Мердігерлік тәсілмен негізгі құралдарды жөндеуге шығындардың есебі бойынша
шоттар корреспонденциясы
№
|
Шаруашылық операция мазмұны
|
Дебет
|
Кредит
|
1.
|
Негізгі құралдарды жөндеуге резерв есептелді
|
8410, 7110, 7210
|
3440 «Жөндеуге резерв»
|
2.
|
Негізгі құралдардың жөндеуін жүргізгені үшін мердігерлер шоты төлемге қабылданды
|
3440 «Жөндеуге резерв»
|
3310, 4110
|
3.
|
ҚҚС сомасына, 12 пайыз
|
1420
|
3310, 4110
|
4.
|
Мердігерлер шоты ағымдағы банктік шоттан төленді
|
3310, 4110
|
1030
|
5.
|
Шаруашылық тәсілмен орындалған резерв есебінен негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар қажетсіздендірілді
|
3440 «Жөндеуге резерв»
|
1310, 3350 ,1250
|
6.
|
Жөндеу цехында негізгі құралдардың жөндеуі орындалды:
қосалқы бөлшектердің, материалдардың шығыны
еңбек ақы есептелді
еңбек ақыдан әлеуметтік салыққа аудырымдар жасалды
үстеме шығындардың үлесі қажетсіздендірілді
|
8310
8310
8310
8310
|
1310
3350
3150
8410
|
7.
|
Құрылған резерв есебінен жөндеу бойынша шығындар есептен шығарылды
|
3440 «Жөндеуге резерв»
|
8310
|
Егер резерв құрылмаса, резерв бойынша шығындарды бірден сәйкес шоттардың (8410, 7110, 7210) дебетіне 3310 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық қарыздары» немесе 4110 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздары» шоттарының кредитінен апарады. Жылдың соңында резервтелген соманың артығына реверсивті жазба жасайды.
Негізгі құралдар субъект балансынан келесі жағдайлар нәтижесінде есептен шығарылады: жою; сату; айырбастау; тегін беру; сонымен қатар басқа ұйымдардың жарғылық капиталына жарна ретінде беру.
Өткізу құны мен баланстық құн, сонымен қатар өткізуге байланысты шығындар арасындағы айырма негізгі құралдарды өткізу немесе басқа да шығуынан табыс не зиян болып табылады.
Мысал. Бастапқы құны 50000 теңге жабдық жойылды. Жмнақталған амортизация сомасы 45000 теңге. Жабдықты бұзғаны үшін жұмысшыға 10000 теңге еңбек ақы есептеді. Әлеуметтік салық есептелінген еңбек ақыдан 20 пайыз мөлшерінде -2000 теңге аударылды. Металл қалдықтары алынды – 1000 теңге.
Осы операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей бейнеленеді:
1. Дебет шот 7410 Кредит шот 2410 5000
2. Дебет шот 2420 Кредит шот 2410 45000
3. Дебет шот 7410 Кредит шот 3350 10000
4. Дебет шот 7410 Кредит шот 3150 2000
5. Дебет шот 1350 Кредит шот 6210 1000
Жылдың соңында 7410 «Активтерді шығару бойынша шығындар» шотының дебеті және 6210 «Активтерді шығару бойынша табыстар» шотының кредиті бойынша есептелген барлық сомалар 5610 «Қорытынды пайда (зиян)» шотына есептен шығарылады.
6. Дебет шот 6210 Кредит шот 5610 1000
7. Дебет шот 5410 Кредит шот 7610 17000
Объектіні жоюдан қаржылық нәтиже 16000 теңге сомасына зиян болып табылады. Негізгі құралдарды сату қосылған құн салығын ескере отырып, өткізу бағасы бойынша есептеледі.
Мысал. Токарлық станок 43000 теңгеге (ҚҚС –сыз) сатылды, бастапқы құны – 60000 теңге, жинақталған амортизация – 20000 теңге.
Дебет шот 7410 Кредит шот 2410 40000
Дебет шот 2420 Кредит шот 2410 20000
Дебет шот 1210 Кредит шот 6210 43000
Дебет шот 1210 Кредит шот 3130 6450 (15 пайыз – 43000 теңгеден).
