Ќазаќстан Республикасы



бет164/172
Дата05.02.2022
өлшемі2,85 Mb.
#26253
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   172
10.12 Владимир Смирнов
Владимир Смирнов – 1964 жылы 7 наурызда, Көкшетау облысы Щучинск қаласында туған. Қазақстанның еңбек сіңген спорт шебері, Қазақстанның биатлон федерациясының президенті (2002-2010 жж.), шаңғы спортынан 1994 жылғы Олимпиада чемпионы, төрт дүркін Әлем чемпионы, төрт дүркін Олимпиада күміс жүлдегері, екі дүркін қола медаль иегері.
Қысқы Олимпиадаларда Қазақстанға егемендік алғалы жалғыз алтын медаль әкелген осы – Смирнов. Норвегиялық жоғары шаңғылық марапат – Холменколлен медалімен, Қазақстан Республикасының Екінші дәрежелі «Данқ» орденімен және «Халықтар достығы» орденімен марапатталған.
Ол әлемдегі ең күшті шаңғышылар – бірінші үштік тобына кіреді. Владимир Смирновтың таңқаларлық шеберлігіне барлық шаңғышылар қызығады.


Тапсырмалар

1. Мәтін бойынша синквейн (5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.


2. Алдыңғы мәтінмен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыздар.
3. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.
4. Мәтіннен бағытты, субъектіні, шығу мекенін бірлескен іс- әрекетті білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.
5. Берілген сөз тіркестерін сәйкестендіріңіздер:
Щучинск қаласында_____________________ иегері
еңбек сіңген _______________________президенті
«Халықтар достығы» орденімен _______марапатталған
таңқаларлық шеберлігіне _______________спорт шебері
екі дүркін қола медаль ______________________туған
Қазақстанның биатлон федерациясыны___қызығады
6. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.
7. Мәтіннен етістіктіктер мен есімшелерді жедел өткен шақ тұлғасына ауыстырыңыздар.
8. Мәтіннен келесі үлгімен жасалған сөздерді теріп жазыңыздар: түбір, тәуелдік жалғау, септік жалғау.



Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет