Ќазаќстан Республикасы



бет167/172
Дата05.02.2022
өлшемі2,85 Mb.
#26253
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   172
10.14 Жақсылық Үшкемпіров
Жақсылық Үшкемпіров 1951 ж. Байзақ ауданының, Тегістік ауылында туған. Бірінші қазақ спортшысы, олимпиада чемпионы. 1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бірнеше рет греко-рим күресінен КСРО біріншілігінің жеңімпазы, КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы, 1981 Дүниежүзі чемпионы, 1982 жылы Дүниежүзі кубығының күміс жеңімпазы.
1974-1984 жылдар Қазақ КСР мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы. 1984 жылы Красноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
1984-1993 жылдары республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры. 1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры. Жақсылық Үшкемпіров КСРО спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Спорттағы жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдар, «Қазақ ҚСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді.


Тапсырмалар

1. Мәтін бойынша синквейн (5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.


2. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.
3. Көп нүктенің орнына жалғауларын қосыңыздар.
4. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.
5. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыздар.
6. Мәтіннен Сіз үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
7. Мәтіндегі етіс тұлғадағы етістіктерді көрсетіңіздер.
8. Мәтін бойынша кез келген сөздерді (сөйлемдерді) қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, синтаксистік талдау.
9. Мәтіннен сын есімдерді жазып алып, сапалық және қатыстық екенін белгілеңіз.
10. Мәтіннен зат есімдерді (қатысты сөздерімен) жазып алып, жалғауларының түрін анықтаңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет