Қазақстан республикасы


Білімді басқарудың автоматтандырылған «PLATONUS» жүйесінде жұмыс жасауға арналған нұсқаулық



бет5/7
Дата03.02.2017
өлшемі1,4 Mb.
#8673
1   2   3   4   5   6   7

5 Білімді басқарудың автоматтандырылған «PLATONUS» жүйесінде жұмыс жасауға арналған нұсқаулық


Университетте білімді басқарудың автоматтандырылған «Platonus» жүйесі енгізілген.

Білімді басқарудың автоматтандырылған «Platonus» жүйесі - қашықтықтан оқытуды қолдайтын жүйе (әрі қарай жүйе), төмендегі мүмкіндіктерді біріктіріп, Интернет/Интранетте оқу орталығын жасауға мүмкіндік беретін қазіргі заманауи бағдарламалық қамсыздандыру болып келетін - бағдарламалық тұғырнама, ол:



  • оқу курстарын тіркеуді;

  • білім алушыцлар мен оқытушыларды тіркеуді;

  • оқу материалдарын, тесттер мен жаттығуларды жасау және жариялауды;

  • үлгерімді есептеуді;

  • оқу кестені құру және басқаруды;

  • басқа да қажетті сервистер мен қасиеттерді қамтамасыз етеді.


Жүйеге кіру

1. Жұмысты бастамас бұрын колданушы алдымен браузерді қосу керек (Mozilla Firefox, Opera, Internet Explorer);

2. Браузердің мекен – жай жолағында жүйе орналасқан мекенжайды, ғаламдық шығу мүмкіндікке ие болған жағдайда http://edu.atu.kz теріп, ал жергілікті шығу мүмкіндігіне ие болған жағдайда http://192.168.120.150 теру қажет. Бастапқы бет шамамен келесi түрдi қабылдайды (1- сурет), бұл бетте тілді таңдап, келесі авторландыру беті ашылады (2-сурет).

3. Жүйеге кіру үшін авторландыру пішінінде жүйедегі рөлін таңдап (студенттер үшін: Білім алушы) лақап атын (әрі қарай – логин өрісіне) және құпия сөзін («Құпия сөзі» өрісіне) енгізіп, содан соң «Кіру» пернесін басу қажет. Логин мен құпия сөзді тіркеу Офисінде алуға болады, әр студент үшін логин мен құпия сөз жеке беріледі. Осы деректерді жоғалтқан жағдайда немесе жүйеге кіру мүмкіндігі жоқ кезде ақпараттық технологияларды басқару (АТБ) бөлімшесіне хабарласуыңыз қажет.



1 сурет - Жүйеге кіру (тілді таңдау)



2 сурет - Жүйеде авторландыру



Жүйенің интерфейсі

Авторланған соң келесі бет жүктеледі, ол жүйенің Интерфейсі (3-сурет). Сервердің барлық беттеріндегі жиынтық элементтер үлгісін жүйенің Интерфейсі пайдаланады. Бұл қолданушыға бағдарламада жеңіл қалыптасуға және жүйенің барлық мүмкіншіліктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

3-суретте негізгі элементтердің нұсқауы бар бағдарламаның үлгісі көрсетілген.

Қолданушының атқаратын қызметтер топтамасы

Қолданушының блогында (жоғарғы оң жақтағы бұрышта) қолданушы блогінің келесі мүмкіндіктеріне ие бола аласыз:



  • Кітапхана;

  • Чат;

  • Форум;

  • Басқа бетке;

  • Шығу.

Басты мәзір

Бұл қолданушының атқаратын әрекеттерін таңдаудағы басты құралы болып табылады. Білім алушы үшін оқу аудитория, журнал, оқу кестесі, жеке оқу жоспарлары, академиялық күнтізбе, транскрипт, апелляциялар және хабарламалар ұсынылған.



3 сурет – Жүйенің интерфейсі



Жеке мәліметтерді қарау және өзгерту

Қолданушы өздігінен өзгертулер енгізуге ыңғайлы қолданушының есептік жазбасында бірнеше қатарлық атрибуттар бар («Настройки» бейнесінде). Бұл қолданушының тіркеу карточкасындағы жолақтары:



    • логин;

    • құпия сөз.

Толығырақ «Platonus» ББАЖ-мен электрондық кітапханада танысуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет