақ, ал екіншіден, сенімді теңгеге қарағанда тәуекелдік теңгенің құны аздау. Ағымдық құн инфляцияға байланысты емес, себебі инфляция көрсеткіші 0-ге тең болған жағдайдың өзінде, ақшаның уақыт шеңберінде құны болады. Келтірілген құнның және таза келтірілген құнның формулалары бұл идеяны сандық тілде бейнелейді.

Р. Брейли және С. Майерстің «Корпоативті қаржы қағидалары» атты еңбегіндегі келтірілген құн тұжырымдамасын толықырақ түсінуге мүмкіндік беретін мысал келтірілген.

Мысал. Сіздің көппәтерлі үйіңіз жанып кетіп, сіз тек 50 мың доллар тұратын жер мен қолыңыздағы сақтандыру компаниясының 200 мың доллар сомасына жазылған чекпен ғана қалдыңыз делік. Сіз үйді қайта қалпына келтіруді ойладыңыз, ал сіздің жылжымайтын мүлік мәселелері жөніндегі кеңесшіңіз ескі үйдің орнына жаңа кеңселік үй салуды ұсынды. Құрылысқа кететін шығын 300 мың доллар болуы мүмкін және де жеріңізді 50 мың долларға сата алатыныңызды ескеру өажет. Сонымен бірге сіздің кеңесшіңіз болашақта кеңселік бөлмелердің сұранысы жоғарылап, бір жылдан кейін жаңа үйді сату 400 мың доллар әкелуі болжайды, яғни бүгінгі күні 350 мың доллар инвестициялау нәтижесінде, сіз алдағы жылы 400 мың доллар әкелуін күтесіз. Егер күтілген табыстың келтірілген құны 350 мың доллар инвестиция сомасынан асатын болса, онда бұл ұсынысты қабылдауыңыз қажет. Яғни сіздің алдыңыздағы тұрған мәселе – 400 мың доллардың бір жылдан кейінгі келтірілген құны қанша болады және оның келтірілген құны 350 мың доллардан аса ма деген мәселені ойлану.

Келтірілген құнды табу қиын емес. Табыстылықтың шекті нормасы немесе балама шығындар деп аталатын мөлшерлеме бойынша ақша қаражатының болашақ ағымын дисконттау ғана қажет.

Дисконт мөлшерлемесі капитал нарығындағы басым табыстылық нормалармен анықталады. Егерде ақша қаражатының болашақ ағымы сенімді болған жағдайда, дисконт мөлшерлемесі Үкіметтің борыштық міндеттемелері секілді бағалы қағаздар мөлшерлемесіне тең болады. Ақша қаражатының болашақ ағымының көлемі белгісіз болған жағдайда, күтілетін ақша қаражатының ағымын сәйкес тәуекелділігі бар бағалы қағаздардың табыстылығының нормасы бойынша дисконттау қажет.

Ағымдық және болашақ құнды есептеуде күрделі пайыз қағидаты қолданылады.

Жай пайыздар – алғашқы ақша сомасына қолданылатын пайыздар.

Күрделі пайыздар – қайта қаржыландырылатын пайызға алынатын пайыз, яғни несие немесе қаржы салымы бойынша төленетін пайыз, негізгі сомаға қосылады және нәтижесінде пайыз негізгі сомамен қатар алынған пайызға да төленеді.

Болашақ құн – қазіргі таңда инвестицияланған ақша қаражатының болашақтағы құны, яғни күрделі пайыз рәсімін пайдалану нәтижесінде бірнеше жылдан кейінгі инвестицияның құны.

Болашақ құнды есептеуде келесі формула қолданылады:



, мұндағы,

FV – инвестицияның болашақ құны;

PV – ағымдағы құн;

r - ағымдағы пайыздық мөлшерлеме;

n – пайыздарды есептеу жиілігі.

Мысал. Біздің жылдық 10 пайызбен ақша салуымызға мүмкіндігіміз бар деп қарастырайық. Бүгінгі салған 1 теңгенің 3 жылдан кейінгі құнын есептейік:

Үшінші жылдың соңында : 1* (1+0,1) *3=1,33 теңге болады.

Егер де бүгін 250 теңгені жылдық 10 пайызбен 8 жылға салатын болсақ, онда бұл салым 250*(1,1)*8=535,90 теңге алып келеді.

Ағымдағы құн – болашақ ақша ағымының дисконтталған құны. Дисконттау әдісін қолдана отырып, біз болашақ ақша ағымының ағымдағы құнын біле аламыз, яғни болашақта белгілі бір мөлшерлеме бойынша белгілі бір соманы алу үшін қазір қанша қаражат салу керектігін біле аламыз.

Ағымдағы келтірілген құнды есептеу үшін келесі формула қолданылады:



, мұндағы,

FV – инвестицияның болашақ құны;

PV – ағымдағы құн;

r - ағымдағы пайыздық мөлшерлеме;

n – пайыздарды есептеу жиілігі.