Негізгі құралдарды ақысыз- қайтарусыз беру зиндардың пайда болуына әкеліп соғады. Мұндай объектілердің баланстық құны сәйкес 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің шоттарының кредитінен 7410 «Активтерді шығару бойынша шығындар» шотының дебетіне есептен шығарылады. Жинақталғған тозу сомасы 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» шоттарының дебеті және 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі. Жыл соңында 7410 «Активтерді шығару бойынша шығындар» шоты бойынша дебеттік айналымы табыстың азайтылуына жатқызылады, яғни 5610 «Қорытынды пайда (зиян)» шотының дебетіне 7410 шоттың кредитінен.
Ақысыз тегін беруде салық салынатын айналымның мөлшері ҚҚС- сыз сату бойынша келісім күніне баға деңгейінен анықталады, бірақ оның баланстық құнынан төмен болмауы керек. Мысал. Станоктың баланстық құны 40000 теңге, жинақталған амортизация – 25000 теңге. Ол тегін басқа ұйымға беріледі. Баланстық құны 15000 теңге.
Дебет шот 7410 Кредит шот 2410 15000
Дебет шот 2420 Кредит шот 2410 25000
Дебет шот 7410 Кредит шот 3130 2250 (12 пайыз – 15000 теңгеден).
Ұйымдар бухгалтерлік есебі және есеп беру мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында әрдайым негізгі құралдарды түгендеу жұмыстарын жүргізіп тұрады. Арнайы құрылған комиссиялар жүргізетін түгендеудің міндетіне қарай негізгі құралдардың нақтылы қолда бары және техникалық жағдайы жөніндегі мәліметтер негізгі құралдарды түгендеу тізіміне жазылады және оның нәтижелерін салыстыру тізімдемесінде бейнелейді.
Түгендеу кезінде анықталған есепке алынбаған негізгі құралдар табыстың көбеюіне 2410 «Негізгі құралдар» шоттарының дебеті бойынша және 6280 “Басқадай табыстар” шотының кредиті бойынша бастапқы құнымен кіріске алынуы керек. Объектінің жұмысқа пайдалануынан бастап есептелген тозу сомасына 2410 «Негізгі құралдар» шоттарының дебеті және 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» шоттарының кредиті бойынша жазу жүргізіледі.
Негізгі құралдардың жетіспеушілігі, олардың шығуы сияқты көрсетіледі, бірақ қалдық құны кінәлінің мойнына жатқызылады. Жетіспейтін объектілердің баланстық құнына 1280 “Басқадай қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар” шоты дебеттеледі және 2410 «Негізгі құралдар» шоттары кредиттеледі. Кінәлілер мойнына жатқызылған жетіспеушіліктің баланстық құнына 1250 немесе 2150 шоттарының дебеті, 1280, 2180 шоттарының кредиті бойынша жазу жүргізіледі. Баланстық құн мен өтеліп алынатын сомалар арасындағы айырмашылық 1250 немесе 2150 шоттарының дебеті және 4420 «Алдағы кезең табыстары» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Өндіріліп алынған материалдық зиян сомасына 1010, 3350 шоттары дебеттеліп, 1250 немесе 2150 шоттары кредиттеледі және баланстық құн мен өндіріліп алынатын сомалар арасындағы айырмашылығына 3520 немесе 4420 шот дебеттеліп, 6280 «Басқадай табыстар» шоты кредиттеледі.
Инвестициялар есебі 1110 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары», 2000 «Ұзақ мерзімді қаржылықинвестициялар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі.
Тәуелді серіктестіктер өз инвестициясын іске асыру үшін мына әдістің бірін пайдаланады: Үлестік қатысу әдісі; Құндық әдіс.
Үлестік қатысу әдісі- инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза активтеріндегі өзгерістерде инвестордың үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының өсуін (кемуін) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза кірісінде (шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептегі табысқа (шығынға) жатқызылады.
Құн әдісі-инвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша көрсетілетін есептік әдіс. Инвестордың қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте инвестиция тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің жинақталған таза табысының сомасынан тиісті дивиденттердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |