Төленетін шоттар – жабдықтаушылармен есеп айырысу шоты. Кәдімгі қызмет барасында пайда болатын қайталанатын сауда міндеттемелері үшін қолданадды.
Берілген вексельдердің негізгі қайнар көзі – банктік ссуда және тауар мен қызмет үшін төлем. Вексельдер кепілмен қамтамасыз етелген немесе қамтамасыз етілмеген болуы мүмкін. Вексель пайыздық немесе пайыздық емес болуы мүмкін. Пайыздық вексельде пайыздық қойылым вексель сомасынан бөлек көрсетіледі. Пайыздық емес вексельде дисконтты қалыптастыру жолымен пайыз алдын ала төленеді және онда нақты пайыздық немесе пайыздық кіріс деп аталатын нақты пайыз нормасы жанама түрінде көрсетіледі.