10.13 Дәулет Тұрлыханов Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО- ның жеті дүркін, 1987 жылғы Европа, 1987 және 1989 жылғы әлем кубоктарының жеңімпазы, 1988 жылғы XXIV Олимпиаданың күміс жүлдегері, 1992 жылғы XXV Олимпиаданың қола жүлдегері.
Дәулет Тұрлыхановтың грек-римдік күресте зор табыстарға жетуіне әрі бапкер, әрі тәрбиешісі болған әкесі Болат Тұрлыхановтың ықпалы зор. Өзінің спортпен айналысқан ғұмырында Дәулет әлем жеңімпаздарымен сайысқа түсіп, көптеген жеңістерге ие болған. Үш Олимпиадаға қатысты. Сеулдегі Олимпиада Дәулет үшін біріншісі. Ол онда күміс жүлдегер атанады. Атлантадағы Олимпиадада Дәулет Тұрлыханов жарысқа да қатысты, бапкер де болды. Өз командасына және сол Олимпиаданың жүлдегері болған шәкірті Юрий Мельниченкоға демеу бере білді.