Мысал. 5 жылдан кейін 1 теңге алу үшін жылдық 10 пайызбен салатын қазіргі сомамызды анықтау керек, сонда / (1.10) = 1 / 1,61051 = 0,62092.

Алынған нәтиже 5 жылдан кейін 1 теңге алуымыз үшін, біз 0.62092 теңгені жылдық 10 пайызбен салуымыз керектігін көрсетіп тұр. Егер 1000 теңге алғымыз келсе (1000) * (0,62092) = 620,92 теңге салуымыз керек.

Таза келтірілген құн келтірілген құн мен мерзімі жақын ақша қаражаты ағымының қосындысына тең.



, мұндағы,

Со – мерзімі жақын ақша қаражаты ағымы;



С – егер мерзімі жақын ақша қаражатының ағымы инвестициялар, яғни ақша қаражатының кері ағыны болса, онда теріс мәнді болады.

Активтер құнын анықтаудың қалған төрт әдісі таза келтірілген құнының бәсекелестері болып табылады. Әрқайсысые жеке қарастырамыз.

Өзін- өзі ақтау әдісі.

Кейбір компаниялар инвестициялық шешім жасағанда, белгілі бір мерзім ішінде алғашқы инвестициялар өзінің құнын қайтаратын жобалармен ғана жұмыс істейді. Өзінің құнын қайтару (өзін-өзі ақтау) әдісі тар мақсатты болып табылады. Бұл әдісте өзін-өзі ақтау кезеңінде ақшалай қаражаттың қалыптасу тәртібі есепке алынбайды және де болашақ ақша ағымдары тіптен қарастырылмайды. Яғни бұл әдіс балама шығындарды қарастырмайды.

Мысал. Инвестициялаудың негізгі екі көзі бар: А және Б. Әрбір жоба 20 млн. теңге мөлшерінде алғашқы инвестицияны талап етеді және де әрбіреуі бірінші жылдан ақшалай қаражат ағымын бере бастайды. А жобасы үшін ақшалай қаражат ағымы 6,5 млн. теңгені құрайды және де бұл жоба 4 жылға жалғасады. Б жобасының ақшалай қаражаты 6 млн. теңгені құрайды, бірақ оның мерзімі 8 жыл. Менеджерлер әдетте А жобасын таңдайды, себебі бұл жоба тез арада өзін-өзі ақтайды, дегенмен де егер таза келтірілген құн әдісін қолданатын болсақ, Б жобасы А жобасына қарағанда тиімдірек.

Активтердің баланстық құнына есептелген орташа пайда. Кейбір фирмалар инвестициялық жобаларды пайдалылықтың бухгалтерлік пайдасы нормасы көмегімен бағалайды. Оны анықтау үшін жобадан болжанған орташа пайданы (амортизация мен салықтарды шегеріп) инвестициялардың орташа баланстық құнына бөлу қажет. Одан кейін бұл коэффициентті фирманың пайдалылығының бухгалтерлік нормасымен және тағы басқа сыртқы өлшемдермен салыстырады..

Табыстылықтың ішкі нормасы немесе дисконтталған ақша қаражаты ағымдарының табыстылық нормасы. Таза келтірілген құн табыстылық нормасы арқылы да көрініс табуы мүмкін, бұдан келесідей ереже шығаруға болады: «Табыстылық нормасы балама шығындардан жоғары барлық инвестициялық мүмкіндікті іске асыру». Бұл тұжырымдаманың мәні дұрыс. Дегенмен ұзақ мерзімді инвестициялық жобаға қатысты мәселе қиындай түседі, себебі ұзақ мерзімді активтердің нақты табыстылық нормасын табудың толық қанағатты әдісі жоқ. Келтірілген құн әдісіне ұқсас, бұл әдіс те ақша қаражатын дисконттауға негізделеді. Сондықтан да оны дұрыс пайдаланғанда тиімді нәтиже береді. Мәселе оның дұрыс қолданылмау мүмкіндігінде.

Пайдалылық коэффициенті немесе тиімділік- шығын коэффициенті. Бұл әдіс болжанған ақша қаражаты ағымының келтірілген құнының алғашқы инвестицияға қатынасымен анықталады.

Пайдалылық коэффициенті = PV / - Co

Бұл әдіс жобаны дисконтталған болашақ ақша ағымдарының инвестицияға қатынасы бірден үлкен болған жағдайда қабылдау қажет. Яғни компаниялар оң мәнді таза келтірілген құны бар жобаларды қабылдауы қажет. Бұл коэффициенттің жалғыз кемшілігі – келтірілген құн секілді қасиеті жоқтығында. Сондықтан да жобаны қабылдау барысында аса мұқият болу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет