Қосылған құн салығы және акциздер есебі бойынша
шоттар корреспонденциясның кестесі
Шаруашылық операция мазмұны
|
Дебет
|
Кредит
|
Жабдықтаушының шоты төлемге қабылданды:
|
|
|
Шикізаттар мен материалдар құнына
|
1310
|
3310, 4110
|
ҚҚС сомасына
|
1420
|
3310, 4110
|
ҚҚС сомасы есепке жазылды
|
3130
|
1420
|
Ағымдағы банктік шоттан жабдықтаушы шоты төленді
|
3310, 4110
|
1030
|
Сатып алушыға өткізілген өнім немесе тауарлар үшін шот көрсетілді
|
1210, 2110
|
6010
|
ҚҚС сомасы және акциздер есептелді
|
1210, 2110
|
3310, 4110
|
Алынған ҚҚС және төленген ҚҚС және акциздер арасындағы айырма ағымдағы банктік шоттан төленді
|
3130
|
1030
|
Акциздердің есебі 3140 «Акциздер» шотында жүргізіледі. Акцизді есептеген кезде 1210, 2110 шоттары дебеттеліп, 3140 шот кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде 3140 шот дебеттеліп, 1030 шот кредиттеледі.
Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметтік салық есебі 3150 шотта жүргізіледі. Есептелген әлеуметтік салық мына шоттардың дебетінде 7110, 7210, 8110, 8210, 8310, 8410 және 3150 шоттардың кредитінде көрініс табады.
Бюджетке төленетін жер салығының есебі 3160 шотта жүргізіледі. Жер салығын есептегенде 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеліп, 3160 шот кредиттеледі. Салықты төлеу 1-шілдеден кешіктірілмей жергілікті бдюджетке төленгенде 3160 шот дебеттеліп, 1040 шот кредиттеледі.
Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеледі және 3170 «Көлік құралдарына салық» шоты кредиттеледі.
Мүлікке салынатын салық есебі 3180 шотта жүргізіледі. Есептелген мүлік салығына 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеледі де, 3180 – «Мүлік салығы» шоты кредиттеледі.
Салықтар бойынша міндеттемелер шоттарының кредиттік айналымдары №5 журнал – ордерде бейнеленеді.
Ұйымдар салықтық төлемдерден басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша да есеп айырысулар жүргізеді. Олардың есебі үшін 3200 бөлім шоттары арналған:
3210 - «Әлеуметтік салық бойынша міндеттемелер»;
3220 – «Зейнетақы қоры бойынша міндеттемелер»;
3230 – «Басқадай міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер»;
3240 – «Басқадай ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер».
Бұл шоттардың кредиті бойынша қарыздардың қалдығы және оның өсуі, ал дебеті бойынша – оның азаюы көрсетіледі.
Әлеуметтік сақтандыруға аударымдар 3210 - «Әлеуметтік салық бойынша міндеттемелер» шотының кредиті және ұйымның шығын шоттарының (7110, 7210, 8110, 8210, 8310, 8410) дебеті бойынша бейнеленеді. Міндетті зейнетақы жарналарын ұстау 3350 «Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді қарыз» шотының дебеті және 3220 «Зейнетақы қоры бойынша міндеттемелер» шотының кредитімен көрсетіледі.
Басқа міндетті бөлулер (жинақтар, баж салығы, төлемдер) 3230 «Басқадай міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер» тобы сәйкес шоттарының кредиті және 1310, 1330, 1350, 2410 шоттарының дебеті бойынша есепке алынады. Ерікті төлемдер есебі үшін 3240 – «Басқадай ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер» шоты пайдаланылады. Мұнда мүліктерді сақтандыру және негізгі және көмекші өндірістер жұмысшыларын сақтандыру төлемдері есептелінеді. Көрсетілген сомаларға 3240 шот кредиттеледі және 8410 «Үстеме шығындар» шоты дебеттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |