Несиелер есебі бойынша шоттар корреспонденциясның кестесі
№
|
Шаруашылық операция мазмұны
|
Дебет
|
Кредит
|
1.
|
Несиелер ағымдағы банктік шотқа түсті
|
1030
|
3010, 3020,
4010, 4020
|
2.
|
Несиелер есебінен жабдықтаушы шоты төленді
|
3310
|
3010, 3020,
4010, 4020
|
3.
|
Ағымдағы банктік шоттан несие қайтарылды
|
3010, 3020,
4010, 4020
|
1030
|
4.
|
Займдарды пайдаланғаны үшін пайыздарды есептеу
|
7310
|
3380, 4160
|
5.
|
Пайыздарды төлеу
|
3380, 4160
|
1030
|
Есепті кезеңнің соңында 7310 «Пайыздар бойынша шығындар» 5610 «Қорытынды пайда (зиян)» шотымен жабылады.
Займдар шотының кредиті бойынша операциялар есебі үшін №4 журнал –ордер арналған. Оған бухгалтерлік жазбалар банк көшірмелері және басқадай ақша құжаттары негізнде жүргізіледі.
3. Салықтар, басқада міндетті және ерікті төлемдер бойынша есеп айырысулардың есебі
Ұйымдар бюджетпен төлемдердің әр түрлері бойынша есеп айырысулар жасайды: заңды және жеке тұлғалардан табыс салығы, ҚҚС, акциздер, жер салығы, және т. б.
Бюджетпен есеп айырысулардың есебі 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» бөлімшенің келесідей шоттарында жүргізіледі:
3110 - «Төленуге жататын корпоративтік табыс салығы»;
3120 - «Жеке табыс салығы»;
3130 - «Қосылған құн салығы»;
3140 - «Акциздер»;
3150 - «Әлеуметтік салық»;
3160 - «Жер салығы»;
3170 - «Көлік құралдарына салық»;
3180 – «Мүлік салығы»;
3190 - «Басқа да салықтар».
Шоттардың кредиті бойынша төленетін салықтар бойынша бюджетке кредиторлық қарыздар жөнінде ақпараттарды және енгізілуге тиісті сомаларды , яғни есеп беру айында есептелгендерін, ал дебет бойынша есепке жатқызылуға тиісті сомаларды немесе іс жүзінде бюджетке аударылған сомаларды көрсетеді.
3110 “Корпоративтік табыс салығы” шоты заңды тұлғалардан есептелген және аударылған табыс салығы сомаларын көрсетуге арналған. Шегерімдер мен жеңілдіктерді алып тасталған жылдық жиынтық табыс салық салу объектісі болып табылады. 3110 шоттың кредиті бойынша жыл соңында анықталатын, бюджетке енгізілуге тиіс табыс салығының сомалары 7710 «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар» шотымен корресподенциясында көрсетіледі. 3110 шоттың дебеті бойынша бюджетке аударылған аванстық төлемдер сомалары, ақша қаражаттарын есептеу (1010, 1030, 1060) шоттармен корреспонденциясында көрсетіледі. Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер 4310 шотта есепке алынады.
Бюджетке аударылатын жеке табыс салығының сомасына 3120 «Жеке табыс салығы» шот кредиттеледі және 3030 3350 және басқа шоттар дебеттеледі.
3130 - «Қосылған құн салығы» шоты бюджетпен қосылған құнға салық бойынша есеп айырысулар жөніндегі операцияларды көрсетуге арналған. Қосылған құн салығы жанама салықтарға жатады және тауарлар, жұмыстар, қызметтердің өндіру және айналым процесінде қосылған құнның өсімшесінің бөлігін бюджетке алу түрі болып табылады.
3130 - «Қосылған құн салығы» шотының кредиті бойынша 1210, 1220, 1230, 2110, 2130 шоттардың дебетімен корреспонденциясында сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге өткізілген өнім және басқа да активтер үшін көрсетілген топтар бойынша ҚҚС сомасы көрсетіледі, ал дебеті бойынша 1420 «Қосылған құн салығы» шотымен корреспонденциясында есепке жазылуға тиіс қосылған құн салығы сомалары, ал ақша қаражаттарының (1010, 1030 және т.б.) шоттарымен корреспонденциясында – бюджетке аударылған ҚҚС сомалары көрсетіледі.
Акциздік салық – сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |