4. Жабдықтаушылармен және алынған аванстар бойынша есеп айырысулардың есебі Жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауарлық-материалдық қорларды жеткізушілер немесе әр түрлі қызметтер көрсететін және әр түрлі жұмыстар орындайтын кәсіпорындар мен ұйымдар жатады. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар, әдетте, қолма-қол ақшасыз жолмен жүргізіледі. Есеп айырысу түрі келісіммен немесе шартпен анықталады. Есеп айырысудың негізгі түрлері мыналар: акцепті, аккредитивті, төлемдік тапсырыс бойынша, чектермен, төлемдік тапсырыспен жоспарлық төлемдер ретінде, өзара талаптарды есепке жазу ретінде, вексельдермен.
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар жөніндегі ақпараттарды көрсету үшін 3310 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық қарызы», 4110 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің ұзақ мерзімді кредиторлық қарызы» шоттары арналған. Бұл шоттың кредиті бойынша алынған тауарлық – материалдық қорлар, айналымнан тыс активтердің құны 1310, 1330, 2410, 2730, 7110, 7210, 8410 шоттарының дебетімен корреспонденциясында көрсетіледі. Алынған бағалықтар бойынша ҚҚС сомасы 3310, 4110 шоттардың кредиті және 1420 «ҚҚС» шотының дебеті корреспонденциясында бейнеленеді.
Жабдықтаушылармен және мердігерлер шотын төлеу 3310, 4110 шоттардың дебеті және ақша қаражаттарын есептеу бойынша шоттардың кредитімен (1010, 1030) көрсетіледі. 3310, 4110 шоттар бойынша операциялардың есебі үшін №6 журнал – ордер арналған. Шоттардың кредиті бойынша жазулар жабдықтаушылармен көрсетілген және төлемге қабылданған шот- фактуралар негізінде, жүкке ере жүретін құжаттар негізінде жүргізіледі.
Тауарларды жеткізуге не жұмыстарды орындауға алынған аванстар бойынша, сондай-ақ ішінара дайындығына қарай тапсырыс берушілер үшін өндірілген өніммен атқарылған жұмыстар өтемақысы бойынша есеп айырысулар үшін келесідей шоттар пайдаланады:
3510 «Қысқа мерзімді алынған аванстар»,
4110 «Ұзақ мерзімді алынған аванстар»
Алынған аванстар мен өнімді және жұмыстарды дайындау кезінде алынған төлемақы сомасына
Дебет шот 1030
Kредит шот 3510, 4410
Алынған аванстардың және толық дайын бұйымдарды, материалдарды жеткізгені және орындалған жұмыстар үшін, сатып алушылар мен тапсырыс берушілер шоттарды ұсынған кезде, есепке алынған ішінара дайын өнімдер мен жұмыстар бойынша төлем ақы сомасына
Дебет шот 3510, 4410
Kредит шот 1210
Егер алдағы уаққытта тауарлар жеткізуге, не жұмыстар мен қызметтерді орындауға, авансқа алынған төлемақы сомасын жабдықтаушы пайдаланбаған болса, бұл сома сатып алушыға қайтарылып берілуі тиіс, сонда шоттар корреспанденциясы
Дебет шот 3510, 4410
Kредит шот 1030
3510, 4410 шоттар бойынша операцияларды тіркеу №9 журнал –ордер кредиттік айналымдары үшін, №9 тізімдеме дебетттік айналымдары үшін қолданылады.